Визуализациялаудың тәсілдеріне тоқталыңыз Визуализация


 Қашықтан оқыту платформаларының ішінде Zoom платформасын пайдаланудың артықшылықтары



бет6/63
Дата27.09.2024
өлшемі174.93 Kb.
#504064
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Цто новый Алуаның бергені

8. Қашықтан оқыту платформаларының ішінде Zoom платформасын пайдаланудың артықшылықтары
Zoom негізінен видеоконференция өткізуге арналған сервис.
Конференцияны есептік жазба құра алған кез-келген адам ұйымдастыра алады. Мұнда тегін видеоконференция ұзақтығы 40 минут. Уақытты әрі қарай соза түсу үшін төлем жасауға тура келеді. Алайда 40 минут біткеннен кейін, қайтадан жаңа конференция ашып жалғастыруға да болады. Сервис қай жағынан да өте ыңғайлы. Оны жекелеген адамдар да қолдана береді, топпен сабақ та өткізіледі. Қосымшаға компьютер, ноутбук, планшет және смартфоннан да кіруге мүмкіндік бар. Видеоконференцияға сілтеме алған немесе конференцияға идентификатор болған кез-келген адам қосыла алады. Мұнда іс-шараны алдын ала жоспарлап қоюға болады және белгілі бір уақытта әдеттегі сабақты бастау үшін қайталанбалы сілтеме орнатуға мүмкіндік қарастырылған. ZOOM бағдарламаласы қорытынды конференциялар, іс-тәжірибе қорытындылары бойынша есептік конференция, емтихан қабылдау үдерісін ұйымдастыруда (онлай- конференция режимінде), ауызша формадағы емтиханды ды өткізуде, мемлекеттік емтиханды өткізуде қолданылады. ZOOM бағдарламасы жүйесі арқылы оқытушы мен студент, студенттер мен оқытушылар online режимде кез-келген форматтағы ақпараттық файлдармен алмасып, білім алуға болады. Аталған жүйе факультет оқытушылары мен студенттерге оқу үдерісіндегі міндеттерді бірлесе шешуге және өзара білім алмасуға мүмкіндік беруде. Қарым-қатынас жасаудың мүмкіндіктеріне тоқталсақ: форум; электронды пошта; оқытушылармен құжат алмасу (чат, жеке ақпаратпен алмасу), Файл, архив, веб-парақтар және бейнедәрістер арқылы электронды түрде өзара білім алмасу; тесттер мен арнайы тапсырмалар арқылы оқыту және білім тексеру. Орындалған тапсырмаларды студенттер мәтін түрінде немесе файл түрінде жіберуде; семинар, форум сияқты механизмдер арқылы арнайы тақырыпта бірлескен оқу және зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Сервис артықшылықтары: Байланыс сапасы жақсы.
: Кез-келген қатысушымен видео және аудио байланыс орнатуға болады.
Қатысушы өз бейнесін көрсетпей де отыра алады. Микрофонды да қосып қою, өшіріп қою режимі бар.
Платформада интерактивті тақта бар. Яғни, экраннан жылдам тақтаға айналдыруға болады.
Белгілі бір оқушыға немесе арнайы топқа файл, хабарлама жіберуге арналған чат та бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет