Викторина «халықтар достасады тілдер достасады»



жүктеу 42.84 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі42.84 Kb.
ОЙЫН-ВИКТОРИНА

«ХАЛЫҚТАР ДОСТАСАДЫ – ТІЛДЕР ДОСТАСАДЫ»
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз.

1 Жүргізуші:

Әлемде 2000-3500 мыңға жуық тілдер бар. Олардың ішінде ескірген, қазіргі уақытта қолданбайтындары да бар.

Тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай оның қолдану аясын кеңейте түсу қажет. Тіл туралы заңның баптары осындай міндеттер жүктейді. Алайда заң талаптары әлі толық орындала қойған жоқ.

2 Жүргізуші:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерді дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, Үкімет қарауына ұсынылды. Онда мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерді дамытудың жолдары қарастырылып, нақты тетіктері көрсетілген. Біздің ең басты міндетіміз: тіл тазалығын сақтау, тіл байлығын арттыру, ғылым тілін ұштау, интеллектуалдық өрені биіктету және қазақ тілін елдің бүкіл азаматын топтастыратын біріктіруші күшке айналдыру.



1 Жүргізуші:

Анамның тілі – ардақтым менің

Әлемнің құты,

Шешемнің сүті,

Сіңірген тұла бойыма.

Бар асылын халықтың,

Лұғатын ұлы тарихтың,

Құйған сана-ойыма.

Туған тілім, өркенде,

Бола бер күшті, көркем де!

Ана тілі – адам баласына табиғат ананың берген үлкен сыйы. Ол

халқының ар-намысы, жанының нәрі. Тіл болмаса, халық та жойылады.

Тіл байлығы елдің елдігі, ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті, салт-санасы, дәстүрлерінің қай дәрежеде екендігін көрсетеді. Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениетке, ғылымға жетіп, өзімізді жұртқа, әлемге танытамыз.



2 Жүргізуші:

«Өнер алды - қызыл тіл» дегендей, адам баласының байлығында тілден артық несі бар? Ана тіліміз – баға жетпес байлығымыз. өз тіліміздің құдіретіне, қасиетіне жете білейік, қастерлейік.

Тіл әр ұлттың өзіне тән ажырағысыз белгісі, киелі қастерлісі, ұлттың ұлы мақтанышы. Ол атадан балаға мирас баға жетпес асыл мұра. Демек, әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс.

1 Жүргізуші:

Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз.

Біздің ең басты міндетіміз: тіл тазалығын сақтау, тіл байлығын арттыру, ғылым тілін ұштау, интеллектуалдық өрені биіктету және қазақ тілін елдің бүкіл азаматын топтастыратын біріктіруші күшке айналдыру.

2 Жүргізуші:

«Біз бар қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі еліміздің мемлекеттік тілін барлық қазақстандықтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш – жігерімізді жұмсаумыз керек». – деген болатын елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

Орамды ой, қорғасындай салмақты, алмастай асыл Жолдаудың алтыншы басты негізінде қазақ халқының тілі мен мәдениетіне, туған тілімізге де қатты көңіл бөлінген.



1 Жүргізуші:

«Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген жолдар мәдениет қайраткерлерінің ғана емес, елін сүйер әр адамның жүрегінен жол табары анық. Кез-келген ұлттың тек мәдениет арқылы ғана ұлт болып қалатыны баршаға аян, ал елдігімізді сақтау – туған тіліміз бен мәдениетімізді сақтау деген сөз.



2 Жүргізуші:

Ана тілі – адам баласына табиғат ананың берген үлкен сыйы. Ол халқының ар-намысы, жанының нәрі. Тіл болмаса, халық та жойылады.

Тіл байлығы елдің елдігі, ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті, салт-санасы, дәстүрлерінің қай дәрежеде екендігін көрсетеді. Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениетке, ғылымға жетіп, өзімізді жұртқа, әлемге танытамыз.

1 Жүргізуші:

Ана тілі жайлы толғанбаған ақын-жазушы да жоқ шығар, немесе әйгілі ақынымыздың:

«Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!» - деген тамаша өлеңін айтып өткен жөн болар. Өзі жасап жатқан ортасының мемлекеттік тілінің қадір-қасиетін сезініп, оны құрметтеп өскен ұрпақтың елінің болашағы жолында атсалысатын саналы адам болып шығатынына сенеміз.


Ендігі кезекті сайысқа береміз:

І. Сәлемдесу

1 – «Жалын» тобы

2 – «Қырандар» тобы

3 – «Сұңқарлар» тобы


ІІ. Білгірлер сайысы. Аударма жасау.
Қазақ халқының мақалдары
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын
Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды
Дәмді болса достық қымбат, мәнді болса жастық қымбат
Досыңның үйі өз үйің, досыңның сыйы өз сыйың
Қысқы азығыңды жаз жина
Досы көпті жау алмайды
Ырыс басы ынтымақ
Көппен көрген ұлы той
Достыққа бірлік пен теңдік керек
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады

ІІІ.

1 – «Жалын» тобы

2 – «Қырандар» тобы

3 – «Сұңқарлар» тобы


Музыкалық үзіліс:

Тәттімбет атындағы музыкалық колледжінің студенттері ән орындайды.

тобы
ІV. Капитандар сайысы. Қазақша бір сөз айтып, сол сөздің соңғы әрібінен басталатын басқа сөз жалғастыру. Егер тоқтап қалса сол ойыннан шығады.

1 – «Жалын» тобы

2 – «Қырандар» тобы

3 – «Сұңқарлар» тобы



VI. Үй тапсырмасы. Өнер сайысы.

1 – «Жалын» тобы

2 – «Қырандар» тобы

3 – «Сұңқарлар» тобы

Сайыстың соңында әділ қазылар алқасы әр топтың жинаған ұпайларының есебін жариялайды. Жеңіске еріскен топтарға мадақтамалар мен сыйлықтар үлестіріледі.

1 орын – «Жалын» тобы

2 орын – «Қырандар» тобы

3 орын – «Сұңқарлар» тобы


1 Жүргізуші:

Қазақстанда жасайтын барша халықтар тіліне, ұлтына, шығу тегіне, дініне қарамастан барлығы тең құқықты және тату. Қазақстан халықтарының достығы мәңгі болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет