Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет1/18
Дата04.07.2016
өлшемі2.47 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




ПРИЛОЖЕНИЕ 5





Ветеринария саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

стандарттарын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

10) Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі
_______________Ә. Исекешев

«____» ___________ 2015 жылы





«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

_________________Е. Досаев

«____» ___________ 2015 жыл


«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушы

_________________Т. Жақсылыков

«____» ___________ 2015 жыл

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 маусымдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

1-қосымша



«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге
Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беру»


мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге
Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізбе негізінде Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аулақтық инспекцияларының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.



5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экспорт кезінде берілетін ветеринариялық сертификат (бұдан әрі – ветеринариялық сертификат), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Ветеринариялық сертификат электронды нысанда ресімделеді, бланкке басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринариялық сертификатты алу орны, күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.



7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының
6) тармақшасына сәйкес
ақылы түрде (ветеринариялық сертификат бланкісі үшін) көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:



көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжатдың және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау кезінде – мемлекеттік ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;

4) ит және мысықты тасымалдау (орын ауыстыру) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;

5) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжат;

порталға:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау кезінде – мемлекеттік ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) электрондық көшірмесі;

3) ит және мысықты тасымалдау (орын ауыстыру) кезінде – ветеринариялық паспорттың электрондық көшірмесі;

4) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты, асыл тұқымды мал куәлігі немесе оған балама құжат, аулап алудың шығу тегі, тасымалданатын (орын ауыстырылатын) объектілерді тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды ескере отырып экспортқа рұқсат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге –көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

10. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы ақпараттың ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуі;

2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қауіпсіздік қағидаларына сәйкес келмеуі;

3) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсаттың болмауы (үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде).



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ мынадай мекенжайлар бойынша Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының немесе Министрлік басшысының атына беріледі:

1) Комитетке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,


605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, 55-59-45, электрондық мекенжайы: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz;

2) Министрлікке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымда:


жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
Нысан
________________________________________

(аумақтық бөлімшенің атауы)

_________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) ЖСН

/ заңды тұлғаның атауы, БСН)

Мемлекеттік тіркеу

Анықтамасының нөмірі (куәліктің) _____________

Мекенжайы__________________________________


Өтініш нөмірі:
Өтініш
Ветеринарлық сертификат беруіңізді сұраймын_______________________________________

(өндіріс объектісінің атауы, қызмет түрі )

Жануарды (балық, ара, қосмекенділер, жәндіктерден басқа), жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстырған кезде – жануардың жеке нөмірі, ветеринариялық паспорттың нөмірі ___________________________________________________________________________

асыл тұқымды жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде әр жануар басына және асыл тұқымдық өнімге (материалға) қосымша – асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың нөмірі және күні__________________________________________________________

балықтың және басқа да су жануарларының (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гамарус, салина (циста) артемиясы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлеміне берілетін балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі және күні______________________________________________________

Мына мекенжайда орналасқан _____________________________________________________

Өндіріс объектісінің тіркеу нөмірі __________________________________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы______________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, өлшем бірлігі ______________ _________________________________________________________________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы мемлекет және межелі орны _________________________________________________________________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауда қолдану болжанатын көлік түрі ________________________________________________________________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту болжанатын мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері көрсетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары _________________________________________________________________

Экспорттау мақсаты (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп бағу, сату, етке сою, өнім және шикізат үшін – өткізу, өңдеу, жемшөп және жемшөп қоспалары үшін – олар арналған жануарлар түрі, ____________________________________________________________________________

экспортқа рұқсат нөмірі, күні ______________________________________________________ _________________________________________________________________________________

Мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын ___________________________________________

Байланыс телефоны ________________________ E-mail _________________________________

________________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

__________________________________________________________20___жылғы __________

(өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы )

Қосымша: ______ парақта 1 данада __________________________________________________


ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 маусымдағы

№7-1/418 бұйрығына

2-қосымша

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбе негізінде құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.



5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды;

анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Ветеринариялық-санитариялық қорытынды электронды нысанда ресімделеді, бланкке басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылады және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринариялық-санитариялық қорытындыны алу орны, күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.



7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының
6) тармақшасына сәйкес
ақылы түрде (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін) көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:



көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжат көшірмесі;

4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің құнын төлегенін растайтың құжат;

порталға:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;

3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді туралы мемлекеттік тіркеу, меншік құқығында тиісті үй-жайлардың бар болуы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге –көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет