Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
46
екінші тармағында «жаңадан ашылып жатқан мектептерде ұлты татар мұғалімдер өздерінің мектептеріне
өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз, т.б. Түркістан өлкесінде тұратын ұлттардың балаларын қабылдауға тыйым
салынды. Сондай ақ, өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз т.б. мектептерде татар
мұғалімдеріне сабақ беруге
болмайтыны» ескерілді [31,90]. 1876 жылы 6 ақпан күні фон Кауфман халық ағарту министрі
Д.А. Толстойға жазған хатында орыстандыру саясатын жүргізуде бәсекелестер болып тұрған қазан
татарлары қызметін шектеу үшін "мұсылман әдебиетін басып шығаруға және таратуға тыйым салуды"
сұраған болатын [32, 10]. Жаңа әдісті оқу орындарын ашу үшін халық училищелері инспекторының
арнайы рұқсаты қажет болды. Мектептерде орыс тілін оқыту керектігі ескерілді. Осы ережелер негізінде
патша өкіметі халық ағарту саласында мұсылман медресе-мектептерін аралас орыс-түземдік
мектептермен алмастыруға тырысты. Мұсылмандық оқу орындарын жабу себептерін табу үшін оларды
жиі тексеріп тұрды. Инспекторлар әр бір тексеріс нәтижесіндегі табылған түрлі кемшіліктер туралы, көп
жағдайда санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкестікке байланысты, жеткізіп отырды. Мұсылмандық
білім беру орындарды бақылауда ұстау үшін тіпті арнайы тыншылар да жіберілген болатын.
1910 жылы жергілікті халық арасынан білім алып отырған оқушылар
саны бойынша ең көбі
Түркістан қалалық училищесінде болды. Училищедегі 82 оқушының 28-і (34%) жергілікті тұрғындардың
балалары. Олардың 23 қазақ, 4 өзбек, 1 татар. Түркістан қаласында 1897 жылғы санақ бойынша жалпы
халық саны 11253 адам болса, орыс ұлты тұрғындарының жалпы саны 312 адам (2,8%) болды [34, 129].
1912 жылы Түркістан қаласындағы жаңа әдісті мектепте ұл балдар мен қыз балдарға арналған арнайы
бөлімдерінде жалпы 60 оқушы білім алды [33, 260]. 1917 жылға қарай Түркістанда жергілкті халыққа
қызмет көрсетіп отырған мектептердің үш түрі болды: 1) мұсылмандық мектептер мен медреселер; 2)
жаңа әдісті мектептер (жәдидтік); 3) зайырлы орыс-түземдік мектептер [35, 348].
Достарыңызбен бөлісу: