Вопросы на казахском языке


несепағардың жамбас бөлігін, жатыр маңындағы талшықта, жатырдың кең байламының негізінде орналасқандықтан



бет14/124
Дата29.07.2024
өлшемі1.51 Mb.
#503059
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   124
707907788-1

несепағардың жамбас бөлігін, жатыр маңындағы талшықта, жатырдың кең байламының негізінде орналасқандықтан

іншекті, қуық пен тікішектің арасында, кіші жамбастың алдыңғы бөлігінде орналасқандықтан

Қабылдау бөлімшесіне 32 жастағы пациент етеккірі келгенге дейін 2-3 күн бұрын жыныстық жолдарынан қошқыл түсті қанды шығынды жұғатынына, етеккірі көп мөлшерде, ұзақ келетініне, ауыратынына, кеткесін де ұзақ уақыт жұғып жүретініне шағымданып келді. Бірінші босанғаннан кейін плаценталық тін қалдықтары фонында эндомиометритпен асқынған, 5 жылдан бері бедеу. Бірнеше рет қабынуға қарсы терапия жүргізілген. УДЗ кезінде оңжақ анабез жылауығы анықталды, диаметрі 7 см, ішінде сұйықтық бар, кіші жамбастың жабыспа процесі. Операциялық емнің барынша мақсатты көлемі:

лапароскопия, цистэктомия

лапаротомия, цистэктомия

лапароскопия, жылауықты пункциялау

лапаротомия, аднексэктомия

лапароскопия, аднексэктомия

Пациент 29 жаста, әйелдер консультациясына 3 жылдан бері бала көтермегеніне шағымданып келді. Алғашқы бедеулік. Етеккір функциясы бұзылмаған. Базальдық температураны өлшегенде - екі фазалы цикл. Жыныстық қатынаспен тұрақты айналысады, некелескен, жүктіліктен сақтанбаған. Гистеросальпингография нәтижесі - жатыр түтікшелері бітелмеген. Күйеуінің спермограммасын тексергенде екінші дәрежелі астено- және олигозооспермия анықталды. Күйеуін андролог емдеген соңекінші дәрежелі олигозооспермия сақталып тұр. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:

жатырішілік инсеминация

анабездер стимуляциясы

донорлықй сперманы қолдану

донорлық эмбрионды қолдану

ИКСИ әдісі

Пациент 25 жаста, әйелдер консультациясына 4 жылдан бері бала көтермей жүргеніне, соңғы 2 жылда шашының қатты өскеніне және беті мен денесін безеу басқанына шағымданып келді. Анамнезінен: етеккірі тұрақты келмейді, 2-3 айда бір келеді. 20 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскен. Тексеріп қарағанда: әйел фенотипі, дене бітімі дұрыс, жақсы тамақтанады, май бөксесінде жиналған. Дене салмағы индексі 35 кг/м2. Мойын терісінің учаскелері, қолтық ойығы мен кеудесінің асты қарайған. Іншек арқылы тексергенде: сыртқы жыныстық ағзалары дұрыс дамыған. Жатыр денесі нормадан кіші, қосалқылар аймағында екі жағынан да 5х6х6см түзілім пальпацияланады, тығыз, жылжымалы, ауырсындырмайды. Базальдық температура – монофазалы, кариопикноздық индекс 60-70%. УДЗ-да: анабездер көлемі 14 см3, гиперплазияланған арқау, 12-13 атретиялық фолликулдар диаметрі 10-12 мм, жуандаған қаптама астында периферияда орналасқан. Күйеуінің спермограммасы патологиялық өзгеріссіз. Берілген болжалды диагноздардың қайсысы дұрыс ?

Шерешевский-Тернер синдромы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет