Вестник КазНУ. Серия географическая. 2009, №2 (29) М. С. Панин, Д. С. Жилкишинова



Дата24.02.2016
өлшемі83.36 Kb.

Вестник КазНУ. Серия географическая. 2009, №2 (29)





М.С. Панин, Д.С. Жилкишинова
ОҢТҮСТІК-БАТЫС АЛТАЙДЫҢ ТОПЫРАҚТАРЫНДА МЫРЫШ ПЕН ҚОРҒАСЫННЫҢ ТАРАЛУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оңтүстік-Батыс Алтайдың топырақтарында мырыш пен қорғасынның валдық мөлшерінің таралуының географиялық ерекшеліктері зерттелді. Топырақтарда мырыш пен қорғасын концентрациялары тау жоталары беткейлерінің биіктігі мен экспозициясына тәуелді. Топырақтарда мырыш пен қорғасынның ең жоғарғы концентрациялары тау және тауалды зонасының ландшафтарына, ең төмен концентрациялары биіктаулы тундралыққа тән.

О.Б. Бейсеев, А.О. Бейсеев
ҚАЗАҚСТАНДА ГЕММОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫН, ЗЕРГЕРЛІК ІСТЕР ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КАДРЛАРМЕН, МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН, ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ ШИКІЗАТТАРМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақалада Қазақстанда асыл тастар туралы ілім - геммологияны және зергерлік істер өндірісін дамыту мәселелері баяндалған.

Д.М. Сымпилова, А.Б. Гынинова, В.Я. Дугаров
БАТЫС БАЙҚАЛ ТАЙГАСЫНЫҢ ЛАНДШАФТЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ

Мақалада оңтүстік-сібір орманы және солтүстік-монғол даласы аралығындағы шекараларды алып жатқан Батыс йқал тайгасының ландшафты зерттеледі. Таулы – шұңқырлы рельеф, шұғыл континенталды ауа райы, топырақтың, өсімдіктердің биогеоциондық комплексі осы тайганың ландшафттық құрылысын құрайды. Ормандағы ағаштардың кесілуі, қопарылуы нәтижесінде эрозиялық процестер пайда болады.

А.Л. Кокарев
ҒАРЫШТЫҚ АҚПАРАТ ПЕН ГАЖ-ДЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЖАСАЛҒАН ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК БЕТКЕЙІНДЕГІ ГЛЯЦИАЛЫҚ БЕЛДЕУДІҢ МОНИТОРИНГІСІ
Ғарыштық түсірімдерді және ГАЖ-дың мәліметтерін пайдалана отырып 2008 ж. Іле Алатауының солтүстік беткейін мұзбасуының каталогы жасалды. Алдыңғы зерттеулерді пайдалана отырып мұзбасудың параметрлерін салыстыру жұмыстары жүзеге асырылды, жаулық мұзбасу жүйелерінің бұзылу қарқыны бағаланып, олардың серпініне бағал берілді.


А.О. Бейсеев
ҚАЗАҚСТАНДА ФАРМАЦЕВТИКА ӨНДІРІСІН ТАБИҒИ МИНЕРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҒЫЛЫМИ-ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАБДЫҚТАРМЕН, ШИКІЗАТТАРМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақалада Қазақстанда табиғи минералдарды пайдалану негізінде фармацевтика өндірісін дамыту мәселелері баяндалған.
Қ.Б. Самарханов
ГАЖ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН СЕНЕК АУЫЛЫ МАҢЫНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰМДАРДЫҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ КАРТАЛАРЫНА БАҒА БЕРУ
Мақалада геоақпараттық жүйелерді қолдана отырып Сенек ауылы маңындағы жылжымалы құмдардың динамикасын бағалауға негіз бола алатын морфометриялық сипаттамалар келтірілген. Морфометриялық карталардың тәжірибелік маңызына баға берілген.
В.С. Крылова
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ЭКЗОГЕНДІ ГЕОДИНАМИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЛАРЫ
Қазіргі экзогендік процестер геологиялық, климаттық, биологиялық және әлеуметтік факторларға тәуелді. Мақалада экзогенді геодинамикалық процестердің дамуының басты табиғи және антропогенді факторларының және олардың Атырау облысында көрініс беруінің талдаулары берілген.
И.А. Родионова
Экономикалық білім берудегі кеңістіктік ойлауды қалыптастыру МЕН географиялық құрамдас бөлігі
Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделілігі, әр өлшемділігі мен қең ауқымдылығы, оның дамуында әр-түрлі бағыттағы тенденциялардың болуы, дәстүрлі теориялық түсініктер мен концепцияларды жаңаша түсінудің қажеттілігі мен маңыздылығын негіздейді, оны зерттеуде терең және шынайы әдістемелік сұрақтарға деген қажеттілікті ұлғайтады. Мақалада экономикалық білім беруде экономикалық-географиялық бағыттағы пәндердің орны туралы сұрақ қарастырылады.
А.М. Исаева
географиялық болжамның кейбір ерекшеліктері
Берілген жұмыста геоболжамның кейбір ерекшеліктері және ең алдымен, жалпы ғылыми алдынала болжаудың нақты көрінісі ретінде байқалған, өз кезегінде ерекшелік түрінде физикалық-географиялық және физикалық-экономикалық болжамдар арқылы байқалатын жеткілікті дербестігі көрсетілген.
М.А. Копытина
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕН ӨНДІРІС САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Өндірістік саланың негізгі капиталының инвестиция құрылымы Қазақстан Республикасындағы осы саланың жалпы жағдайын көрсетеді, яғни негізгі құралдардың жаңаруы мен жойылуы болмауы, инновациялық тұрғыдан жасалған жұмыстардың болмауы, жоғары білікті еңбек ресурстарының жеткіліксіздігі. Сондықтан инвестициялық жағының кен өндіру салалары ең тиiмдi жолы болып табылады.




С.Қ. Дәулетқалиев



ҚР ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ СОЛЖАҒАЛАУ БӨЛІГІ ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫСЫНЫҢ НОРМАСЫН БАҒАЛАУ

Қалпына қайта келтірілген шамаларды ескеріп есептелген жылдық ағындының сипаттамалары қарастырылған. Көпжылдық мезгілге қайта келтірілген қатардың тиімділігі бағаланған.



Л.С. Төлеубаева
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ-ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ СУ ҚАУІПСІЗДІГІ: НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕ, БАҒА БЕРУ КРИТЕРИЯСЫ, БАСҚАРУ ПРИНЦИПТЕРІ
Мақалада Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларының конструктивтік принциптері және жүйелік түсініктемелері құрастырылған. Гидрологиялық қауіп жіктемелері келтірілген. Су қауіпсіздігін интегралдық индикаторы ретінде қарастыра отырып гидрологиялық тәуекел критериясы ұсынылған. Тәуекелді төмендету жолында алынатын пайда және профилактикалық шараның салыстырмалы шығыны принциптері негізінде гидрологиялық тәуекел шектеулі концепциясы құрастырылған. Қазақстанда толық гидрологиялық қауіп бар спектрларының бар екені және олардың ауырлап кету мүмкіндігі белгіленген.

В.Г. Сальников, Г.К. Турулина, С.Е. Полякова, С.А. Долгих
Қазақстандағы жауын–шашынның кеңістікТІК–уақыттық таралуының ерекшеліктері
Мақалада Қазақстан аумағындағы жауын–шашынның қазіргі кездегі кеңістіктік–уақыттық өзгеру тенденциясын бағалау көрсетілген.
С.Е. Полякова, Е.А. Таланов
АРИДТЫҚ ЖӘНЕ ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДА СУ БЕТІ БУЛАНУЫНЫҢ ОРТАША АЙЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІН БАҒАЛАҢДАҒЫ ДӘЛСІЗДШК
Аридтық және таулы аймақтарда су ресурсын анықтау үшін және колдану ретінде маңызы бар нәрсе ол су беті булануының орташа айлық өлшемдерінін. Қазақстанның ландшафты зоналары үшін алынған уақыт және кеңістік заңдары буланудың бөлінуінің Орта Азиялық региондағы табиғи өзгерістерімен және метеорологиялық сипаттамаларымен үйлеседі.
С.М. Базарбаева
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАР ЗИЯНДЫЛЫҒЫНЫҢ ГИДРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
Бұл жұмыста Ақтөбе облысындағы өндірістік қалдықтардың зияндылығы биотестілеу әдісі арқылы жасалынған гидробиологиялық зерттеу нәтижелері көрсетілген. Тестілеу нәтижелері бойынша хромқұрамды және күкіртті натрий қосылыстары бар қалдықтар токсикологиялық жағынан ең зиянды болды.
Г.С. Радченко
ҚЫСҚЫ УАҚЫТТА ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ЕРЕКШЕ АУЫТҚУЫ Және атмосфералық таралудың СИПАТТАМАЛАРЫ
Мақалада 1970 жылдан 2009 жылға дейiнгі мерзiмдегі Қазақстанның оңтүстiгiндегi экстремалды қысқы айлардың күнтiзбесi келтірілген. Зерттелетiн мерзiмге атмосфералық таралудың ерекшелiктерi талданған, айдың экстремалды ауа температурасымен байланысты жүргiзiлген.
Л.П. Гаврилова

Павлодар ауданында ШІЛДЕДЕГІ ЖЕРСЕРІКТІК ТҮСІРІЛІМДЕР БОЙЫНША бұлттАНУДЫҢ типтеРГЕ ЖІКТЕЛУІ



Павлодар аймағында шілде айындағы бұлттылықтың жерсеріктік түсірілімдерінің шектік саралануы орындалған. Жерсеріктік түсірілімдер мәліметтерімен қатар жерге жақын қабаттардың ауа райы карталарының кешенді талдау нәтижесінде негізгі бұлттылық типтердің альбедосының сандық сипаттамалары белгіленген.
А.М. Кауазов
ҚАШЫҚТЫҚ БАРЛАУ ДЕРЕКТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ЕГІН ЕГУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАР ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ МАКСИМАЛДЫ СУ ЭКВИВАЛЕНТІН ЕСЕПТЕУ
Мақалада қар жамылғысының максималды су эквивалент еру температура коэффициент негізінде мүмкіндігі қашықтық барлау деректерін қолдану арқылы қаралады.




М.А. Аскарова
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақалада ауаның тұрақты және жылжымалы көздерден ластануы қарастырылып, атмосфералық ауа қабатының ластануын төмендету үшін іске асырылатын шаралар кешені келтірілген.
М.А. Аскарова
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ: НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН СЫНДАРЛЫ КӨЗҚАРАС
Мақалада теориялық-әдіснамалық тұрғыдан экологиялық қауіпсіздіті басқару мәселелерін негіздеу сөз болады.
Л.Ж. Әлмағамбетова
«ҚАРАШЫҒАНАҚ» МҰНАЙ КЕНІШІНІҢ
ҚОРШАҒАН ОРТАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҚЫЛАУ

Бұл мақалада Батыс Қазақстан облысы Аумақтық Қоршаған Ортаны Қорғау Басқармасының мониторингінің құралдарына сәйкес, дүниежүзіндегі көлемі жағынан жетінші орын алатын үлкен «Қарашығанақ» мұнай кенішінің мұнай және газ өндірісіндегі қоршаған ортаға әсері жайындағы геоэкологиялық талдауы берілген
Ф.Р. Салаватова
ҚАЗАҚСТАН АЛТАЙ БОРЫҢ ОРТАЛЫҚ БӨЛІГІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Бұл мақалади ең маңызды техногендік факторлар – табиғи ортаның ауыр металмен ластануы карастырылады. Зерттеу объектісі Қазақстан Алтайының орталық бөлігінің ірі табиғи техногендік комплекстер аймағы болып табылады.


С.Р. Ердавлетов, С.А. Нурахмедова
ҚАЗАҚСТАН ТУРИСТІК БРЕНДІНІҢ ТУРАЛЫ М»СЕЛЕ
Қазақстанның туристік бренді Қазақстан туризмінің дамуы үшін маңызды болып келеді. Мақалада тауар брендінің анализі, олардың жұмыс icтеуі мен архитектурасы көрсетілген. Сонымен қатар ребрендниг түсінігіне анықтама беріліп, оның қажеттілігі анықталды.
О.Б. Мазбаев
ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕ ТУРИЗМ КЛАСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Осы мақалада Жетісу өңірінде туризмнің даму алғышарттары, негізгі жолдары мен туристік кластердің қалыптасу мүмкіндіктері қарастырылған.
Ж.Н. Алиева, А.Б. Алдашева
ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІНДЕГІ ЖАРНАМАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ

Бұл мақалада Қазақстанның туризм саласындағы жарнамалық іс-әрекетінің жүйелі жоспарлау кезеңдері, қолданылып жүрген жарнама түрлері мен құралдары қарастырылған. Сонымен қатар туристік жарнаманың кемшіліктері мен олардың алдын алу шаралары көрсетілген.
А.П. Хен
ТАБИҒАТТЫ ТЕҢДЕСТІ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ТУРИЗМ МЕН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЖҮКТЕМЕЛЕРДІҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЕСЕБІНІҢ ТҰЖЫРЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мақалада табиғатты теңдесті пайдалану үшін туризм дамуының есептеме көрсеткіштерінің концептуалдық негіздері қарастырылған. Туризмнің дамуына географиялық тәсілді кешендік және стратегиялық ресурс деп қарастыруға болады.


Каталог: content -> files -> pages -> folder3139
pages -> Кафедрада әр жылдарда кафедраның түлектері жұмыс жасады, Қр бғМ математика институты, ф м.ғ. д., профессор Ақыш А. Ш., ҚазҰУ, Микро-макро экономика кафедрасының профессоры Оспанов С. С., ф м.ғ. к., профессор Өтегенов К. У
pages -> «6М060100-Математика»
pages -> «Бекітілді» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында хаттама № 2012 ж
folder3139 -> М. С. Панин, Д. С. Жилкишинова географические особенности распределения цинка и свинца в почвах юго-западного алтая
folder3139 -> Международные отношения и международное право
folder3139 -> Хабаршы вестник халықаралық Қатынастар және халықаралық ҚҰҚЫҚ сериясы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет