Vi республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы Ата кәсіп ши тоқу



жүктеу 297.58 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі297.58 Kb.
VI республикалық «Жарқын болашақ»

қазақ тілі олимпиадасы


Ата кәсіп - ши тоқу



Орындаған : Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов ауданы

Шұқыркөл орта мектебінің

7 сынып оқушысы Есет Елнұр

Жетекшісі: Байсаринов Е.В.

технология пәні мұғалімі


2014 жыл

Мазмұны


1. Кіріспе ______________________________________________________ 3

2. Ши тоқудың тарихы __________________________________________ 5

3. Шиді орау тәртібі ______________________________ _______________8

4. Шидің тұрмыста қолданылуы ___________________________________ 14

5. Ши колөнерінің болашағы ______________________________________ 16

6. Корытынды ___________________________________________________ 17

7. Пайдаланған әдебиет ___________________________________________ 18

8. Қосымша _____________________________________________________ 19



Кіріспе

Ши тоқу – көне кәсіп. Ши тоқу – бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына ескі заманнан белгілі өнер. Зерттеушілердің айтуынша, ши орау өнері өте ерте заманда ХV ғасырдан бастап дамыған көрінеді. Осынау көне кәсіптердің бірі саналған ши тоқу өнері қазақ, қырғыз, түрікмен, жартылай отырықшы өзбектер мен қарақалпақтар өмірімен біте қайнасып, олардың тұрмысы мен шаруашылығында, мәдениетінде ерекше маңызға ие болған. Кез келген қолөнердің шығармашылық ізденіс екені ақиқат. Ал табиғатта кездесетін әр дүниені өз керегіне жарата білу, тіпті қу шидің өзін пайдасына асырып, оның күнделікті тұрмыста, шаруашылықта орнын айқындап, мәні мен маңызын аша білу – ата-бабаларымыздың тек біліктілігінің ғана емес, сондай-ақ шеберлігінің де арқасы деп түсінген жөн.



Мақсаты: көне заманнан келе жатқан ата кәсіп ши тоқу қолөнерін зерттеп, дәріптеу.

Міндеті: 1. Ши тоқу қолөнерінің тарихын анықтау 2. Қазіргі кездегі ши тоқудың орны 3. Ши тоқу өнерінің болашағын болжамдау 4. Ши тоқуды тенология сабағында дәріптеуі

Зерттеудің нәтижесі: Мұндай қолөнер туындыларын қастерлеушілер қазіргі уақытта үй интерьерін безендіруге қолөнершілерімізді қолдану, болашақта қосымша табыс көзі ретінде пайдалану. Зерттеудің нысанасы: ши

Зерттеудің заты: шиді қолөнерінде пайдалануы

Зерттеудің маңыздылығы: ши тоқу қолөнер түрін қайта жандандыру қажет деп есептейміз. Халықтың дәстүрін кейінгі ұрпақ ұмытпай ары қарай оны жалғастырып жатса ғана халықтың қолөнері, соның ішінде ауылдың қолөнері жан-жақты дамып өркендеп жататыны даусыз екені айқын. Себебі, біздің декоративтік қолданбалы өнеріміз халықтың көпқырлы рухани өмірінің бір бөлігі ғана. Оның іргетасы берік қаланған және қазақ халқының бүкіл ұлттық мәдениеті осыған негізделеді. Декоративтік қолданбалы өнер нағыз өнер қастерлеушілерді біздің өңірге тартудың айрықша тәсілдердің бірі болып есептеледі.

Зерттеудің өзектілігі: осы күнде ши тоқу өнері ұмытып барады, осындай қолөнермен айналысатын шеберлер аз қалды. Қазақ халқының көне өнерінің ұмытылмауы-ол қазақ елінің болашағының сақталып қалуының міндеті.


Ши тоқудың тарихы

Қазақ халқының ең көркем кәсіптерінің бірі ши тоқу болып табылады. Ши тоқудың да басқа киіз жасау қолөнері сияқты бай тарихы бар. Әрбір киіз үй шимен жабдықталып отырған, яғни ши пайдаланылмаған киіз үйді кездестірмейсіз. Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, Ресей, Еуропа бөлігінің оңтүстік шығысында, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстігінде кездесетін ши өсімдігі Қазақстанның дала, шөлейт аймақтарында, тау беткейлерінде, әдетте, суға жақын жерлерде өседі. Қыста мал жайылымына таптырмас бұл өсімдіктің сабағын қазақтар ши тоқу үшін қолданған. Мірдің оғындай түп-түзу, әрі өте берік келетін шидің сабағы тұрмыста орны ерекше материалдың бірі ретінде кәдеге асты. Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе, ірімшік, т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды. 


Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде «жез ши» деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау болса керек).

Суық түсе бастаған кезден бастап ши жиі қолданыла бастайды. Егер киіз жаңбырдан суланып кетсе, ши ылғалды ішке өткізбейді, сондай-ақ шаң тозаңға да тосқауыл бола алады. Әкелінген өрнекті шилер мен біздің қолөнершілер дайындаған шилердің айырмашылығы мынадай: мұнда жүннің орнына түрлі-түсті жіптер пайдаланылған. Яғни күйе боялған жүнді де жеп қойып отырған, сондықтан тоқымашылар түрлі-түсті жіптерді пайдалана бастаған. Қазіргі уақытта ши тоқу үлкен шеберлік пен төзімділікті, қажырлықты талап етеді. Өрнекті шилерді дайындаудың процесіне жан-жақты тоқталып өткен жөн.

Қазақ халқында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі – ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер. Шиден түрлі бейнелер жасап, ою-өрнектермен өрнектеп базарлық, кәдесый ретінде нарыққа шығарып, бұл кәсіпті нәсіп етіп, пайдасына асырып отырғандар да қазіргі таңда жоқ емес. Қазақ халқының асыл қазынасының бірі болып саналатын қолөнерінің шығу тарихы мен сан түрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларының жасалу жолдары туралы мәліметтер халқымыздың мақтанышы болған белгілі ғалымдарымыз Ә.Х.Марғұлан, М.С.Мұқанов, Х.Арғынбаев, Т.К.Басенов, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, К.Әмирғазин, Ұ.Әбдіғаппарованың зерттеу еңбекттерінде көп орын алған. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің ішінде ерекше көзге түсетін және өзіндік нақышқа толы түрі-бұл ши тоқу өнері.

Ши тоқу-бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кен тараған сәндік-қолөнер түрі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған шилер қазірггі күнге дейін кеңінен қолданылып та келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бөлігі ретінде кереге сыртына тұлуға, әртүрлі үй шаруашылық мүддесіне, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып бүлінбеуі үшін астына төсеуге, сонымен қатар құрт жаюға, тары сүзуге т.б. кеңінен пайдаланылады.

Қазақ халқының қолөнері саласындағы ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі-ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнер. Қолөнер ісінің басқа түріне қарағанда ши тоқу әлдеқайда арзанға түседі, әрі төзімді келеді, әсем болуымен қатар ши бұйымдары көшіп-қонуға, алып жүруге өте қолайлы. Сол себепті мал шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан бері пайдаланып келеді, қазір де кездестіруге болады. Тарихи жазба деректерге қарағанда қазақ арасында үйшілік, тігіншілік, етікшілік, тоқымашылық тағы басқа колөнер кәсіптері дамыды.

Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі сәндік қолтанбалы өнерінің арасында тікелей, әрі табиғи байланыс бар. Көне өнер туындылары кәсіби суретшілердің шығармашылығында қайтадан талданып, сәндік өнердің жаңа түрлері, олардың әсемдік жағын жүзеге асыру қолға алынып отыр. Әсіресе, кесте, ши, зергерлік бұйымдар жан-жақты даму үстінде. XIX ғасырдың аяғында қолөнердің осы түрлері әртүрлі ою-өрнектермен әшекейленсе, қазіргі таңда көбінесе әртүрлі сюжетті бейнелермен шебер байытылуды.



Шиді орау тәртібі

Бұл біздің қолөнершілердің қолынан шыққан жарқын жұмыстардың бірсыпырасы ғана. Мұндай кереметтерді жасауда шебердің жұмысы алдымен жиналған шидің сабағын қабығынан аршып, оның жарамды, жарамсызын бөліп алумен басталады. Негізінен ши бұйымын сыртқы көрінісіне қарап, үш түрге бөледі. Олар – ақ ши, ораулы ши және шым ши. Ақ ши дегеніміз – қабығынан аршылған, оралмай тоқылған ши. Ақ шиді қазақ «өре ши» деп те атаған. Өн бойы тұтас оралмай, әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды. Сондай-ақ орама шиді шым шимен бірге киіз үйдің керегесін айналдыра тұту үшін пайдаланған. Біркелкі оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды. Бұл шиді кейде «жез ши» деп те атау ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған болса керек. Өн бойы өрнектелген шым ши киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау ретінде пайдаланған. Өрнектеп шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық, жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын «шаршы ою» деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Осылай тұтас беті өрнектелген шым шиді түскиіз орнына да ұстайды. Сондай-ақ киіз үйлердің шым есігі де осы шым ши екені белгілі. Бұрындары ши орау және тоқу технологиясын жас қыздар апа-әжелерінің жанында отырып-ақ меңгерген. Осылай бұл өнер кәсіп ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып отырған. Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Сондықтан көбіне бұл арқалықтың биіктігі 120-130 см шамасында болады. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байлаған және бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады да, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиден қабаттап бекіту шарт емес, оны үш шиден де крест салып байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар «шыбын қанат» деп атайды. Тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезеңінде шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Мұның шидің екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауына себебі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің бұл бөлігін «қарақұс» деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды «шибау» деп атайды. Ал кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін шиді айналдыра тұтуды «ши ұстау» деп атайды. Ши ораудың екі әдісі бар. Біріншісі – тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау. Екіншісі – жаңа өрнек үлгісімен орау. Шеберлер ши бетіне салған түрлерін «жүзтеру» деп аталады. Шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін көбінесе пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ отпен де күйдіріп белгілейді. Бұл белгілеуді «сызу» деп атайды. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі-түсті жүннен орап үлгі салып, түр шығарады. Оралған шиді, салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастыруды шеберлер «тізу» деп атаған. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.

Тоқымашылар алғашқы кезекте оның сұлбасын таңдап, ою-өрнектерді әрбір шиге инемен белгілеп шығады. Жіп пен жүн шиге жақсылап отыру үшін оларды алдын ала желімдейді немесе оларға кір сабын жағады. Бұл бізге апа-әжелерімізден жеткен көне технология. Түрлі-түсті жүнді қолдана отырып әрбір шиді басқа шилермен өріп отырады. Ши тоқу барысында шиді ұстайтын жіптер салмақшаларға байланып, тоқыма станогының кермесіне жіптерді ілу кезінде олар шешіліп кетпеу үшін түйінделіп бекітіледі. Жіптердің ұзындығы тоқылатын шидің ұзындығынан 4 есе ұзын болуы тиіс. Сонан соң жіптерді керме үстінен 20-25 см қашықтықты сақтай отырып кере бастайды. Осыдан кейін жүнмен өрілген шиді жіптер керілген керменің үстінен өткізіп, шидің жіптері шығып тұрған аяқ жағын қарама қарсы жағына бекітеді. Бұл процесс тұтас сурет пайда болғанша жалғаса береді. Сурет әдетте айқын ою өрнектерден тұрады.

Ши тоқу процесі аса күрделі болып табылады, өйткені әрбір шиді түрлі түсті жіпке жеке өріп, басқаларымен қосу қажет болады. Сондықтан қандай сурет шығатынын алдын ала анықтау мүмкін емес, себебі ою-өрнектің сұлбасы тек тоқымашының ойында ғана болады. Сөйтіп көптеген элементтерден біртұтас, анық әрі айқын суретті жасап шығару қажет. Ірі оюлар мен қарама қайшы өрнектер арқылы көркем мазмұнды әсем бейнеге қол жеткізуге болады. Бұрындары қазақ қолөнершілері мынадай шилерді дайындап келген: өре ши – шилердің қарапайым өрілген түрі; шабақ ши – шиден жасалған төсеніш, шым ши.

Шым ши – ою өрнекті ши, керегені және киіз үйдің туырлығын бөліп тұру үшін әзірленеді. Шым шидің бір түрі – шым есік, ол киіз үйдің есігіне ілінетін ою өрнекті ши. Өре ши қазақтардың тұрмысында жүнді жайып сұрыптау кезінде кең қолдынылып келген. Сондай-ақ сүт өнімдерін кептіріп жаю кезінде де пайдаланылған.

Қалқа, шымылдық ретінде шабақ ши пайдаланылған. Оны киіз үйдің шаруашылық жүргізетін бөлігін қалқалап тұру үшін және керегенің тысы ретінде қолданған. Шым ши - керегені жауып тұратын ою өрнекті ши.

Шым шиді тоқу кезінде шилерді түрлі түсті жүнмен белгілі бір аралықта өріп отырған. Олардың мөлшері әртүрлі болып отырған: ені кемінде 140 -170 см, ал ұзындығы - 10 метрге дейін және одан да үлкен.

«Жаз» - шиыршықталған дәстүрлі ши. Оның алдыңғы жағы желпуіш тәрізді әрі металл стерженьдермен бекітілген. Төменгі жағы металл стерженьдерден жасалған әрі үшбұрышты болып келеді. Стерженьнің үстінде металлдан жасалған шар пайдаланылған, ортасында жартылай шеңбер орналасқан, оған төрт бұрышында төрт металл шары бар айқастырылған табан ағаш бекітілген.

«Тауыс» бояуы қанық әрі айқын қомпозициядан тұратын ши. Ою өрнектелген түрлі-түсті дәстүрлі шиден жасалған. Оның негізі металлдан орындалған. Оның түрі қанат тәрізді конфигурациядан тұрады. Төменгі жағы көлбей орналасқан. Оның төменгі жағынан шамалары әртүрлі шарлардан тұратын екі металл стержень шығып тұрады. Шидің алдыңғы жағы ішке қарай иіліп жасалған. Сондай-ақ алдыңғы төменгі жағы аяқ тұстарында металл шарлармен безендірілген, ал арт жағы қанаттар түрінде берілген.

Өрнектеп ши тоқу өнерін жүзтеру деп атайды. Алдымен шидің қарақұсы тоқылады одан соң шидің өрнегі тозып қалмас үшін ақ жіппен алақант тоқылады оның жалпақтығы 20-40 см болады. Одан кейін барып өрнектеп ою саламыз.

Ою өрнек түрлері:

1.Геометрялық

2.космостық

3.Өсімдіктер

4.Жан жануарлар.


Таңдап алған геометриялық ою элементі ромб,төртбұрыш қолдана отырып шиге өрнек салуға кірісу.
1.Суретке қарап отырып алдымен ақ жіппен ши бойын белгіленген жерге дейін орау.

2.Көк жіпті ақ жіпке қосып бір бағытта орау,жіптің ұшын ілмектеп бекіту.

3.Дайын шиді шибаумен байлап бекіту

4.Дайын ши шеттерін тегістеп қырқу.

1)Жаздың аяғында,күз басында тереді.

2)Артық шөтен шіріген,қабықтан аршу

3)Шидің өзін немесе жіп орап тоқу

4)Ши шетін қырқып түзету.



Шидің тұрмыста қолданылуы Шиден тоқылатын заттар:

Ас ши Күрке

Терезе жапқыш

Аяқ қап


Қазан жапқыш

Ши қора


Ау

Қар ұстағыш

Ши қалпақ

Етхана


Мал соятын ши

Шыны қалпақ

Есік

Масахана


Өре ши

Киіз басатын ши

Тұс ши

Шым ши


Кілем ши

Саба ши


Ораулы ши

Жолым


Түс ши

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде бұл аталғандардың әрқайсысы өз-өз орнымен қолданылады. Киіз басуға, сүзгіге, мал сойғанда еттің астына салуға, құрт-ірімшік жаюға өре ретінде, сондай-ақ үйдің төбесін сыларда біркелкі тегіс, әрі ыңғайлы болу үшін ақ шиді қолданған.

Әр тұсынан өрнек сала оралған ши көбіне сәндік үшін қолданылған, яғни үй ішін безендіріп, ою-өрнекпен, түрлі бейнемен суреттелген. Дүкенде сатылатын түсті бояуға боялған ветнам,үнді халқының салфеткаларына талдау жасау,оның да дала шөбінен жасалғанын айту.Сол сияқты белерусь,литва халықтарыдама шөбі-қамыстан түрлі орындық, үстел, креслолар өріп,тоқитыны да айтылады.Киіз үй жабдықтарын оқушылардан сұраймын.Қыста киізбен қоршалса,жазда шимен қоршалатына байланысты даланың шиін тоқып пайдалану қажеттілгі туады. Мұндай ши киіз басуға,құрт кептіруге де пайдаланған.Бұл ши жалаң ши шыбықтарынан тоқылад,сондықтан халық ақ ши деп те атаған. Ши тоқу кезенде шидің ұзын шыбықтарын таратып жерден өсер жағы жуан, бас жағы жіңішке екекендігін байқап араластырып тоқу қажет. Шиді тоқу үшін қажет құралдар көрсетіледі.Ши тоқудың басқа тоқулардан ерекшелігі,сол тоқу инесімен тоқу кілем тоқулардан ерекшелігісол тоқу инесімен тоқу кілем тоқудағыдай арнайы құралдың қажеті жоқ.тек қосымша салмақтылық заттарды,жіп және белбеу ағашы керектігі керек. Ши тоқу өнерімен Азербайжан тұрғындары қурдтар да шатыр қабырғасын әсемдеуге пайдаланған.


Ши колөнерінің болашағы

Қазақ қолөнершілерінің шилерді сату мақсатында дайындауға мүмкіндіктері бар ма? Осы сұрак ши тоқу кәсібімен айналысып жүрген әр азаматты ойландырады. Бұған мүмкіндік бар. Орасан ақша төлеп италиялық, түркиялық өндірушілердің тауарларын сатып алуда. Яғни елімізден ақша шетелге ағылып кетуде. Қазақтың қадым заманнан қалыптасқан шиден өрнек салатын көне өнерi бүгiнде өзiнiң өмiрiнiң жаңа жалғасын тауып отыр. Қолданған материалдарының техникасының қарапайымдылығымен ерекшеленетiн бұл өнердiң туындылары өзiнiң көркемдiк сипатының жоғарылығымен де айырықшаланады. Қарапайымдылығы бұл өнер техникасымен әр адамға айналысуға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге бұл техникамен өнер бұйымын жасау оңай емес. Бұрын тек тұрмыстық қажеттiлiктi ғана өтеп қоймай, көшпелi тұрмысқа көркемдiк берген бұл өнер бұйымдары ұлтық материалдық мәдениетiмiздiң бағалы ескерткiштерiне айналды. Фабрикадан шыққан сувенирлардей емес, әр бұйым шиден жасалған басы-аяғына дейiн қолмен орындалатын, бiр бiрiн қайталамайтын. Ол заттар да бiрден жұрттың сұранысына ие болады. Бұл дәстүрлi техниканы қолдана отырып бұл өнерге көптеген жаңалықтар енгiзiп, ши өнерiн қазiргi заман талабына сай дамытып, тамаша туындылар жасауға болады. Бұл өнер арқылы да үлкен идеяларды, терең ойларды, күрделi сезiмдi бере алуға болады. Бұл техниканы қолдануда батыл iзденiстерге барып, жаңа әдiс-тәсiлдер қолданып, көркемдiк тiлiнiң мүмкiншiлiктерiн арттыруға болады.

Ұлттық бұйымдар шығаратын шағын цех ұйымдастырып, шиден, киiзден жасалған панно, қазақша сувенирлер жасауды бастау керек.

Қорытынды

Міне, осымен ши орау өнерімен танысып, көптеген мағлұматтар алдық. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасың тауып келген халық қолөнерін қастерлеп, өзіміз үйреніп болашақта әлі де дамыта беру біздің тікелей міндетіміз. "Тіршіліктің негізі еңбек.Еңбекпен ғана адам жақсы өмірге жеткен" -деп Сәкен Сейфулин атқандай адамдар осындай тамаша бұйымдарды жасай білген. Ши тоқу – көне кәсіптердің бірі. Ши тоқуға қазақтар шидің сабағын қолданған. Ол үшін әуелі әр шиді белгіленген сурет бойынша түрлі түсті жүннің иірілмеген талшықтарымен жеке-жеке шырмап алады. Бұдан соң оларды біріктіре тоқып кілемдей әсем сурет шығарады. Осылайша тоқылған шым шимен киіз үйдің керегелері айнала қоршалған, сондай-ақ киіз есіктің ішкі жағына тұтылған. Қазақтың қадым заманнан қалыптасқан шиден өрнек салатын көне өнерi бүгiнде өзiнiң өмiрiнiң жаңа жалғасын тауып отыр. Бұл өнердi тек далада мал өсiрiп, өмiрiнiң бар қажеттiлiктерiн осы даладан алатын көшпелi халық қана тудыруы заңды едi. Ен далада өсiп тұрған шидiң сабақтары мен өзi өсiрген қойдың жүнiнен иiрiлiп, сол далада өсетiн өсiмдiктерден алынған бояулармен түрлi түске боялған жiптерден өнер туындысын тудыратын бұл өнерден артық саин далада көшiп жүрген көшпелi халыққа соншалықты тән басқа өнердi атау қиын. Қолданған материалдарының техникасының қарапайымдылығымен ерекшеленетiн бұл өнердiң туындылары өзiнiң көркемдiк сипатының жоғарылығымен де айырықшаланады. Қарапайымдылығы бұл өнер техникасымен әр адамға айналысуға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге бұл техникамен өнер бұйымын жасау оңай емес. Бұрын тек тұрмыстық қажеттiлiктi ғана өтеп қоймай, көшпелi тұрмысқа көркемдiк берген бұл өнер бұйымдары ұлтық материалдық мәдениетiмiздiң бағалы ескерткiштерiне айналды.




Пайдаланған әдебиет

1. Марғұлан А. Казахское прикладное искусство-Алма-Ата. 1989

2. Қасымов С. Қазақ халқының өнері-Алматы.1995

3.Арғынбаев Х. Қазақ халқының өнері-Алматы.1987

4. Тәжімұқанов А. Шебердің қолы ортақ-Алматы.1977

5. Тәрбие хрестоматиясы. "Ғылым" ғылыми баспа орталығы.2001



Қосымша

Сөздік

Аршу –ши қабығын аршып тазалау

Сызу-шиге өтнекті кертіп белгілеу

Шаршы-бір тұтас өтнекті қамтыған шидің бөлігі

Қырқу-тоқып болған ши шетін қырқу

Жүз теру-шиді теру әдісі

Қарақұс-шидің бастапқы бөлігі

Алақант-үш,төрт жіпті біріктіріп орау

Шыбынқанат-орау әдісі

Шибау-шиді біріктіріп байлайтын жіп

Сырық-шиді,шибауды ілетін станок бөлігі

Кілемші-шиеге салынатын ұсақ шаршы өрнек

Қазықбас-жіпті орап байлаудың бір түрі.

Қауіпсіздік ережесі

1.Шиді көтермеу жоғары

2.Қайшымен жұмыс кезіндегі ереже

3.оқушылар бір-бірімен жақын отырмау



4.Ши шетін бекітіп отыру





Шиден жасалған бұйымдар






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет