Параметрлік емес критерийлердің есептеу формуласында жиіліктер немесе рангілер қолданылады. Параметрлік емес критерийлерді қолдану маңызды: - шолу жасау кезеңінде;
- бақылау саны аз (30 – ға дейін);
- деректердің қалыпты таралу заңына сәйкестігі белгісіз .
- тәуелсіз таңдамалардың топтары арасындағы айырмашылық критерийі;
- тәуелді таңдамалардың топтары арасындағы айырмашылық критерийі;
негізгі топтарға бөлінеді. - таңбалардың z – критерийі;
- Уилкоксоннің жұптасқан Т – критерийі;
1. Нөлдік және балама жорамалдарды анықтаймыз. Н0: екі топтағы арасындағы статистикалық айырмашылық жоқ. Н1: екі топтағы арасындағы статистикалық айырмашылық бар. 2. Жұп бақылаулардың айырмалары есептеледі. 3. Айырмалардың абсолюттік шамалары бойынша (таңбалары ескерілмей) варияциялық қатар құрылады және ол ранжирленеді(өзгеріске ұшырамаған айырмалар алынып тасталынады). 4. Бірдей таңбалы мәндердің рангілерінің қосындылары бөлек есептеледі. 5. Қосындылардың аз шамасы бағаланады. Уилкоксон критерийін қолдану Алынған Т шамасын сыни мәнмен салыстыру арқылы нөлдік жорамалды қабылдау немесе жоққа шығару туралы шешім қабылдайды. - Егер берілген мәнділік деңгейінде есептелген Т мәні критикалық мәннен үлкен болса (жұп бақылаулар санын алып тасталған нольдік айырмалар санын азайтады) Тбақ > Тсыни , онда нөлдік жорамалды жоққа шығаруға негіз жоқ.
- Тбақ < Тсыни болғанда нөлдік жорамал жоққа шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |