Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г


BERLIN-BAGHDAD RAILWAY CONSTRUCTION PROJECT AND ITS IMPACT



Pdf көрінісі
бет64/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

    Бұл бет үшін навигация:
  • Keywords.
BERLIN-BAGHDAD RAILWAY CONSTRUCTION PROJECT AND ITS IMPACT
ON INTERNATIONAL POLITICS 
Abstract 
In the last quarter of the 19th century, political relations between the Ottoman Empire and Imperial Germany 
reached a high level and developed at a very fast pace at that time. One of the main directions of political relations 
between the empires was the construction of the Berlin-Baghdad railway, built at the turn of the 19th-20th 
centuries and called the "Project of the Century". The article examines the political significance of the Baghdad 
railway project for the Ottoman Empire and Germany. In addition, the international character and impact of the 
railway project is demonstrated, and a historical analysis of the intervention of world empires in the project is 
made. One of the main objectives of the article is to study the political positions of Great Britain and France on the 
political projects of Germany and the Ottoman Empire to extend the Anatolian railway to Baghdad and 
international issues arising in connection with this project. 
Keywords. Baghdad railway, International politics, Ottoman Empire, Germany, Imperialism. 
Кіріспе 
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Осман империясы Кайзерлік Германия арасындағы саяси-
экономикалық байланыстардың нығаюына байланысты герман үкіметі османдық Шығыста өзінің 
экономикалық жобаларын жүзеге асырды. Ол үшін осман үкіметінен Анадолы жеріне теміржол желілерін 
салуға келісімін алып, оны салуға көмектесті. Анадолыда салынған теміржолдар әуелде батыста Балқан 
провинцияларына, Шығыста Анадолы жеріне келіп тоқтайтын еді. ХІХ ғасырдың соңына қарай күшейіп, 
Еуропада қуатты мемлекеттердің біріне айналған Германия Анадолы теміржолын батыста Берлинге
шығыста Бағдатқа дейін ұзарту туралы ұсыныстарын осман үкіметіне білдірді. Бұған дейін салынған 
Анадолы теміржолын Батысқа және Шығысқа қарай ұзарту Осман империясы үшін де тиімді болып
алайда оның құрылысына мемлекеттің экономикалық жағдайы мүмкіндік бермеді. Сондықтан, 
Германияның бұл ұсынысы осман билігі тарапынан бірден қабылданды. Берлин-Бағдат теміржолын салу 
жобасының жүзеге асырылуының Осман империясы үшін де, Германия үшін де саяси маңыздылығы өте 
жоғары болады деп күтілді.
Келесі кезекте, теміржолды Берлин мен Бағдатқа дейін ұзартып салу мен оны пайдалану үшін қаржы 
мәселесі күн тәртібіне қойылды. Алғашқы кезде еуропалық банктер мен қаржы ұйымдары бұл іске 
белсене кірісуге ризашылық білдіргенімен, кейіннен жағдай өзгерді. Себебі, Германияның бұл жобаны 
іске асыруы мен оған жетекшілік етуі өзге империяларды әбігерге салды. Өйткені, бұл теміржолды 
Бағдатқа дейін ұзарту жоспары Германияның Таяу Шығысқа қарай «қолының ұзаруын» қамтамасыз 
ететін болды. ал, бұл кезде Таяу Шығыста аса ірі халықаралық сауд мен монополиялық жұмыстарды 
қолға алып, аймаққа мейлінше орныққан Англия мен Франция үшін бұл қауіпті болатыны анық еді. 
Осылайша, Кайзерлік Германияның Берлин-Бағдат теміржолын салу жобасы өз кезегінде үлкен 
халықаралық саяси тақырыпқа айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет