Восточно-казахстанский государственный


-ші коллоквиумның теориялық сұрақтары және есептері



бет3/3
Дата17.06.2016
өлшемі312.5 Kb.
#141560
1   2   3
2-ші коллоквиумның теориялық сұрақтары және есептері

1 Титриметриялық анализдің негізі, оның гравиметриялық анализден қандай айырмашылығы бар, титриметриялық анализде пайдаланылатын реакциялар қандай шарттарға жауап берулері керек?


2 Қандай заттарды «алғашқы», «стандартты» заттар дейді, оларға қандай шарттарға жауап берулері керек? Фиксанал деген не? Титрант, стандартты ерітінді, титрлеудің соңғы нүктесі, эквивалентті нүкте деген ұғымдардың қысқаша түсінігін беріңдер.
3 Мөлшерлік анализ әдістерінің жіктелуі. Титриметриялық анализ әдістерінің негізі. Стандартты, жұмыс, зерттелетін ерітінділер. Титрлеу түрлері: тура, кері, көлденең. Гравиметриялық жэне титриметриялық әдістердегі жүйелі қателіктердің белгілі кездерін атаңыз.
4 Ерітіндінің эквивалентті концентрация ,молярлы концентрация, массалық үлес, ерітіндінің титрі ,еріген заттың массалық үлесі дегеніміз не?
5 Қышқылды-негізді титрлеу әдісі. Стандартты ерітінділерді дайындау әдісі.

Күшті негізбен күшті қышқылды титрлеудің қисығы, Қышқыл-негіз титрлеу әдісінің индикаторлары. Индикаторлар теориясы. Эквиваленттік нүкте.

6 Гравиметриялық анализ әдістерінің жалпы сипаттамасы.Тұнбалардың гравиметриялық формасы және тұндырғыштар.Ерітінділердіен тұнбалардың түсуінің теориялық негізгі. Тұнбалау дегеніміз не? Окклюзия дегеніміз не?

7 Тотығу-тотықсыздану потенциалдарының мәндерінің реакцияның жүру жағдайына тәуелділігі. Нернст теңдеуі.



8 0,010 М СНзСООН және 0,100 М СН3COОNа ерітінділері қоспасының рН неге тең?
9 0,200 М NН3 ∙Н20 және 0,020 М NН4С1 ерітінділері қоспасының рН неге тең?
10. 0,010 М NН4СІ ерітіндісінің қышқылдық константасы мен рН неге тең?
11 20,0 мл 0,100 М НСІ ерітіндісіне 30,00 мл 0,100 М NаОН құйылды, алынған ерітіндінің рН-ы неге тең?


  1. 25,00мл 0,200 М СН3СООН ерітіндісіне: 1) 24,00мл: 2) 25,10 мл 0,200 М NаОН құйылды. Алынған ерітінділердің рН неге тең?




  1. 0,2000 М КОН ерітіндісін 0,0200 М НNO3 ерітіндісінен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар жэне эквиваленіті нүктені анықтауға сәйкес индикаторларды таңдап алыңдар.



  1. 0,100 М құмырсқа қышқылын 0,100 М КОН ерітіндісімен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар және титрлеуге сәйкес индикаторды таңдап алыңдар.




  1. 0,500 М NН3 Н20 ерітіндісін 0,500 М НСІ ерітіндісімен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар жэне титрлеуге сәйкес индикатор таңдап алыңдар.




  1. Келтірілген титрлеулердің қайсысының эквивалентті нүктедегі рН=7, рН>7, рН<7 сәйкес ?: 1) HNО3+NаОН ; 2) НСООН+NаОН; 3) NН3+НСІ;

4) КОН+НСІ; 5) СН3СН2СООН+КОН; 6) Nа2С03+НСІ.


  1. Комплекті қосылыс деген не? Координациялық сан, дентанттық деген не? Комплексонометриялық титрлеуде пайдаланылатын реакцияларга қандай шарттар қойылады? Қандай лигандтар монодентатты және полидентатты деп аталады? Моно-полидентатты лигандтарды пайдаланып титрлеуге мысал келтіріңдер. Бейорганикалық реагенттердің комплексометриялық титрлеуде шектеулі пайдалануының себебі неде? Қандай органикалық қосылыстар комплексондар деп аталады? Металл иондары мен комплексондар әрекеттескенде қандай комплекстік қосылыстар түзіледі? ЭДТА-ның қасиетін сипаттаңыз. Екі, үш, төрт зарядталған металл иондарымен түзілетін комплексонаттардың құрылымдық формулаларын келтіріңіз.Комплексонометриялық анализдегі көп зарядталған ионардың эквиваленттік факторлары неге тең? Комплексонометриялық титрлеу қисығын көру координаты қандай?

  2. Металлхромды индикаторларды пайдалану негізін сипаттаңдар?

  3. Са2++Y+4 → СаY2_ реакциясына сәйкес тепе-тендік константасының теңдігін жазыңдар. Ерітіндінің рН-ы _ Y+4 концентрациясына қалай әсер етеді? Осы әсерді ескеріп шартты константаның теңдігін жазыңдар.

  4. Ерітіндінің рН 6,0; 8,0; 10,0 тең болғандағы МпY және SгY комплексонаттарының шартты тұрақтылық константаларын қорытып шығарыңдар.

21 Сd 2+ иондарының ЭДТА-мен түзетін комплексінің шартты тұрақтылық константасын NН3-тің жалпы концентрациясы 0,050М, ал рН 9,0 жэне 11,0 тең болғанда қорытып шығарындар.

22 Шартты тұрақтылық константасын пайдаланып 0,010М ВаСІ2 ерітіндісін 0,010М ЭДТА ерітіндісімен титрлеудің қолайлы рН-ын анықтаңдар.

23 Шартты тұрақтылық константасын пайдаланып 0,020М ZпС12 ерітіндісін рН 9,0 болғанда 0,020М ЭДТА ерітіндісімен титрлеуге қолайлы NН3 концентрациясын есептендер.

24 Тотығу-тотықсыздану реакциясы мен алмасу реакциясының қандай айырмашылығы бар? Реакциядағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш ролі қандай?

25 Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы эквиваленттік фактор қалай анықталады?

26 Тотығу-тотықсыздану титрлеуіндегі титрлеу қисығының секірмелі ауданы қандай факторларға байланысты болады?

27Перманганатометриялық титрлеу әдісі неге негізделген?

28 Иодометриялық титрлеуді қандай жағдайларда (температура, қышқылдық және т.б) жүргізізеді?

29 Тұзды эффект құбылысы деген қандай құбылыс?

30 Қандай факторлар тұнбаның еруіне көбірек әсер етеді?

31 Фенолфталеин қатысында титрлеуге 20,00 мл 0,100 М КОН жұмсалуы үшін КН2Р04 тұзының қандай массасын алу керек?

32 0,1182 г фосфор қышқылының судағы ерітіндісін фенолфталеин қатысында титрлеуге 22,18 мл 0,100 М NaОН жұмсалды. Фосфор қышқылының Р205-ке есептегендегі массалық үлесін(%) табыңдар.


33 3,1580 г техникалық КОН еріген ерітіндіні титрлеуге 27,45 мл НСІ (ТНСI/Naон=0,07862 г/мл) жұмсалды. Үлгідегі КОН-тың массалық үлесін (%) есептеңдер.
34 Егер 1,2000 г олеумді метилоранж қатысында титрлеуге 49,25 мл 0,520 М NаОН жұмсалса, бос S0з-тің олеумдегі массалық үлесі (%) қанша болғаны?
35 Белгісіз заттың 2,0000 г өлшендісі 100,0 мл өлшем колбасында ерітілді. Осы ерітіндінің 25,00 мл титрлеуге 20,00 мл 0,445 М НСІ жұмсалды. Анализденген заттың құрамында NаОН әлде КОН бар ма?
36 Құрамында Nа2С03, NаНСОз, NаСІ бар 0,4478 г қоспа ерітіндісін фенолфталеин қатысында титрлегенде 18,80 мл 0,199 М НСІ ерітіндісі жұмсалды. Тағы да 0,4478 г осы қоспа еріген ерітіндіні метилоранж қатысында титрлеуге 40,00 мл НСІ кетті. Қоспадағы Na2С03 және NаНС03-тің массалық үлесін есептеңдер.
37 5,00 мл тұз және фосфор қышқылдарының қоспасы 200,0 мл- ге дейін сұйытылған. Алынған ерітіндінің 20,00 мл метилоранж қатысында титрлеуге 18,20 мл 0,101 М NаОН кетті. Осындай 20,00 мл ерітіндіні фенолфталеин қатысында титрлеуге 37,40 мл NаОН ерітіндісі жұмсалды. 100,0 мл қоспадағы НСІ мен Н3Р04-тің массасын аныктандар.
38 N03--ионын тотықсыздандырғанда бөлінген аммиакты титрлеуге 40,00 мл 0,100 М KОН жұмсалуы үшін алғашқы NаN03 массасы қандай болу керек?
39 1,0000 г аммоний тұзы концентрлі NаОН ерітіндісімен өңделді. Бөлінген аммиак 50,00 мл 1,072 М НСІ ерітіндісінен өткізіліп, артық қалған қышқылды титрлеуге 24,50 мл NaОН Naон=0,004120 г/мл) ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі NН3-тің массалық үлесін (%) табыңдар.
40 Қышқылдың артық мөлшерін метилоранж қатысында титрлеуге 19,50 мл NаОН (ТNaOH/СаО=0,002910 г/мл) ерітіндісін жұмсау үшін массасы 0,1234 г таза СаС03-ті тұз қышқылының HCI=0,003638 г/мл) қандай көлемінде еріту керек?
41 0,015 М НСІ мен 0,005 М NаОН ерітінділерінің рН неге тең?
42 0,010 М құмырсқа қышқылының (Кнсоон ~1,810"4) рН неге тең?
43 0,01 М аммиактың судағы ерітіндісінің(К=1,7610-5) рН неге тең?
44 0,200 М NН3 Н20 және 0,020 М NН4С1 ерітінділері қоспасының рН неге тең?

45 20,0 мл 0,100 М НСІ ерітіндісіне 30,00 мл 0,100 М NaОН құйылды, алынған ерітіндінің рН-ы неге тең?


46 25,00мл 0,200 М СН3СООН ерітіндісіне: 1) 24,00мл: 2) 25,10 мл 0,200 М NаОН құйылды. Алынған ерітінділердің рН неге тең?
47 0,100 М құмырсқа қышқылын 0,100 М КОН ерітіндісімен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар жэне титрлеуге сэйкес индикаторды таңдап алыңдар.
48 0,500 М NН3 Н20 ерітіндісін 0,500 М НСІ ерітіндісімен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар және титрлеуге сәйкес индикатор таңдап алыңдар.
49 Келтірілген титрлеулердің қайсысының эквивалентті нүктедегі рН=7, рН>7, рН<7 сәйкес ?: 1) HNO^аОН ; 2) НСООН+ЫаОН; 3) ЫН3+НСІ; 4) КОН+НСІ;СН3СН2СООН+КОН; 6) Nа2С03+НСІ.
50 Фосфор қышқылын NаОН ерітіндісімен а) метилоранж, фенолфталеин қатысында титрлегенде пайда болатын буферлі қоспалардың құрамын көрсетіңіздер.
51 Үш негізді қышқылдың Н3А протолиздену константалары К1= 1∙10-2; К2=1∙10-6; К3=1∙10-12. Осы қышқылды NаОН ерітіндісімен титрлегеyдегі бірінші және екінші эквивалентті нүктелерге сәйкес рН-ты есептеп шығарыңдар, қандай индикаторлар пайдаланасыздар? Қышқылды үшінші эквивалентті нүктесіне дейін титрлеуге бола ма? Үшінші э.н. сәйкес (СNa2A = 0,10 М) рН мәні неге тең?
52 Титрлеудің индикаторлық қатесі деген не? Титрлеудің индикаторлық қателерінің түрлерін келтіріңіздер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет