Волчанка ауылдық округінің әкімі А. Гекктің 2014 жылға есеп беру тезисі



жүктеу 49.82 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі49.82 Kb.
Волчанка ауылдық округінің әкімі А.Гекктің

2014 жылға есеп беру тезисі
Ауылдық округ әкімінің қызметі «Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, облыс және аудан әкімдерінің өкімдерімен регламентеледі.
Волчанка ауылдық округі 5 елді мекеннен тұрады, халқының жалпы саны-2042 адам, оның ішінде Волчанка а.- 987 адам, Березовка а.- 263 адам, Крюковка а.- 113 адам. Кандыковка а. - 124 адам, Большая Речка а.- 554 адам.

ҰОС қатысқандар - 1 адам, көпбалалы аналар - 30 адам, батыр ана - 3 адам, зейнеткерлер - 343 адам.

Округ аумағының жалпы алаңы 4256 га орталығы – Волчанка ауылы. Округ аумағының жалпы ауданы - 68903, оның ішінде елді мекен жерлер 6064 га.

Ауыл шаруашылығы жері - 34573 га, оның ішінде егістік 15136 га, жайылым 3859 га, шабындық 17796 га. Бонитеттің орта баллы - 67.


Ауыл шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы

Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы. Округ аумағында 50 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс істейді, оның ішінде шаруа қожалғы – 43, ЖШС - 7.

2014 жылы егістік қорытындысы: 13712,9 га оның ішінде 9387,9 дәнді дақылдар, 3825 га күнбағыс егілді. 65 тонна миниралды тыңайтқыштар сатып алынды.

Округ бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының кескінінде астық шығымы 12,2 ц/га және күнбағыс шығымы 12,1 ц/га құрайды.

2015 жылғы егістіке 95 % тұқым дайындалды. 5% тұқым көктемде сатып алынады.

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы: «ДеВита» ЖШС ірі қара бағытында, «Трехгорненское» ЖШС шошқа шаруашылығы, тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығы.



2014 жылдың шілде айында жеке секторда 1590 бас ірі қара, оның ішінде сиырлар - 654 бас, шошқа - 1007 бас, жылқы -186 бас, қой мен ешкі-824 бас, құстардың - 6070 бас.

2015 жылдың қаңтар айында жеке секторда 1390 бас ірі қара, оның ішінде сиырлар -700 бас, шошқа - 990 бас, жылқы - 150 бас, қой мен ешкі - 808 бас, құстардың - 6900 бас, өткен 2014 жылмен салыстырғанда ірі қара - 1375 бас, оның ішінде сиырлар - 700 бас, жылқы - 146 бас, қой мен ешкі - 650 бас, шошқа - 1007 бас, құстардың барлық түрлері бойынша -6900 бас.

Білім

Округ аумағында 2 орта білім беру мекемесі жұмыс істейді: «Киров жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, онда 1-11 сыныптарда 183 оқушы, шағын орталықта - 20 бала, мектеп алды дайындық тобында - 16 бала оқиды. Мектеп автобусымен 49 оқушы Березовка, Крюковка, Кандыковка ауылдарынан тасмалданады. «Киров жалпы білім беретін орта мектеп» КММ мамандандырылған химия кабинетіне 4 млн. 097 мың теңге бөлінді. Түлектер - 6 оқушы, оның ішінде 1 адам жоғары оқу орнына түсті, 3 адам колледжде оқиды.

«Большереченское жалпы білім беретін орта мектебі» КММ 1-11 сыныптарда 81 оқушы, шағын орталықта - 20 бала, мектеп алды дайындық тобында -11 бала оқиды.

«Большереченское жалпы білім беретін орта мектебі» КММ 11 сыныпты 3 оқушы бітірді, оның ішінде бір түлек колледжге түсті. Бір түлек ШҚ жұмысқа орналасты, бір түлек жұмыс істемейді. Болшереченская мектебінде 11 сыныпты 7 адам бітірді, оның ішінде 2 адам Барнаул қаласында колледжге түсті және АГУ жоғары оқу мекемесіне түсті. 1 адам ШҚ жұмыс істейді, 1 түлек әскер қатарына шақырылды, 1 түлек Өскемен қаласында колледжге түсті. ҰБТ орта баллы 2014 жылы - 53%, 2013 жылы - 64 %.

Мектептің 1-4 сынып оқушылары бюджет есебінен тегін ыстық тамақ қамтамасыз етілді, тамақтану рационына сүт пен бал енгізілді.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау объектілері - 4, оның ішінде Волчанка ауылдық дәрігерілік амбулаториясы - 1, округтің әр ауылындағы ФАП - 3.

Мед. қызметшілер саны - 13 адам, оның ішінде 1 дәрігер, орта мед. қызметшілер - 11. Жүргізуші - 1 адам. АДА санитарлық машинамен қамтамасыз етілген.

Денсаулық ахуалы: туылғандар - 16, қайтыс болғандар - 26, ана мен бала өлімі жоқ. Созылмалы туберкулез ауруымен ауыратындар жоқ, есепте 2 адам тұр. Обыр ауруы бойынша есепте тұрғандар - 20 адам. Ағымдағы жылы мамыр айында Волчанка, Березовка, Кандыковка, Большая Речка ауылдарындағы көшпелі флюрография жұмыс істеді. Жоспарға сәйкес скрининг бағдарламалары бойынша тұрғындар дәрігерлердің қарауынан өтті.



Мәдениет және спорт

Волчанка а. мәдениет объектілері - 1, кітапхана - 3. Штат саны - 8 адам.

2014 жылы ауылдық мәдениет үйінің қызметшілерімен кітапханшыларымен 4341 адамды қамтумен 102 бұқаралық-мәдени іс-шаралар, 2501 адамды қамтумен 61 би-кештері өткізілді. Көркемөнерпаздар ұжымы аудандық іс-шараларға белсенді қатысады. Жыл сайын бізде «Убинский» кеңщарының бұрынғы директоры Н. Касьяненконы еске алуға арналған волейбол бойынша турнир өтеді. Ауданның ауылдық округтерінен 5 команда қатысты.

Инфрақұрылым

Жарықтандыру. 2014 жылы жергілікті бюджеттен жарықтандыруға 1,1660 мың теңге бөлінді.

Телефонизация. Округ аумағында 382 абоненттік АТС филиалы жұмыс істейді, сонымен қатар 102 радиотелефон орнатылды, ұялы байланыс жұмыс істейді.

Жолдар. Автомобиль жолдарын қысқы кезеңде ұстау үшін бюджеттен 450 мың теңге бөлінді және оның ішінде Большая Речка ауылындағы көпірді қалпына келтіруге 3978 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы округ ауылдарының су құбырларын жөндеуге «Убинское» ЖШС қаражаты есебінен 1 млн. 900 мың теңге бөлінді.

Округтің 5 ауылы су құбырлары желілерімен қамтамасыз етілген. «Шемонаиха водоканалы» коммуналдық шаруашылығы қызмет көрсетеді. Бағасы- 1 куб.м.- 132 теңге.

Қаржылық қызметі 2014 жылы 16854 мың теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 175 мың теңге және жергілікті бюджеттен 16679 теңге, аппаратты ұстауға 10686 мың теңге бөлінді. 2015 жылға жоспарланған 16938 мың теңге, оның ішінде ауылдық округ қызметін қамтамасыз ету үшін-13207 мың теңге, санитарлық тазалауға-427 мың теңге бөлінді. Автомобиль жолдарын қысқы кезеңде ұстау үшін-650 мың теңге бөлінді. Балалар ойын алаңын орнату үшін 1 млн. 406 мың теңге, жарықтандыруға - 1 млн. 248 мың теңге жоспарланып отыр.

Халықты әлеуметтік қорғау

2014 жылы 17,650 мың теңге сомасына ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалып, 100 % орындалды. Тұрғын үй жәрдемақысы - 20 отбасына 350 мың теңге сомасында төленді, аз қамтылған отбасылар барлық нысандағы атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қамтылған. Есеп беру ағымында: АМӘК - 8 адам, алушылар - 559,9 мың теңге, МБЖ (мемлекеттік балалар жәрдемақысы) - 11 адам 334,8 мың теңге; төленді. Жұмыссыз ретінде ресіми есепте тұрғандар - 6 адам және де осы алты адам қоғамдық ақылы жұмысқа жіберілді. Аз қамтылған азаматтар үшін екі әлеуметтік бөлім ашылды (5 отбасы). 1 адам «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жәрдемақы алады. 2014 жылы жеке тұлғалардан жазбаша түрде - 23 өтініш келіп түсті, және заңды тұлғалардан - 4.

Волчанка ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасы әзірленді, осы жоспарға сәйкес 2015 жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында астық және дәнді дақылдар алаңы 9322 га -дан 9508 га дейін ұлғайтылмақшы, күнбағыс алаңын 3834 га-дан 3757 га дейін азайтылмақшы. 3960 га алаңына ылғал ұстағыш технологиясы бойынша егістік жүргізілмекші.

2015 жыл ҰОС Жеңісінің 70 жылдығын атап өту және біздің міндетіміз осы іс-шараны жоғары деңгейде өткізу.


Негізгі міндеттер:

1. Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды жалғастыру;

2. Округ халқына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

3. Округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жоғарлату бойынша мақсатты және тиімді жұмыс жүргізу;



4. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламаларына тұрғындары қатысуына жәрдемдесу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет