Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет255/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Кіріспе. Әр аймақтың тарихын зерттеу барысында ең алдымен тоқталатын мәселелердің бірі 
сол өңір тұрғындарының қалыптасу тарихы. ХХ ғасырдың 50-80 жылдары демографиялық апаттар 
аяқталып, демографиялық дамулар алға ілгерілеп, қазіргі егеменді демографиялық жүйенің 
қалыптасуының негізі болды. Мақалада негізге 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысына біріккен 
территориялық аумақтар, Шығыс Қазақстан және Семей облыстары алынды. 1959 және 1989 
жылдардағы бүкілхалықтық халық санақтары алынып, осы екі кезеңді салыстыра отырып, екі 
кезеңдегі динамикалық өзгерістер, ұлттық құрам, әсіресе облыстағы басым ұлтты құрайтын қазақ 
және орыс ұлттарының сандық ерекшеліктері қалай жүрді? Жас жыныстық құрылымда қандай 
жастар басым, қай жерлерде толқу бар? Халықтың қалаға көшу әсерінен қала саны қалай өсуде? Екі 
облыс арасында қандай ұқсастықтар немесе айырмашылықтар орын алды? деген мәселелер 
көтерілген. 
Тарихи демографиялық зерттеулерде жалпы Қазақстанда 1950-1960 жылдардары 
«демографиялық жарылыс» болғаны туралы жалпы айтылғанымен, алайда, аймақтық ерекшеліктері 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
245 
жеке алып талданбаған. Қазақстанның шығыс өңірі халқы динамикасының өзгеруін, этникалық және 
жас-жыныстық құрамын қарастыру мақаланың негізгі мақсаты болып табылады. 
1950-1980 жылдардығы демографиялық үрдістердің қазақтардың тәуелсіз демографиялық жүйе 
қалыптастыруындағы алғышарттары болып табылады. Қазіргі таңда қалыптасып отырған 
демографиялық үрдістердің қайнары осы 30 жылдықтың жемісі болды. 1950-1980 жылдары туған 
балалар қазіргі адам сапасы деңгейінде маңызды рөл атқарып, қазіргі ұлттық жас құрамын құрап 
отыр. 
Бүкіл республикада демографиялық ахуал қарқынды дамыды, алайда әр аймақтық өзіндік 
ерекшелігі болды. Соның ішінде, Қазақстан шығыс аумағында өзіндік ерекшелігімен бөлек бағытта 
болды. Шығыс Қазақстан және Семей облысында қазақтар саны аз болды. Ал славян тектес ұлттар 
саны басым болды. Оның бірден-бір себебі миграциялық үрдістер болды. 1950-1960 жылдардағы 
демографиялық үрдістер «демографиялық толқындар» нәтижесі болып келесі онжылдықтарта қазақ 
этносының негізгі өсім көрсеткішіне үлкен әсер етті. 
Халықтың демографиялық әл-ауқаты, халық санының өсу динамикасы елдің әлеуметтік- 
экономикалық жағдайын жоспарлауға, қоғамның болашағын болжауға әсер етті. Мақаланың 
өзектілігі 1950-1980 жылдары орын алған демографиялық процестердің өңірдің демографиялық 
ахуалын анықтаудағы маңызды тарихи кезең барысын зерттеуге негізделген. Осы кезеңдегі Қазақстан 
шығыс өңірінде орналасқан екі облыстың (Шығыс Қазақстан облысы және Семей облысы) аймақтық 
ерекшелігі, демографиялық ахуалы толық зерттелмеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет