Вишневецкий Владимир Михайлович



Дата23.07.2016
өлшемі18.91 Kb.
Вишневецкий Владимир Михайлович

1900 жылы дүниеге келген. Ұлты-украин. Азамат соғысында майданға қатысқан, Қазақстандағы колхоздастыру науқанына белсене ат салысқан. Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Қазан ауылдық Кеңесінде председатель қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысы күндерінде Вишневецкий 16-Чернигов атты әскери дивизиясының 60-гвардиялық атты полкының қатарында фашист басқыншыларын талқандады. Днепр үшін болған шайқастағы ерлігі мен батырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының Қаулысымен 1944 жылдың 9-ақпанында аға сержант В.М. Вишневецкийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1941 жылдың 17 қыркүйегінде Жуалы аудандық әскери комиссариатының шақыруымен Қызыл әскер қатарына шақырылады. Ол мыңдаған шақырым жолға сабырмен және іскерлікпен жиналды, бес баласының сарғыш бастарынан сипап, әйелін құшты. Азамат соғысы жылдары бірінші жауынгерлік қадамнан өткен тісқаққан жауынгер өмірдің бағасын білетін еді, бірақ ешқашан басын жоғалтқан емес. 1942 жылдың 20 қарашасында Сталинградтан оңтүстікте орналасқан Абганерово станциясының жанында аға сержант Вишневецкий өз бөлімшесімен қарсыластардың тылына өтіп, оның жолын бөгеп, кейін шегініп бара жатқан гитлершілдерге өз зеңбірегінен оқ шашты. Бөлімшенің салқын қандылық дәл әрекеті мен қимылы үшін осы бірінші шайқаста Вишневецкий «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Көп ұзамай барлық команда гвардиялық болды. Вишневецкий Кеңес Одағының Батыры атағын Днепр үшін шайқаста алды. 60-гвардиялық атты әскер Днепрден шайқаспен өтуге бұйрық алады. 0сы бұйрықты орындауға аттанған, алғашқы гвардеецтердің қатарында өз бөлімшесімен Вишневецкий де болды. 1943 жылы 28 қыркүйекте артиллерия мен пулеметтен жауып тұрған оққа қарамай ол өз зеңбірегін өзеннің арғы жағалауына өткізіп алды. Сол жерде, оң жағалауда Владимир Михайлович жаумен бетпе-бет шайқасты. Өздері басып алмақшы болған елдің әрбір ұлтарақтай жеріне жау жағы жармасып жатты. Гвардеецтерді Днепрдің терең суына батырғысы келгендей, жау танкілері қор сынышпен шықырлап жылжып келе жатты. Бірақ гвардия аға сержант Вишневецкийдің бөлімшесі сабырлылық және дәлдікпен әрекет жасады. Ол тек оң жағалауға тұрақтап қана қалған жоқ, алға жылжыды. Келесі күні таңертең 1943 жылдың 29 қыркүйегінде Галки хуторы үшін болған соғыста Вишневецкий өз зеңбірегін ашық алаңға шығарып, дәл көздеп қарсыласының үш пулемет ату орнын және 20 солдаты пен офицерін жойды. Барлық шайқастарда Вишневецкий ержүректік және шешімділікпен әрекет жасады. Днепрдегі соғыста оның зеңбірегі 9 танк, 8 бронемашина, 25 автомашина және ондаған фашисті жойды. Денсаулығына байланысты (үш жарақаттан кейін) 1944 жылы В.М. Вишневецкий әскерден қайтарылды. Зейнеткерлікке шығып, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының Свердлов атындағы совхозына көшіп кетті.



Мақала кітаптан алынған.

Достанбаев Т.Ш. Жамбылдық жарық жұлдыздар (Жамбылдық Кеңес Одағының батырлары) [Мәтін]: әдістемелік құрал / Т.Ш. Достанбаев. – Тараз: «Тараз университеті» баспасы, 2007.-76б.


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет