Ветеринарлық істі ұйымдастыру


Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық–санитарлық бақылауды ұйымдастыру



бет45/59
Дата17.10.2023
өлшемі460.48 Kb.
#480863
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59
УМКД ПО ОВД

Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық–санитарлық бақылауды ұйымдастыру - Шет елдермен экспорттық-импорттық алмасу кезінде малға, өнімдеріне, шикізаттарына ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізу үшін мемлекеттік шекаралық ветеринарлық бақылау нүктелері ашылған. Олар көбінесе кешендермен қатар орналасады. Шекаралық ветеринарлық бақылау нүктесінің бастығы ветеринария дәрігері, оны және оның қол астындағы мамандар санын көліктегі ветеринарияның бас басқармасы тағайындайды. Мекеме өз жұмысын ветеринарияның республикалық басқарушы органы бекіткен ережелерге сәйкес атқарады.
Шекаралық бақылау нүктесі Қазақстан аумағына шет елдерден жұқпалы аурулардың қоздырушыларын өткізбеу, республикадан тысқа шығатын малдар мен өнімдерінің ветеринарлық тазалығын қамтамасыз ету міндеттері жүктелеген. Шекарадан Қазақстан жеріне өткізуге дені сау мал, өнімдері мен шикізаттары дені сау малдан алынған, шыққан тегі малдың жұқпалы аурулардан таза жерден болу шарттары сақталғанда ғана рұқсат беріледі.
Шекарадан өтетін малдардың, өнімдерінің тиісті ветеринариялық сертификаттары болуын тексереді. Онда ынталы жақтың ветеринария қызметі өз мемлекеті тарапынан, малдың, өнімдерінің және олардың шыққан жерінің жұқпалы аурулардан тазалығына кепілдік береді.
Шекара арқылы кірген малдар тиісті байқаудан, шаралардан өткен соң, алдын алу карантитіне қойылады. Малдарға шетелдік сертификат орнына ветеринарлық куәлік жазылып, баратын жеріне карантин мерзімі біткен соң жөнелтіледі.
Шекарадан тысқа шығатын малдар, мал текті өнім де тиісті ветеринарлық-санитарлық байқаудан өткізіледі. Бақылау пункті мамандары оларға ветеринарлық куәлік орнына сертификат жазады. Ауырған мал болса, оқшаулап емдейді, қажет болса, тиісті алдын алу шаралары жүргізіледі.
Қазақстанға шетелдерден мал, өнімдері мен шикізаттары сатып әкелуге рұқсат мемлекеттік ветеринарияны басқарушы республикалық органның ғана билігінде болады. Сойыс орындарында, ет өңдеу мекемелерінде, тоңазыту орындары мен қоймаларда ветеринариялық-санитарлық қадағалау жүргізудің маңызы мен оның міндеттері. Осындай бақылау ұйымдастырудың негізгі принципі: сойыс малдарының, малұшаларының ешқайсысын ветеринарлық байқаудан, сараптаудан тыс қалдырмау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет