Ветеринариялық медицина кафедрасының доценті міндетін атқарушы, м.ғ. к. Ахметжанов О. Н



жүктеу 208.71 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі208.71 Kb.




ПОӘК 042-18-24.1.09\02 -2013

Басылым № 1

13 – ші беттің





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейдегі

СМЖ құжаты



ПОӘК

ПОӘК-042-18-24.1.

09\02-2013



ПОӘК «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы

Басылым №1

2013 ж.


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінен
«5В120100» «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша

ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей,

2013 ж.
Алғысөз


1 ӘЗІРЛЕГЕН

Ветеринариялық медицина кафедрасының доценті міндетін атқарушы, м.ғ.к. Ахметжанов О. Н. _____________________________

« » 2013 жыл


2 ТАЛҚЫЛАДЫ

2. 1 Ветеринариялық медицина кафедрасының отырысында

Хаттама № « » 2013 жыл

Кафедра меңгерушісі Тойкина Г.Н


2.2 Аграрлық факультеттің әдістемелік кеңесінде

Хаттама № « » 2013 жыл

Төрайым Тлеубаева А.В.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № « » 2013 жыл

Оқу - әдістемелік кеңестің

төрайымы, ОӘЖ проректор Искакова Г.К.

4 1-ші басылым.

МАЗМҰНЫ



  1. Жалпы ережелер ............................................................................ 4

2. Пәннің мазмұны мен сабақ түріне байланысты сағаттардың

бөлінуі .................................................................................................... 5



  1. Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар ......................9

  2. Сабақтарды ұйымдастыру форматы.............................................. 9

  3. Пәнді оқыту саясаты ......................................................................10

  4. Студенттердің үлгерімін бағалау саясаты ..................................11

  5. Әдебиеттер .......................................................................................13

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Пәнді оқытушылар туралы жалпы деректер

Ветеринариялық медицина кафедрасы

АХМЕТЖАНОВ ОРАЛҒАЗЫ НҰРАНБАСҰЛЫ, м.ғ.к, доцент м.а.

Жұмыс телефоны: 53 – 19 – 20.

Оқу ғимараты – 6

Сабақ өткізілетін аудиториялар: 102,104

Пән бойынша кредит саны – 3.
1.2 Пәннің жалпы мазмұны

Ветеринария қызметінің негізгі міндеттерінің бірі жануарлар ауруларын емдеу екені белгілі. Сонымен қатар бүгінгі таңда ұсақ үй жануарларына емдеу жасау да маңызды болып отыр. Үй жануарларына жасалатын емдер дегеніміз жануарлардың туа біткен немесе жүре пайда болған дене кемістіктерін емдеу арқылы қалыпқа келтіру, ауыл шаруашылық малдарының өнімділігін арттыру, өндіріске пайдалануға, үй жағдайында ұстауға байланысты емдеу техникасы туралы теориялық және тәжірибелік білімдер туралы ғылым.

3.2 Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары пәннің негізгі мақсаты жануарлардың емдеу техникаларын менгерту.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- Студенттерді ветеринариялық диагностика техникаларымен таныстыру, үйрету.

- Студенттерді жануарларды емдеу техникаларымен таныстыру, үйрету.

Студенттер менгеруі тиіс:


  • Дәрілерді қолдану техникаларын,

  • Оттегімен емдеу техникаларын,

  • Зондтарды қолдану техникаларын,

  • Физотерапия техникасын

3.3 Пәннің пререквизиттері:

Пәнін меңгеру үшін студенттер биология, жануарлар морфологиясы, физиологиясы, биохимиясы пәндерін меңгерулері қажет.

3.4 Пәннің постреквизиттері: Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары, клиникалық диагностика, жануарлар патологиясы, ветеринариялық хирургия.

2 Пәннің мазмұны мен сабақ түріне байланысты сағаттардың

бөлінуі


Кесте 1



Сабақтың тақырыптары

Сағаттар

Әдебиет

тер


Д

ЛЖС

ТС

СО

ӨЖ


СӨЖ




Модуль - «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары».



15

15

15

22,5

67,5







Микромодуль -1 Дәрілік заттарды малдарға беру тәсілдері.

4


4













1

Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Жануарларды емдегенде техника қауіпсіздігін сақтау, жануарларды бекітіп байлау техникасы.


Жануарларды емдеу кезінде бекемдеу тәсілдері

1

1







6,75


  1. 1-4 бет.

3. 13-23 стр. 11. 3-12 стр. 12. 3-50 стр.

2

Дәрілік заттарды малдарға беру тәсілдері.

Дәрілік заттарды малға өз еркімен беру әдістері мен техникасы.



1

1










1.10-15 беттер.

3. 25-48 стр. 11. 14-28 стр.



3

Дәрілік заттарды парэнтеральды жолмен қолдану.

Дәрілік заттарды малға күштеп беру әдістері мен техникасы.

Дәрілік заттарды малға егу жолдары мен техникасы.

Дәрілік заттарды кеуде қуысына енгізу техникасы. Дәрілік заттарды құрсақ. қуысына енгізу техникасы



1

1

1




2,25


2,25




  1. 16-28 және 37-41 бет.

3. 49-62 стр.

4. 1-149 бет. 11. 233-252 стр. 12. 51-212 стр.



4

Дәрілік заттарды ингаляциялық әдіспен қолдану.

Аэрозолетерапия




1







2,25




1. 28-36 бет.

2. 59-60 бет. 8. 1-52 бет. 9. 1-90 бет. 10. 1-90 бет. 11. 243-252 стр.






Микромодуль – 2. Мал ауруларын анықтау және емдеу техникалары

6

11

3










5

Мал ауруларын анықтау және емдеу үшін әртүрлі зондтарды қолдану.

Сиырдың тақия қарынына, Жылқының асқазанына зонд енгізу, ас қалдығын алу және зерттеу техникасы.

Құстың жемсауына зонд енгізу және жуу техникасы.

Зертханалық зерттеуге сиырдан, қойдан, жылқыдан, шошқадан қан сынамасын алу техникасы.

Зертханалық зерттеуге құстар мен терісі бағалы аңдардан қан сынамасын алу техникасы.

Мес қарынды, кеуде қуысын тесу техникасы.

Малдың өңеші бітелгенде көрсетілетін емдеу техникасы.

Қан ағызып емдеу техникасы.

Қуыққа катетр енгізу және қуықты жуу техникасы.

Иттің асқазанына зонд енгізу, жуу техникасы. Шошқаның асқазанына зонд енгізу, жуу техникасы. С.Г Меликсетян т.б ұсынған магнитті зондтар және оларды қолдану техникасы.

Иттен, мысықтан зертханалық зерттеуге қан алу және оның техникасы

Лабораториялық жануарлардан зертханалық зерттеуге қан алу және оның техникасы.

Сиырдың жалбыршақ қарынын тесу техникасы

Жылқының соқыр ішегін тесу техникасы



2

1

1

1



1

1

1


1

1


2,25


2,25

2,25


2,25

2,25


2,25

2,25





  1. 44-80 бет.

  2. 11. 243-252 стр.

6

Малдардың ішкі ағзаларының ауруларын емдеу әдістері. Оксигенозолетерапия.

Ұлпа дәрмектері және емдеу техникасы.

Симтоматикалық емдер.

Этиологиялық емдер .





2

1







6,75

6,75


6,75

  1. 66-80 бет.

  2. 60-62 бет.

7

Мал ауруларын патогенездік емдеу әдістері.

Новокайн блокадасын жасау техникалары Диспансеризация жасау.

Межелік бақылау-1.

Диетотерапия.

Антибиотиктер және емдеу техникасы .

.

Пробиотиктер және емдеу техникасы.



Витаминдер және емдеу техникасы .

2

1

1

1



1




6,75

6,75


6,75

6,75



  1. 6-8 және 116-141 бет.

  2. 26- бет.

  3. 173-327 стр. 11. 356-489 стр.




Микромодуль - 3. Физотерапия техникалары.

5




13










8

Жануарларды физикалық күштермен емдеу әдістері.

Клизма жасау техникасы.

Компресс қою техникасы.

Жылытқыштар қою техникасы.

Қыздырғыштар қою техникасы.

Вапоризация техникасы.

Қышамен емдеу техникасы.

Банка қою техникасы.

Сумен емдеу техникасы.

Оттегімен емдеу техникасы.

Шипалы балшықтармен емдеу техникасы.

Парафинмен емдеу техникасы.

Фитотерапия.

Минеральды заттармен емдеу техникасы.




2




1

1

1



1

1

1



1

1

1



1

1




6,75


6,75

  1. 80-97 бет.

  2. 28 бет

9

Жануарларды жарық сәулесін пайдаланып емдеу әдістері

1













  1. 97-116 бет.

  2. 30 бет

10

Жануарларды электр тоғы мен дыбысты пайдаланып емдеу әдістері

Межелік бақылау-2



2

1

1







1. 335-339 бет.

2. 32 бет. 6. 1-138 бет.



3 Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар

Студенттер пәнді толық меңгеру үшін олар төмендегі талаптарды толық орындаулары қажет:

Сабақ басталғанда оқытушыдан пәннің оқу – әдістемелік кешенін алып танысу. Аудиториялық сабақтарды (дәріс, тәжірибе сабағы және лабораториялық жаттығу сабақтары) босатпау, дайындалып келу және сабаққа белсенді қатысу, СОӨЖ, СӨЖ уақытында орындау және қорғау, сөйтіп ең жоғарғы балл жинау. Студент пәннің оқу - әдістемелік материалдарымен интернет жүйесі арқылы арнайы сайттан таныса алады. Пән бойынша қазақ және орыс тілдерінде арнайы оқу құралдары бар. Студенттер пәнді меңгеру барысында 2 межелік бақылау тапсырады. Межелік бақылау сұрақтары емтихан сұрақтарының негізін құрайды. Оқу-әдістемелік кешен әдебиеттермен жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Пәнді игеру барысында студенттерге негізгі және қосымша әдебиеттер ұсынылады. Пән бойынша мемлекеттік тілде әдебиеттердің тапшылығынан студенттер үшін оны таңдау және табу өте маңызды мәселе. Оқытушымен ұсынылатын әдебиеттердің ішінде біреуі ең негізгі оқулық ретінде ұсынылады. Басқа әдебиеттер қосымша оқу құралы ретінде қолданылады. Студенттерді негізгі бағыттаушы материал – дәріс материалдары.

Пәнді бағдарламада берілген тәртіппен игеру өте қолайлы. Оқытушы бақылау сұрақтары арқылы студенттердің игеру деңгейлерін үнемі тексеріп отырады. Студенттермен пәннің игерілу деңгейі олар алған теорияларын тәжірибе жүзінде қолдана алғанда ғана толық деп есептеледі.


4 Сабақты ұйымдастыру форматы

Сабақ басталғанда оқытушыдан пәннің оқу – әдістемелік кешенін алып танысу.

Аудиториялық сабақтарды (дәріc, жаттығу және тәжірибе сабақтары) босатпау, дайындалып келу және сабаққа белсенді қатысу сөйтіп ең жоғарғы балл жинау.

Пән бойынша қазақ және орыс тілдерінде оқу құралдары бар. Студенттер сонымен бірге оқу құралдары ретінде ветеринариялық басылымдарды т.б қосымша оқу құралдарын пайдаланады

Студенттер пәнді меңгеру барысында екі межелік бақылау тапсырады. Межелік бақылау сұрақтары алдын ала беріледі. Межелік бақылауда алған баллдары студенттің аралық және қорытынды рейтингісін есептегенде пайдаланылады. Межелік бақылауда сұрақтары емтихан сұрақтарының негізін құрайды.

Пәнді игеру барысында студенттер бөлімдердің негізгі тақырыптарына көңіл аударулары керек. Оқу-әдістемелік кешен әдебиеттермен жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Пәнді игеруге студенттерге негізгі және қосымша әдебиеттер ұсынылады. Студенттерді негізгі бағыттаушы материал – ол дәріс материалдары.

Студенттердің пәнді игеру деңгейі олар алған теорияларын тәжірибе жүзінде қолдана алғанда ғана толық деп есептеледі. Сондықтан студенттер дәрісте алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, әр түрлі диагностикалық және емдеу техникаларын менгереді. Оқытушы студенттердің пәнді игеру деңгейлерін үнемі тексеріп, балл беріп отырады.


Пәнді меңгеруде СӨОЖ мен СӨЖ маңызы зор. Бұл жұмыстар бойынша қойылатын балл мөлшері апталық, межелік және семестр бойынша студент жинай алатын ең жоғарғы балл мөлшерінің 60 пайызын құрайды, яғни СӨЖ –жануарларды емдеу техникалары мәселелері бойынша тақырыптар берілген. Студенттер осы тақырыптарға берілген әдебиеттерді және қосымша әдебиеттер іздестіріп рефераттар жазып өткізуге және қорғауға тиіс. Әр рефераттың жоспары және қолданылған әдебиеттердің тізімі берілуі міндетті. Компьютерде теруген көлемі 5- 10 бет.


  1. Пәнді оқыту саясаты

Пәнді оқытудың барлық сатысында студенттерге қойылатын талаптар:

-Міндетті түрде сабаққа қатысу. Сабақ барысында тәртіпті бұлжытпай орындау. Сабаққа кешікпеу. Әрбір тәжірибе сабағына және лабораториялық жаттығу сабақтарына қатысу баллмен есептеледі, ал әрбір босатылған сабақ минус балл болады. Әрбір себепсіз босатылған, уақытылы өтемеген сабақ үшін айып балы алынып тасталады, ал себепсіз босатылған сабақты өтегеннің өзінде сіз жоғарғы деңгейде балл ала алмайсыз. Ал себепті сабақ босатқан студенттер ережеге сай өтеген сабағы үшін тиісті балдарын алады.

-Сабақты себепті түрде босату сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Босатқан сабағыңызды өтеу үшін сізге уақыт және тапсырма беріледі. Босатқан, өтелмеген сабақ үшін сіз ешқандай балл алмайсыз.

-Сіз уақытында ұқыпты түрде, уақытында үй тапсырмаларын, СӨЖ орындауыңыз және оқу процессіне белсенді түрде қатысуыңыз қажет. Міндеттілік пен ұқыптылықты дағдыға айналдырған дұрыс. Осының бәрі сізге жоғарғы рейтинг көрсеткіштеріне қол жеткізуіңізге мүмкіншілік береді.

-Сабақ кезінде сіздің ұялы телефоныңыз сөндірулі болуы шарт;

-Оқытушымен және өз курстастарыңмен ашық және ақжарқын қарым – қатынасты болу керек;





  1. Студенттердің үлгерімін бағалау саясаты

Кесте 2

Апталар

Бақылау түрі

Барлық

балл


Ескерт

пелер





1-7 апта аралығында дәріске қатысу және дайындалу

30

Сабақ кестесі бойынша

1

ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау.

ТС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау.

Алғашқы аптада балл қойылмайды.


0

Сабақ кестесі бойынша

2

ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -10 балл

ТС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -10 балл



20

Сабақ кестесі бойынша

3

ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -10 балл;

ТС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -10 балл; СӨЖ-реферат-22 балл.



42

Сабақ кестесі бойынша

4

ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -10 балл;

ТС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -10 балл;

СӨЖ-реферат-22 балл.


42

Сабақ кестесі бойынша

5

ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -10 балл;

ТС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -10

СӨЖ-реферат-22 балл


42

Сабақ кестесі бойынша

6

ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -10 балл;

ТС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -10 балл; СӨЖ-реферат-44 балл



64

Сабақ кестесі бойынша

7

Межелік бақылау-1-60 балл.

60

Сабақ кестесі бойынша

1-7 апта аралығындағы сабақтар бойынша барлық жиналған балл

300







8-15 апта аралығында дәріске қатысу және дайындалу

30

Сабақ кестесі бойынша

8

ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау.

ТС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау.

Алғашқы аптада балл қойылмайды.


0

Сабақ кестесі бойынша

9

ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -8 балл

ТС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -8 балл



16

Сабақ кестесі бойынша

10

ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -8 балл

ТС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -8 балл

СӨЖ-реферат-22 балл.


38

Сабақ кестесі бойынша

11

ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -8 балл

ТС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -8 балл

СӨЖ-реферат-22 балл.


38

Сабақ кестесі бойынша

12

ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -8 балл

ТС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -9 балл;

СӨЖ-реферат-22 балл.


39

Сабақ кестесі бойынша

13

ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -8 балл

ТС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -9 балл

СӨЖ-реферат-22 балл.


39

Сабақ кестесі бойынша

14

ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -9 балл

ТС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -9 балл

СӨЖ-реферат-22 балл.


40

Сабақ кестесі бойынша

15

Межелік бақылау-2-60 балл.

60

абақ кестесі бойынша

8-15 апта аралығындағы сабақтар бойынша барлық жиналған балл

300




1-15 апта аралығындағы сабақтар бойынша барлық жиналған балл

600



7 ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі:

1. К.Н. Қожанов. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. Семей. 2013.


Қосымша:

2. Б.К Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. Алматы. 2011 ж.

3. К.Н. Қожанов. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. Алматы. 2008.

4. В.Н. Квятковский. Применение оксигено – и аэрозолей при группового лечения животных, больных болнхопневмонией. Алматы. 1988.

5. К.Н. Қожанов. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары. Алматы. 2005.

6. К.Н. Қожанов., Х.Ж Қажиев. Мал ауруларын патогенездік емдеу. Монография. Алматы. 2012. – 165 бет

7. К.Н. Қожанов., С. К Қожанова Адамдар мен малдардың ауруларын оттегімен емдеудің негіздері.Монография. Семей, 2012. -140 бет.

8. Журнал «Ветеринария» Россия. Мерзімді басылым.(Университет кітапханасының оқу залы)

9. Журнал «Ветеринария» Қазақстан. Мерзімді басылым.(Университет кітапханасының оқу залы)

10. Журнал «Ветеринар» Россия. Мерзімді басылым. 2010– 203 жыл. (Университет кітапханасының оқу залы)



11. Журнал «Ветеринария газеті» Қазақстан, Россия Мерзімді басылымдар.(Университет кітапханасының оқу залы)


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет