Ветеринариялық гигиена және санитария


Хроматографиялық зертеулердің нәтижесінде мал қораларында 30-дан астам газдар бар екені анықталған. Алайда, ең зиянды әсері бар газдарға СО2, NH3, H2S және СО жатады



бет3/8
Дата30.01.2024
өлшемі136.46 Kb.
#490260
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
лекция 3

Хроматографиялық зертеулердің нәтижесінде мал қораларында 30-дан астам газдар бар екені анықталған. Алайда, ең зиянды әсері бар газдарға СО2, NH3, H2S және СО жатады.

Малды зиянды газдар жиналған қорада ұзақ ұстау, олардың организмін уландырады, малдың өнімділігі, ауруға төзімділігі төмендейді. Ал, кейде күшті әсерлі патологиялық процестер туындайды.

Қора ауасы сыртқы ауаға қарағанда СО2 көптігімен (100 есеге дейін) ерекшеленеді.

Көмірқышқыл газы – негізгі көзі мал болып табылады. Организмде СО2 плазма (натрий бикарбонаты түрінде) мен эритроциттерде болады.

Деммен шығатын ауаның құрамы


Зерттеу нысаны

Оттегі, %

Көмірқышқыл газы, %

Адам

15,4-16,0

3,4-4,7

Ірі қара мал

14,9-18,1

2,2-5,0

Жылқы

16,9-18,6

2,2-3,9

Қорада желдету жүйесінің нашар істеуі немесе мал басының тығыз ұсталуы СО2 көбейтеді (20-30 есе). Қыс кезінде малды ауасында СО2 1%-дан жоғары жабық қорада ұстағанда олардың улануы мүмкін: азыққа тәбеті нашарлайды, өнімділігі мен ауруға төзімділігі төмендейді.

СО2 ауада 8% болғанда ауыр уланудан мал өледі.


Аммиак NH3 – улы газ, құрамында азоты бар заттар (зәр мен қи) ыдырағанда уреазаактивті анаэробтар әсерімен түзіледі.
NH3 улылығы мен агрессивтілігі ылғал жоғары болса қатты байқалады (NH3 тотығуы ұлғаяды, азот қышқылы түзіледі.
NH3 жоғарылағанда микробтар 30-60% көбейетіні анықталған.
NH3 зиянсыз шекті мөлшері төл мен құстар үшін - 5-10 мг/м3, ал ересек мал үшін - 20 мг/м3.

Құсты еденде ұстағанда NH3 2-3 есе көбейсе олардың жұмыртқалауы тежеледі, өнімділігі 10-13% азаяды, өлім-жітім 1,5-2 есе көбейеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет