Vi астана экономикалық форумындағы «Инвестициялық періште» сыйлығы



жүктеу 100.99 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі100.99 Kb.







VI Астана экономикалық форумындағы «Инвестициялық періште» сыйлығы

2002-2007 ж.ж. Жапонияда баяу экономикалық өсім байқалып, ЖІӨ бір жылда орта есеппен алғанда 2%-ға өсіп жатты. Бірақ 2008-2009 ж.ж. орын алған әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс бұл үдерісті тоқтатты. Жапония дағдарыстан басқа дамыған мемлекеттермен салыстырғанда қатты жапа шекті: экономикадағы күйзеліс өндірістік тауарларға деген сұранысты азайтты, ол жапон экспортының негізін құрады. 2009 жылы Жапония ЖІӨ-сі 5,2%-ға,  Ұлыбританияда — 4,9%-ға, АҚШ-та — 2,4%-ға, жалпы Еуроодақ мемлекеттерінде  — 4,1%-ға төмендеді [89]. Дағдарыстың ең төмен нүктесіне 2009 жылдың бірінші ширегінде жеткен болатын: ЖІӨ дағдарысқа дейінгі көрсеткіштің тек 89,1%-ын ғана құрады.

  Жапонияның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі басқа дамыған мемлекеттермен салыстырғанда қарқынды жүріп жатты. Жапон экономикалық зерттеулер орталығы 2010 жылы әлемдік экономикадағы «дауыл жаңбырмен алмастырылып», Жапония төбесінде күн орнағанын жариялаған болатын [1].

  2010 жылдың ортасына қарай, жиынтық сұраныстың көрсеткіштері дағдарысқа дейінгі ең жоғарғы сандарға тең болды: ЖІӨ - 94,9%, өнеркәсіптік өндіріс - 87,8%, халықтың тұтынушылық шығындары  - 91%. Тауарлардың экспорты қозғаушы күшке айналып, дағдарысқа дейінгі максимумның 77%-ін құрады. Әдетте, іскерлік белсенділікті қалпына келтіруде басты тездеткіш рөлін жеке капитал салымдары атқарды. Бірақ олар тоқырау жағдайында қала берді. Құрылыс жұмыстарына салынатын инвестициялар 1977 жылғы деңгейге дейін төмендеді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік құрал-жабдықтардың жаңаруы кешіктіріліп жатты – оның орта жасы 13,7 жылға дейін көтерілді, 2001 жылы – 12 жылды, ал 1990 жылы – 10 жылды құрады.

  Капитал салымдарының өсуінсіз жүретін қалпына келу үдерісі, сыртқы нарық жағына қарай ауытқыған сұраныс сияқты өзгерістер Жапония үшін үйреншікті болған жоқ. Корпорациялар табыстарының өсуі инвестициялардың көбеюі мен жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкелген жоқ. Сондықтан қарапайым халықтың табысы да өзгерістерге ұшырамады.

  Бірақ сыртқы экономикалық қатынастардың бейнесі өзгерді. Еуропа мен АҚШ-тағы маманданған сұранысқа есептелген жапон өнеркәсіптік тауарларының экспорты Шығыс Азияның өсіп жатқан мемлекеттерінің нарықтарына қарай ағыла бастады. 2010 жылы алғашқы рет Азия мемлекеттерімен жасалған сауда көлемі Жапонияның барлық сыртқы сауда айналымының жартысынан асты. Салыстырмалы түрде қарастырғанда, АҚШ пен Еуроодаққа сауда айналымының, сәйкесінше, 13,2 және 11,2%-дан тиесілі болды.

  Халықаралық еңбек бөлінісінде Жапония құрал-жабдықтар мен технологиялардың ірі тасымалдаущысы болып табылады. Әлемдегі екінші өнеркәсіптік держава мәртебесі Жапонияға 1980 ж.ж. соңынан бері тиесілі болды. Бірақ мемлекет «жоғалған онжылдық», жаһандық экономикалық дағдарыс пен қытайлық экономиканың қарқынды өсуі нәтижесінде жетекші орындарынан біртіндеп алшақтай бастады. Әлемдік ЖІӨ-дегі Жапония үлесі 1990 жылдағы 14,3%-дан 2008 жылы 8,8%-ға дейін төмендеп, 2010 жылы екінші өнеркәсіптік держава орнына Қытай шықты.

  Негізінен, Жапонияда «экономикалық ғажайыпқа» қарсы үдеріс туралы сөз болған кезде, ситуациялық факторларды айтады. Бірақ қазіргі кезде екі онжылдыққа созылып кеткен дағдарыс негізгі себептердің әлдеқайда терең жатқандығын көрсетеді.

  Жапонияның шикізат импортына тәуелділігі мемлекет экономикасының осал жерлерінің бірін құрайды. Екіншіден, елде орын алған демографиялық ахуал да экономикаға зор әсер етеді.

  Жапонияда туу көрсеткіші соғыстан кейінгі жылдардан бастаптұрақты түрде төмендеп жатты. 1970 ж.ж. басында деңгей салыстырмалы түрде қалыпты болды. 2005 жылы туылымның жалпы коэффициенті (ұрпақ бере алатын мүмкіндігі бар 1 әйел адамға келетін балалар саны) өте төмен көрсеткішке дейін – 1,26 төмендеді. Сол кезде халық санының қысқару үдерісі басталды. 2006-2007 ж.ж. туу көрсеткіші кішкене көтерілгенімен, 2008-2009 ж.ж. қайта қатты төмендеді – 1,21.

  Халықтың жастық құрылымы одан бұрын әрі тез өзгере бастады. Еңбекке жарамды халық үлесі 1995 жылдан бастап қарқынды түрде қысқаруда. 2008 ж., қазанынан-2009 ж., қазанға дейін халықтың жалпы саны 183 мың адамға қысқарса, еңбекке жарамды халықтың саны 806 мың адамға азайды [2].

Экономикалық белсенді халықтың өз жеке құрылымы да өзгерістерге ұшырады: жасы үлкен мүшелер саны көбейіп жатты. Сонымен, Жапония жұмысшы күш жетіспеушілігіне 1980ж.ж. тап болды.

зейнеткерлердің саны да өсіп жатты. 1970 ж.ж. 65 жастан асқандар халықтың 7%-ын құраса, 2001-16%-ға, ал 2012 жылы-23%-ға жетті. Сондықтан зейнеткерлік жүйеге үлкен жүктеме түсуде. 

2005 жылы зейнеткерлерді қамтамсыз ету үшін 750 млрд долл. құраса, 2025 жылға қарай 1,2 трлн долларға дейін жетеді деп жоспарланып отыр [2].


  Дәстүрлі түрде мұндай мәселелер иммигранттарды тарту арқылы шешілетін. Бірақ жапон қоғамындағы иммиграциялық саясат әрқашан аса қатыгездікпен ерекшеленетін. Иммигранттарды жаппай көшіру саясаты 1980 ж.ж. соңында жүргізілді және басты үміт 2,5 млн-ды құраған шетел диаспорасына артылған. Ал әр жылғы көші-қон тек 30 мыңды құрап, демографиялық жағдайға әсер етпейді.

Демографиялық дағдарыс пен жұмыс күшінің жетіспеушілігі еңбек тәртібінің нашарлауына әкелді. Мысалы, жаңа ғасырдың басында жапон жастарының 20%-ы жұмысқа тұруға ынталанбаса, жапон жұмыссыздарының 80%-ы не жұмысынан өз еркімен кеткендер, не жұмыс табуды жоспарламаған адамдар қатарынан тұрды.

Нәтижесінде, Жапония ЖІӨ-і қазіргі кезде 1990 ж.ж. жоспарланған көрсеткіштерден 40-50%-ға аз болып отыр.

  Тауарлар экспорты нәтижесінде және шетел бөлімшелерінде алынған табысты корпорациялар шетелдегі өнеркәсіптік торларды дамыту үшін жібереді. Өз инвестицияларын ішкі және сыртқы нарықтар арасында бөлген кезде олар көбінесе сыртқыны таңдайды. «Никкэй» газетасының жүргізген сауалнамасына сәйкес, 660 ірі компанияның барлық жинақталған активтерінің 34%-ы шетелде орналасқан, ал 45 компанияда көрсеткіш активтердің жартысынан да асады [3]. Капиталдың шетелге ағылуын түсіндіретін басты жайт – кіріске түсетін ауыр фискальді жүктеме. Әлеуметтік сақтандыру үшін алынатын жарна компания түсімінің 50,4%-ын құраса, АҚШ-та 42,8%, ал Ұлыбританияда 41,6%, ал Нидерландыда 31%-ға тең. Орталық үкіметтің қаржысына қосылатын табысқа деген салық соманың 40%-ын құрады [4].

  Соңғы жылдарға дейін жапон компаниялары өздерінің жинақтаушы зауыттарын ҚХР-ға тасымалдап, дайын тауарлар қытай және басқа да мемлекеттердің нарықтарына жеткізілді. Қытайдың өзінде ірі жол құрылысы мен заманға сай тұтынушы нарығының қалыптасуы жүріп, халықтың сұранысы сол кезде дамыған мемлекеттердің дайын тауарларына бағыттала бастады. Теледидар, тоңазытқыштар, автомобильдер 1960-1970 ж.ж. Жапонияда сияқты белсенді сатып алынып жатты. 2009 жылы ҚХР-дағы жапон экспортының 10%-ын жеңіл автомобильдер, жүк машиналары мен басқа да көлік құралдары құрап, аудио және видео құрал-жабдықтарының сатылымы 2008 жылмен салыстырғанда 60%-ға ұлғайды. 

  Бірақ Қытай өте қарқынды түрде электроника, байланыс құралдары, автомобильдер өндірісін дамытып, тауар түрлері мен сауда маркілерін жасақтап, жапон компаниялардың дәстүрлі нарықтары болып табылатын Еуропа мен Солтүстік Америкада бәсекелес бола бастады. Жапонияны алаңдатқан Қытайдың экономикалық қуаты нығайып, біртіндеп тек тігінен ғана емес (өңдеу кезеңдері бойынша), көлденеңнен де (ортақ рыноктарға шығу арқылы) бәсекелесе бастады. Жапонияда тауар саудасы бойынша кірістің шығыннан көп болуы макроэкономикалық құрылымға 1970 ж.ж. бері-ақ кірігіп кеткен. Одан айырылмау үшін Жапония жоғарғы технологияларды өндңру саласында жетекшілікті ешкімге бермеу керек. Әлемдік еңбек бөлінісінде бұл сала ең бәсекелес салалардың бірі және үлкен тәуекелділік деңгейімен байланысты. Сыртқы сауда жеке кәсіпкерлік сектордың пайда әкелуінің ең басты шарты болып табылады.

  Бәсекелестік көбіне ережелерге бағынбай жүргізілді. Жапон компаниялары үшін қандай технологияларды қорғап, қайсыларын мемлекет ішінде қалдыру керектігін анықтау қиынға соға бастады. Мысалы, Mitsubishi Heavy Industries машина жасау компаниясының директоры Қытайда өз жабдықтарының көшірмесін көрген болатын және Қытай ең күрделі деген технологияларды көшіруден мүлдем тартынбайды. Қытай батыс фирмаларын сатып алу арқылы ең жоғарғы техникалық деңгейге тез арада шығу мүмкіндігін қарастырды. Zhejiang Geely Қытай холдингінің Ford Motor Co. Американ концернінен Volvo компаниясын сатып алуы жапон іскерлік топтарын алаңдатты. Тек ҚХР емес, басқа да бәсекелестер Жапониямен қатарласып қалды. Әлемдік дағдарыс өз нәтижелерін көрсетті – 2009 жылы Жапонияда автомобиль өндірісі 31,5%-ға төмендеп (7 млн. 930 мың көлік), 2006 жылдан бері қарай Жапонияға тиесілі болып келген автомобильдерді өндірудегі жетекшілік Қытайға өтті (13 млн. 790 мың көлік шығарылды). Сұйықкристалды панельдерді шығаруда бірінші орынды оңтүстік корейлік Samsung Electronics және LG Display Co. фирмаларға беріп, 27 жыл бойы көшбасшы болып келген метал кесуші станоктарды өндіруде бірінші орыннан Қытай мен Германияның пайдасына айырылды. Бірақ медициналық құрал-жабдықтарды, күн батареяларын, плазмалық тақтайларды т.б. салаларда бірінші орынды сақтап келді.

  Жапонияда бұл сыртқы сұрау үлкен мазамен қабылданды. IMD швейцар бизнес-мектебінің сарапшылары кезекті 58 әлемдік экономиканың бәсекелестік тізімін жасап - IMD Competitiveness Yearbook – Жапония Қытай, Оңтүстік Корея және Тайваньнан артта қалып, 27 орында орналасты. 1989-1993 ж.ж. Жапония бұл тізімде бірінші орынды иеленсе, 2002 жылы 17 орында орналасты [5]. Жапонияның төменгі орынға орналасуына әсер еткен көрсеткіштер: туу көрсеткішінің төмен болуы (2002 жылы – 1,30 құрады), халықтың қартаюы (халықтың 20%-ға жуығын құрайды), пайдаға салынатын ең үлкен салық және қаржылық тапшылықтың болуы. Аталған тізімдегі төмен орнына қарамастан, еңбек өнімділігі мен өмір деңгейі жөнінен Жапония бірінші қатардағы мемлекеттерге жатады.

  Сыртқы сұранысқа қарай ауытқу АҚШ пен Еуроодақта орнаған анық емес жағдаймен ғана емес, сонымен қоса, иенаның қымбаттауымен байланыстырды. Иена ревальвациясы 2008 жылы, наурызда басталды. Ол кезде көптеген мемлекеттердің қаржылық мекемелері Жапония, АҚШ және еурозона мемлекеттерінде орын алған пайыздық қойылымдардың айырмашылығын қолданып, пайда жасауды бастады. Біртіндеп, иенаны көп көлемде сатып ала бастады. Уақыт өте келе, қойылымдардың арасындағы айырмашылық азайды: АҚШ пен Еуропа мемлекеттері пайыздық төлемдерін төмендетті, сонда да жапон иенасы тек жеке мекемелер үшін емес, үкіметтер үшін де тартымды көрінді. АҚШ долларына сенімсіздік танытып, орталық банктер, әсіресе, Қытай Банкі жапон үкіметінің ұзақ мерзімді облигацияларын сатып ала бастады. Иена сол уақытта өзіндік тұрақтылықтың белгісіне айналды десе болады. Нәтижесінде долларға байланысты иена курсы 2008 жылы, шілдеде 1 доллардағы 108,13 иенадан 2009, шілдедегі 95,6 иенаға және 2010 жылы тамыз-қыркүйекте 86,4 – 84,2 иенаға дейін төмендеді. Иенаның қымбаттауы жапон экспортерлерінің жағдайын қиындатып, жапон өнеркәсібін шетелге шығуға итермеледі. Өнеркәсіпшілер курсты төмендету үшін үкіметтен валюталық интервенциялардың жасалуын талап етті. Жартылай мемлекеттік болып келетін ДЖЕТРО ұйымының бағалауынша, жапон компаниялардың шығынсыз өндірісін қамтамасыз ете алатын иена курсы 1 доллар = 93,4 иена [6].

  Әлемдік валюталық нарықтың көлемін есепке ала отырып, Жапония Банкі иенаның сатылуы мен долларды сатып алу әрекетін нәтижесіз деп санап, курстың 84 иенаға дейін көтерілгеннен кейін, іскерлік топтардың қысымына көніп, 15 қыркүйекте иеналық активтерді сата бастады. Бұл шара 2004 жылдан бергі алғашқы әрекет болатын. Долларға байланысты иенаның жоғары курсы тек экспортқа ғана кедергі болмай, сонымен қатар, импорттық тауарлар бағаларын төмендетіп, Жапонияның ішкі нарығындағы бағалар дефляциясын қоздырады.

  Билікке келе салып, Демократиялық партия алдындағы басқарушылардың әрекеттерін қайта қарап, экономиканы қайта қалпына келтіру үшін өз шараларын дайындай бастады. Жапониядағы бюджеттік реформаны жүргізу қажеттігі бұрыннан бері келе жатты. Бірақ бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымындағы өзгерістер дағдарыс жағдайында жүргізіле алмады. Сондықтан ЖДП бюджеттік үдерісті қайта қарау әрекетінен бастады. Әдетте, кәдімгі тәртіп бойынша қаражатты жасақтау мен үкімет ішіндегі тармақтар бойынша шығындарды келістіру үшін 5 ай берілетін (1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін). Содан кейін бюджет парламенттен өтіп, 1 наурызда, жаңа қаржылық жылдың басталысымен күшіне енетін. ЖДП басшылығы  үдерісті 3 айға дейін қысқартуды талап етіп, бюджетті құрастыруға арналған басты ережелерді жойды. Алайда жаңа ережелер тек қарашада дайын болды. 

  Хатояма кабинеті бюджеттің министрліктер мен мекемелер, префектуралар бойынша орындалуы үдерісін қадағалады. Бұрын бюджеттің орындалуын тексеру 3 ай сайын ғана жүргізілетін және пайдалынылмаған қаражат есептелмеген. Енді министрліктен ай сайын есеп беру талап етілді. Бұл жаңашылдықтар шенеуніктер тарапынан наразылық тудырып, бюджеттік үдерістің орталықсыздануына әкелді.

  Кан болса, экономикалық саясатта басты екі міндетті алға қойды: тұрақты экономикалық өсімге қолжеткізу және біріншілік мемлекеттік бюджетті теңгеру. Екі міндет те 10 жылға жоспарланды. Жекекәсіпкерлікті босату мен инвестициялардың сыртқа ағылуын қысқарту үшін, Кан пайдаға салынатын салықты 40%-дан 26%-ға дейін төмендетуді ұсынды. Яғни, ол Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін 30 мемлекеттің орташа көрсеткіші. Бұл шараны ірі компаниялардың 70%-ы қолдағанына қарамастан, оны тез арада жүзеге асыру оңайға соқпады. Cалықтың төмендетілуіне байланысты қайшылықтар алдындааайтылып өтті.

  Жаһандық дағдарыс Батыста орын алған қайшылықтардың тереңдігін көрсетті және американдық доллардың күшін жасақтауға теңқұқылы қатысқан Жапонияға үлкен ықпалын тигізді. Әлемнің ірі экономикалық державалары  Халықаралық валюта қоры, оның филиалдары мен Әлемдік Банк сияқты мықты құрылымдарға сүйене отырып, жаһандық басқару жүйесіне жаңа қаржылық технологияларды енгізіп жатыр. Әлемдік қаржылық құрылымдар доллар мен еуроның айналымында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Жапония да ірі қаржылық держава ретінде осындай үдерістердің көрінерлік қатысушысы болып табылады. Нәтижесінде, әлемдік саясат геоэкономикалық мәнге ие бола бастады. Ірі мемлекеттер, соның ішінде Қытай, Ресей, ЕО мемлекеттері және басқалар АҚШ-тың қор нарығындағы өз салымдарын сақтау үшін американ қымбат қағаздарын сатып алуда жаңа деңгейге шығуға мәжбүр. Қытай бірінші болып әскери-техникалық жағынан қуатты, бірақ қаржы-экономикалық тұрғыдан әлсіз АҚШ-тың керек еместігі туралы айтты. Жапония болса, иена қымбаттауын тоқтату үшін барлық долларды сатып алуға дайын екендігі туралы айтқан болатын. 



  2010 жылы, 21-23 қазанда Оңтүстік Корея мемлекетінің қаласы Кенджуда өткен «Үлкен жиырма» мемлекеттерінің қаржы министрлері мен орталық банктер басшыларының кездесуі және 2010 жылы 11-12 қарашада Сеулде өткен мемлекет пен үкімет басшыларының самиті әлемдік қаржы зиялыларының демократизация үдерісі барысында ХВҚ шеңберінде бұрыннан қалыптасып келген қаржы жүйесін және ережелерді сақтау талпынысын бекітті. Дамушы мемлекеттердің әлемдік қаржы мен экономиканы басқарудың жаһандық орталығына қатысуы қор ресурстарының екі еселенуіне әкелетіндігімен, ұйымда қалыптасқан ұжымдық шешім қабылдау үдерісіне әсер тигізбейді. Жаңа, созылған және уақытпен шектелген шектелген квоталар 2012 жылдан 2014 жылға дейін күшіне ену керек. Жапония ХВҚ-ның 24 атқарушы директордан кіретін Атқарушы кеңесіне кіреді. Олардың сегізі ғана түрлі деңгейде еке мемлекеттердің мүдделерін көрсетеді: АҚШ, Жапония, ҚХР, Германия, Ұлыбритания, Франция, Сауд Арабиясы мен Ресей.  Басқа директорлар мемлекеттер топтарын көрсетеді.



World Organization of Creditors

6, build 2, Baumanskaya str., Moscow, Russia, 105066 “Victoria Plaza” Business center. Tel.: +7 (499) 702-32-39
http://www.woc-org.com. E-mail: woc@woc-org.com





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет