ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
51
талдауға мұрындық бола алады. Оған әсіресе қосалқы тарихи пәндердің әдіс-тәсілдерін кіріктірер болса,
мәселені әр қырынан сипаттауға мүмкіндік береді. Айта кету керек, ғылыми
ізденісте жалпы ғылыми
әдістер (тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, сыныптама, типологизация, т.б.) және олардың
арнайы әдіс-тәсілдері жиі қолданылды. Ал жалпы теориялық ұстындарға келетін болсақ, олар мақаланың
мақсаты мен міндеттерінен туындады. Мақалада негізге алынған Кеңес одағы МХР арасындағы саяси-
әлеуметтік жайттар ізденістегі ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады және бұл мәселе
МХР дың
жалпы қалыптасып дамуымен бірге өрбітіліп, жалпы теориялық ұстындардан шет қала қоймады.
Заманауи ғылыми ізденістерде этногенез бен этномәдениет мажарлардың тарихи тағдыры сауалдары
айналасында қарастырылып келе жатқандығы жасырын емес. Ғылыми ізденісте МХР-дың дамуының
жалпылама заңдылықтарын айқындауға мәнберілді. Алайда заңдылықты түрлі методология-лық
мектептің өкілдері әртүрлі түсінетіндігі де белгілі. Позитивизм бойынша заңдылық оқиғалардың
бағдарланған
дамуы ретінде мәнге ие болса, диалектика заңдылықтың ішкі қарама-қайшылықтарына
ерекше мән беруімен ерекшелінеді. Сол себепті моңғол халықының этномәдениет сауалдарды
қарастырылған кезде осы методологиялық ұстанымдарға ерекше көңіл бөлінді. Яғни, қарастырылып
отырған мәселеге байланысты негізгі заңдылықтарды анықтау арқылы тарихи танымға қол жеткізуге
деген ұмтылысты көруге болады.
Моңғол халқының жалпы ортағасырлық тарихынан түркі халықтарымен саяси және мәдени
байланыстарын айшықтау үшін бірқатар тарих ғылымына ортақ әдістер пайдаланылды.
Оның ішінде
этномәдени ықпалдастықтардың бағыт бағдарын айқындауда салыстырмалы әдіс, талдау, тарихилық әдіс-
тәсілдері, жүйелеу, әдебиеттерді жинақтау және объективті баға беру, деректерді ішкі және сыртқы
формасына қарайсынау, дискурсивті әдістер қолданылды. Сонымен қатар, моңғолдардың кеңес
одағымен арасындағы мәселелерді қарастыру барысында этноәлеуметтанулық
зерттеу әдістері пайда-
ланылды. Соның ішінде моңғол халқының әлеуметтік ахуалын өзара бірегейлігін анықтау мақсатында
қоғамдық ғылымдарға тән этномәдени шекараларды анықтау, мәдени ара-қашықтықтың алыс-
жақындығы сияқты методологиялық ұстанымдар қолданылды.
Моңғолия десек ойымызға бірден Шыңғыс хан келетіні анық. Иә олар осыдан он ғасырға жуық
жарты әлемді бағындырған ұлы қайраткердің ұрпағы. Бүгінгі күнде де Моңғолияның территориясы тым
кішкене депте айта алмаймыз. Жер аумағы бойынша әлемде 18 мемлекет. Моңғолия Орталық Азияның
шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі
Ресей Федерациясымен, ал оңтүстігі, шығысы, батысы Қытай
Халық Республикасымен шекараласады. Географиялық орналасуына байланысты бұл мемлекеттің жер
аумағы қызықтыратын тиімді стратегиялық пункт. Моңғолия осы екі елдің ортасында орналасқандықтан
геосаяси жағдай шымшытырық оқиғалармен жалғасып отырды. Сондықтан екі алып империяның саяси
ойындарының нәтижесінде саяси дербестік мәселесі кенже қалып отырды. Дегенмен Моңғолия да КСРО
үлгісімен дамыған мемлекеттердің бірі. Моңғолия бүгінгі күнде демократиялық бағытты ұстанған
тәуелсіз мемлекет 4 миллионға жуық халқы бар. 1920-1990 жылдар аралығындағы 70 жылға жалғасқан
екі ел арасындағы саяси қарым қатынас жайлы Моңғолия тарихшылары
мен қатар көптеген шетелдік
тарихшылар, көптеген халықаралық ұйымдар тарихи зерттеу еңбектерін жазған болатын. Бұл тақырыпқа
байланысты Michael Dillon Political History of the land and it’s people Стивен Коткин, Брюс Аллен
Эллеманның ХХ ғасырдағы Моңғолия, С.Л. Кузьмин, Ж.Оюунчимэг Социализмге қарсы көтеріліс (1932
жыл) деген сияқты тамаша еңбектерді атап айтуымызға болады. Ия бұл еңбектер барлығы дерлік
Моңғолияға қатысты оның сыртқы елдермен қарым қатынасы туралы болсада, жүгінген деректерге және
автордың жеке көзқарастарына байланысты оны қортындылау деген мәселелермен ерекшеленеді.
Мысалы бірі Ресей Монғолияның дамуына зор үлес қосты десе біреулері керісінше Монғолияның
Ресейден шеккен азабының басым екенін айтады. Біздің бұл мақаланы жазудағы басты мақсатымыз
тарихта болған осынау жағдайларға шама шарқымыз келгенше өз көзқарасымызды білдіру.
Тақырып
“КСРО және Моңғол халық республикасы арасындағы қарым қатынастарының алғы шарттары”
болғандықтан екі ел арасындағы саяси қарым қатынастың басталуы яғни 1924-1940 жылға дейінгі
жылдарға ғана тоқталып өтуді жөн санадық. КСРО және Моңғолия арасындағы саяси қарым қатынас
негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Біз осы мақалада 1921-1939 социализмнің бастапқы
кезеңі яғни I кезең шеңберіндегі мәселелерді қарастыратын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: