Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет60/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Талқылау: 
Екі ел арасындағы саяси қарым қатынас нәтижесінде көптеген жұмыстар жасалды. КСРО 
Моңғолия одақтастық тарихындағы тағы бір елеулі оқиға халхын гол (халха өзен) шайқасы болды.
Халха 
өзеніндегі шайқас Ресей мен Моңғолия арасындағы көп ғасырлық достықтағы шешуші оқиға болды.
Қиын-қыстау кезеңде бір-біріне көмек қолын созып, екі ел ағайын-туыс болып, дала халқының тәуелсіз 
мемлекет құруына атсалысып, екі елдің болашағын айқындаған тарихы бар. Халхын гол шайқасының 
басталуы және оның нәтижесі туралы да әркім әр түрлі көзқараста ойлайды. 
Бұл шайқастың баста-
луының негізгі себептерінің бірі 1939 жылы 
Барған сайын агрессивті бола бастаған Жапонияның 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
56 
Транссібір темір жолына тосқауыл қоюы Кеңес үкіметін қатты үрейлендірді. Кейінірек Сталин 1945 
жылы Чан Кайшидің ұлы Цзян Цинге: «Сыртқы Моңғолия тәуелсіз болуы керек еді, өйткені ол Кеңес 
Одағы үшін өте маңызды стратегиялық орталық болды. Егер басқыншылар Моңғолияға басып кіріп
Транссібір темір жолын кесіп тастаса, Кеңес Одағы жойылар еді». Шынында да, Маньчжурияны алған 
жапондар Моңғолия Халық Республикасын, Ішкі Моңғолияны, Шыңжаңды басып алып, КСРО мен 
Қытайды толығымен бөліп тастауы мүмкін еді. Сондықтан Кеңес өкіметі Жапонияны Қытай Халық 
Республикасынан, яғни Транссібір темір жолы мен Байкал көлінен алшақ ұстауға, Қытайдағы қытай-
жапон соғысын Моңғолия шекарасынан барынша алыстатуға мүдделі болды. Маньчжурия мен Ішкі 
Моңғолияны басып алған жапондықтар кеңес-қытай тікелей байланысын үзуге жақын болды. Алайда 
Сталин қытайларды қолдап, соғысты ұзартқанша Қиыр Шығыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қос 
ойын ойнады. Ал Сталинге келсек, ол соғыстың екі жағымен жақсы қарым қатынаста болып, егер соғыс 
Қытай үшін толық жеңіліспен аяқталса, бұл Сталин үшін үлкен қауіп төнетін еді. Сондықтан ол бүкіл 
Қиыр Шығысты қамтитын үлкен қорғаныс жүйесін құруға шешім қабылдады. Бұл қорғау жүйесіне 
Моңғолия Халық Республикасы да кірді. Бұл мақсатқа Моңғолияның қыңыр басшыларын көндіріп, 
қызылдар армиясын Моңғолияға кіргізу арқылы өз мақсатына қол жеткізді. Жалпы оқырманға ескертетін 
мәселе Моңғолияның бүгінгідей ел болып қалыптасуына КСРО тарапынан көптеген игі істер жасалғанын 
ешкім жоққа шығара алмайды. Көптеген өндірістер, жұмыс орындардың ашылуы деген сияқты мәселе-
лердің бәрі ел өркеніне зор үлесін қосқаны анық, дегенмен көмек тек бір тараптан болған жоқ. Мәселен,
Моңғолия Халық Республикасы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағына көмек жіберді, Бүкіл 
ел бойынша мал, ет, тері, киім-кешек, қолма-қол ақша, алтын сыйға тартылды. 1942 жылдың аяғында ғана 
Мәскеуге 236 вагоннан тұратын төрт колонна жеткізілді, олардың әрқайсысында 30 мың қой терісі, киіз 
етік, тон, 600 тонна азық-түлік, оның ішінде 27 мыңға жуық қарақұйрық бар. Моңғолдар қолма-қол 2,5 
миллион төгрөг және 100 000 АҚШ долларын және 300 кг алтын, 53 танктен тұратын революциялық 
моңғол танк бригадасы, оның ішінде 32 ең мықты деп танылған Т-34 танкі болды. Соғыс кезінде моңғол 
халқы Қызыл Армияға 485 мың жылқы сатып, 32 мың мініс атын сыйға берді. Бұл моңғолдардың ортақ 
жауға қарсы күреске барынша атсалысқандығының белгісі. Ал 1939 жылғы Халха өзеніндегі соғыста 
кеңес-монғол біріккен әскері жапон әскерлерін талқандады. Осы шайқастың нәтижесінде Кеңес Одағы 
Жапониямен бейтарап келісімге қол қойды. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы күндерінде Қытай 
Халық Республикасы Кеңес Одағымен бірге Жапонияға соғыс ашты. 1945 жылы Иосиф Сталин мен Чан 
Кайши Жапонияға қарсы одақ құрды, сол кезде Қытай Халық Республикасы Моңғолияның тәуелсіздігін 
мойындады. 1952 жылы 26 қаңтарда Чойбалсан Хорлоо Мәскеуде қайтыс болғанда, билік Юмжаа 
Цеденбалға өтті. Содан бері салыстырмалы тыныштық орнады. 1961 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына 
мүше болып, Батыс елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Сонымен бірге 1960 жылдары КСРО 
мен Қытай арасындағы қарым-қатынас үзіліп, Моңғолия Кеңес Одағына мүше болды. 
 
Жалпы сөз соңын қортындылай келе оқырманға ескертетін мәселе Моңғолияның бүгінгідей ел болып 
қалыптасуына КСРО тарапынан көптеген игі істер жасалғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Көптеген 
өндірістер, жұмыс орындардың ашылуы деген сияқты мәселелердің бәрі ел өркеніне зор үлесін қосқаны 
анық, дегенмен көмек тек бір тараптан болған жоқ. Моңғолия тарапынан да Ресейге жұмыс күші ретінде, 
шикі зат ретінде де өте көп мөлшерде қайтарымсыз жәрдемдер көрсетілді. Бұның өзі бір мақалаға жүк 
болатын мәселе болғандықтан бәрін бір тақырып аясында баяндау мүмкін болмады 
[10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет