ЖАЗБА ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ САВРОМАТ-САРМАТ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ Аңдатпа Савромат-сармат тайпасы б.з.д. VI-V ғасырларда Орал тауының оңтүстігі, Жайық, Еділ өзендері бойы және Батыс Қазақстан аймағында өмір сүріп, б.з.д. IV-III ғасырларда Каспий теңізінің солтүстігіне қарай қоныс аудара бастаған көшпелі тайпалардың бірі. Тарих кітаптарында аталмыш тайпаның бастапқыда савромат кейін сармат деп аталатындығы айтылады. Сондықтан ғалымдардың кейбірі савроматтар мен сарматтарды бір тайпа десе кейбірлері екеуі екі бөлек тайпа деген пікірді ұстанады. Бұл әрине өз басына бөлек бір мәселе. Біздер бұл мақаланы, савромат-сармат тайпаларының шығу тегін қарастыруға арнап отырмыз. Негізінен
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж. 156
савромат-сарматтардың шығу тегі мәселесі түйіні шиеленісіп, басы байланған тақырыптардың бірі десек болады. Дегенмен, Геродоттың еңбегінде келтірілген ақпарлар савромат тайпасының тарих сахнасына қалай шыққандығын мифтік тұрғыдан суреттеп береді. Сонымен қатар, бұл мәселенің түйінін шешу үшін ғалымдардың бір қатары археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, савромат-сарматтарды қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың мұрагері ретінде қарастырады. Бұл мақалада савромат – сармат тайпаларының шығу тегі антикалық деректер және кейіңгі кезде жазылған мақалалар негізінде қарастырылған. Түйін сөздер:савромат-сарматтар, Батыс Қазақстан, ежелгі жазба деректер, археологиялық деректер, көшпенділер, қорым, оба, мәдениет. М.Гурсой¹ ¹PhD, Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда Ясави, научно- исследовательский институт археологии, muzaffer.gursoy@ayu.edu.kz