Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет216/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
207 
Керісінше, Әмудария жағалауындағы қазақтардың сыртқы киім түрлері біршама өзгеріске түсіп отырған. 
Мәселен, қалалық өзбектерге еліктеген ауқатты қазақтар сәлде, Бұхар, Хиуа шапандарын киген. Ал, ХХ 
ғасырдың 40-50 жылдарында қазақтарда шапанның тік жағалы, алды үшбұрыш болып келген, етегі 
кеңдеу, тізеден асатын үлгідегі түрі киілсе, ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бері қарай жаппай ойма жағалы, 
сырылып тігілген өзбек шапандарын кию кең өріс алған. Түркіменстан, Өзбекстандағы қазақтарда 
өзбектер сияқты сыртқы киімнің белін екі-үш метрден тұратын ақ не бөз шүберек белбеулермен 
байлайтын. Өзбекстан қазақтарындағы көп киілетін бас киімнің түрі-тақия, ол ХХ ғасырдың 40-50 
жылдарына дейін қазақ арасында кең қолданысқа ие болса, оның сыртынан ақ орамалмен байлау да көп 
кездесіп отыратын. Алайда, сәлдені қазақтарда үлкен қариялар мен молдалар орасан өзбектерде орта 
жастағылар мен қариялар да күнделікті, ал үйленген жас өзбек жігіті алғашқы бірінші айда үнемі сәлде 
салып жүретін болған. Сонымен, қазақтардың бас киіміне қарау арқылы олардың Орта Азияның басқа 
халықтарынан киім кию үрдісі арқылы ажыратуға болатынын айтуымыз керек [12]. 
Өзбекстандағы қыз-келіншектер мен әйелдердің өзіндік киім кию үрдісі басқаша айтқанда, Қазақстан 
қазақтары сияқты емес, кимешекті мейлінше аз қолданды. Келін болып түскен сәтінде сәукеле, бөрік не 
тақия сыртынан жабылған орамал салатын болған. Сонымен бірге, өзбектердің киім кию үрдісіне жақын 
киінуге тырысатын. Былайша айтқанда, жергілікті жердің салт-дәстүрлерінің ықпалы айқын сезілетін. 
Мәселен, Хиуа шекарасына жақын жерлердегі қазақтар биік түркімен бас киімін, өзбектерге көршілестері 
чалма орайтын.
Өзбекстан қазақтарының қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығына орай өзіндік ас мәзірі мәдениеті 
дамыды. Көбіне-көп өзбек ұлтының дәстүрлі ұлттық тағамдары етене кіріккен ас дайындау үрдісі 
қалыптасты. Нанның қатырма, пәтір, таба, тандыр нан, бауырсақ, жұқпа нан т.б. түрлерін дайындады. 
Сонымен бірге Өзбекстан қазақтары нарынды күнделікті ас мәзірінде көп тұтынды. Өзбекстанның 
Зерафшан төңірегіндегі қазақтар «май күлше» аталатын ас-тағамды қолданды. Ол, біздіңше, кәдімгі «нан 
салма» дейтін тағам деуге болады. Өзбекстан қазақтары, әсіресе, сусын ретінде бидайдан, тарыдан, 
күріштен жасалған көжені пайдаланды.
Сонымен Өзбекстан қазақтарының дәстүрлі шаруашылығы мен материалдық мәдениетін зерделей 
қарастыра келіп, өзіндік қорытынды жасаймыз. Яғни, ертедегі және бүгінгі Өзбекстан қазақтарының 
қоныстарында, баспаналарында, киімдерінде, тағамында дәстүрлі ұлттық мәдениет белгілері сақталды 
десек те, ол жергілікті халықтың мәдениетімен қабысып, соның кейбір элементтерін бойына сіңіргенін 
айтуымыз қажет.
Өзбекстан қазақтарының отбасылық мәдениеті жалпыұлттық негіздерге жақын екенін байқауға 
болады. Қазақ отбасыларының өзіндік ерекшелігі, қанша шағын болғандығына қарамастан, қарашаңырақ-
та бір баланың қалуы міндетті болатын. Құдасын құдайындай сыйлап, құтты төріне отырғызған қазақтар 
оларды «нарын құда» немесе «құрсақ құда» деп көтермелеп мәртебесін асқақтатқан. Мұндай үрдіс әсіресе 
қарақалпақ қазақтарының арасына кең тараған [13]. Алайда, құдалықтың бұл түрі бүгінде көп кездесе 
бермейді. Кейбір мәліметтерге құлақ түрсек, қарақалпақ қазақтарының ішінде жаңа дүниеге келген қос 
нәрестені қатар алып, бір-бірінің құлағын тістету арқылы құдалықтың бесік құда түрін рәсімдейтін 
болған.
Қыз ұзату немес алып қашу үрдістерінің қалыптасқан өзіндік әдет-ғұрыптық, жөн-жоралғылық 
белгілері дамыды. Мәселен, ертеректе қарақалпақ қазақтары некені құда түсу арқылы бекітсе, ХХ 
ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап оны алып қашып үйлену секілді салтқа негіздеді. Өзбекстан 
қазақтарының жергілікті өзбектерден айырмашылығы, қанның тазалығын сақтауға қатты мән берген-
дігінде. Яғни, жетіден он екі атаға дейін қыз алыспау салтын бұлжымас заңдылыққа айналдырды.
Халқымыздағы игі дәстүрлердің бірі-келін босағаны аттамай тұрып, беташарды жөн-жолымен өткізіп 
болған соң ғана оң аяғымен ішке кіргізетін болған. Осындай үрдіс Шыршық өңірінің қазақтарында әлі де 
кездеседі. Ал Қарақалпақстан қазақтары келінді беташарға шығарарда үш орамал жауып шығаратын. 
Біріншісі, қызыл орамал, қыз белгісі, екіншісі ақ орамал, келін болдың дегені, үшіншісі де ақ орамал, 
басың енді ағарды дегені болуы керек. Керісінше, Қарақалпақстанның Шатырақ ауылында келіннің 
алдына ұршық не арқан қоятын болған. Оның мәнісі түскен келіннің мінезі ұршық пен арқан сияқты 
иіріліп тұрсын деген ырымнан туған [14]. 
Қазіргі кезеңде Әмудария жағалауындағы аралас некенің таралған жері-Орталық Нүкіс-Қоңырат, 
Ходжелі, Шымбай, Қараөзек, Тақтакөпір, Мойнақ аудандары. Мұндай неке қарақалпақ, қазақ арасында 
көп таралған. Қарақалпақстанның солтүстік батысында Қоңырат, Шуманай, Ходжелі аудандарында 
қарақалпақ-өзбек, қарақалпақ-қазақ, өзбек-қазақ некесі, сондай-ақ, Беруни, Төрткүл, Элликкала 
аймағында да өзбек-қазақ, қарақалпақ-қазақ некелері кездесетіндігін А.Е. Бижанова өз зерттеуінде 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
208 
көрсетеді [15]. Шындығында аралас некенің қай-қайсысы да Өзбекстанның шеткері аймақтарында 
болмаса, ішкері жағында жоққа тән.
Өзбекстан қазақтарында жаңа түскен келінге байланысты бірқатар ырымдар қалыптасқан. Мәселен, 
жаңа келіннің алдына бала отырғызу оның ертерек құрсақ көтерсін дегені болса, ұл бала бітсін деп 
сойылған малдың ұлтабарын жегізу дәстүрге айналған. Сонымен бірге, жаңа келіннің төсегіне баланы 
аунатып алатын ырым да болған. Қарақалпақстан қазақтарында жеңгелері келін қуыршақ жасап, жас 
нәрсетені орамалға орап жігіт жағына сататын ырым дамыған. Мұның өзі екі жасқа нәресте тілеу 
ұғымынан туындаған.
Өзбекстан қазақтарындағы күні бүгінге дейінгі дәстүрдің бірі-құрсақ шашу. Ол әйелдің тез 
босануына жасалатын жарысқазан ырымымен қабысып жатыр. Осы тұрғыда әйелді босандыруға қатысты 
оның шашын тарқату, барлық түйіндерін шешу, түйме біткенді ағыту т.б. үрдістер жүзеге асырылды. 
Толғатып жатқан әйел болса отқа май салу, адыраспан түтету тәрізді ғұрыптар да кең етек алды. Ал, 
Қарақалпақстанның Жаңаарық ауданында әйел босанып жатқан бөлменің төрт бұрышына мақта 
жабыстыратын болған, егер ол түсіп қалса, әйел тез босанады деген сенім қалыптасқан. Осындай ырым –
дәстүрлер Бұқара тәжіктерінің арасында да кездесіп отырған. Хорезм төңірегіндегі қазақтарда бала 
тұрмай немесе туған бала көп ауыратын болса, әйелдің шашын кесіп, мазарға апарып көму ғұрпы болған. 
Бұл-әулие-әмбилер қолдасын деген ырым.
Өзбекстан қазақтарының бақилыққа аттанған адамдарды жерлеудің өзіндік рәсімдері болған. Ол 
негізінен елдің аумақтары бойынша әдет-ғұрыптық негізде аз-кем өзгеріске түсіп отырған. Өлікті Өзбек-
стандағы қазақтар «мәйіт» десе, оның соңғы бақұлдасуын «араздасу» деп атаған. Қысқаша айтқанда, 
Өзбекстан қазақтарының жерлеу ғұрпы осы күнгі қазақтардың жерлеу салтымен тікелей сабақтасып 
жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет