Биомедициналық қызметі
К витамині химиялық құрылысы жағынан хинондар тобына жатады, организмде хиноидты құрылым гидрохинонға айнала алады, сутегіні тасымалдап, биологиялық тотығу процесіне қатысады:
К1 витамині қан тамырларының қабырғасын тығыздап, беріктендіреді, ол бауырда фибриноген, протромбин, конвертин сияқты қан ұюына қатысатын белоктардың түзілуіне әсер етеді.
К витамині авитаминозында қанда жоғарғы аталған белоктардың, бұлшық еттерде АТФ-тың мөлшері азайып, қан ұю процесіне қатысатын ферменттердің активтігі төмендейді.
Қанның ұюы төмендеп, қан тамырлары қабырғаларының беріктігі нашарлауынан ішкі органдарға қан құйылып, тері жарақаттанғанда қан көп кетіп, қан азаю (малокровие) ауруына шалдығу қаупі төнеді.
К витамині жетіспегенде организмдегі тыныс алу процесі төмендейді.
Адам үшін К витаминінің негізгі көзі қырыққабат, қызанақ, асқабақ, өсімдіктердің жасыл бөлігі, бауыр, т.б. тағамдар.
К витамині ішек микроорганизмдері әрекетінің нәтижесінде түзілетіндіктен авитаминозы сирек кездеседі, тек ішектің сіңіру процесі төмендеп, бауыр және өт жолдары зақымданғанда ғана байқалады.
С Витамин тобы: аскорбин қышқылы, антицинготты, антискорбутты. Р Витамин тобы бойынша: рутин. РР Витаминдеріне анықтама беріңіз.
Аскорбин қышқылы (С витамині) - антитотықтырғыш (антиоксидант) және антитотықтырғыштардың синергисті.
Бұдан басқа, бояуды тұрақтандырғыш, қышқылдауыш (қышқылды реттеуіш) қызметін атқарады.
Өнімдердің сақтау мерзімін бірнеше рет арттырып, шараптың, сыраның және алкогольсіз сусындардың ферментативті қышқылдануын тежейді. Мұнымен қоса, жемістерді, көкөністерді және оларды қайта өңдеу арқылы алынатын өнімдерді мұздатқан, консервілеген және өлшеп ораған кезде қараюдан қорғап, құрамындағы витаминдерді сақтайды. Антототықтырғыштың ет өнімдеріне қосылуы жиналатын нитриттер мен нитраттардың мөлшерін үштен бірге азайтуға мүмкіндік беріп, тұрақты әрі біртегіс тұздалуын қамтамасыз етеді, консервілеу процессін тездетеді.
Түсі ақтан ашық сарыға дейін өзгеретін кристаллды ұнтақ болып табылады.
Қолданылатын саласы: кондитерлік тағамдар, карамель, сағыз, сүт өнімдері, қойыртылған сүт, құрғақ таңғы астар, дән үлпегі, печенье, балық өнімдері, қайта өңделген жеміс пен көкөніс өнімдері, мұздатылған көкөністер мен жемістер, құрғақ картоп, көкөніс пен жеміс консервілері, шарап, шампан, сыра, алкогольсіз сусындар, шырын, минералды су, ет өнімдері, ветчина, ысталған өнімдер, сарделькалар, өңделген ұннан жасалған тағамдар, көпіршікті таблеткалар, татымды заттар концентраттары.
Сондай-ақ косметика мен жануарларға арналған азықтар.
Доз алануы - 0,02% дейін.
Қолданылу әдісі . Шарап, сыра, шырын және алкогольсіз сусындарды өңдеу кезінде аскорбин қышқылы соңғы дайын өнімге қосылады. Ет және шұжық өндірісінде ерітінді түрінде тартылған етке қосылады, ал балық өнімдерін дайындаған уақытта тұздық суға кіреді. Жаңа мұздатылған жемістер мен көкөністерге араластырылған ерітіндісін себу немесе өнімді концентратталған ерітіндінің ішіне салу арқылы өңдейді. Аскорбин қышқылы өнімнің ішінде толығымен ерітілу тиіс. Антитотықтырғыш өнімге неғұрлым ерте қосылған сайын, соғұрлым жоғары нәтиже күтуге болады.
Сақтау шарттары: құрғақ, салқын, жарық түспейтін жерде сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |