[Введите текст]
148
тырысқан.Мәселен, сол кездері Мағжанды мазалаған
ойлар: “Өткен дәуірдегі теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің
бізге
бұл
күнде
адасқан
ұшқындары,тентіреген
тамшылары ғана жетіп отыр.Көбі,көбі болғанда ең
сұлулары
ұмытылған,желдей ескен жыраулармен бірге
топыраққа
айналған.Баяғыда
отыз
күн,отыз
түн
айтылатын Қобыландылардың ауызда адасып,азғантайы
ғана қалған.Талай түндерге созылған ертегілердің басы
қайрылып,аяғына жетіп,шоп-шолақ қалған” немесе :
“Талай
жүйріктердің
тұңғиық
таза
толғаулары
араб,парсы,сарт-сауанның
сөздері
араласып,балдыр-
батпаққа айналған..” бүгінгі күннің де көкейкесті басты
мәселесі.
“Сын талқы “ (Алматы.”Сөздік-словарь” баспасы,
2005-416 б)
атты еңбегінде Д.Ысқақұлы қазақ
әдебиетінің тарихын күні бүгінге дейін жете зерттелінбей
келе жатқан жаңаша бағытта саралауға тырысқан.Екі
бөлімнен тұратын еңбекте ХХ ғасырдың алғашқы
жартысындағы қазақ әдебиетінің дамуына әдеби сынның
ықпалы,кеңестік идеологияның тигізген теріс әсерлері
кеңінен әңгімелеленеді.Сондай-ақ ,
сол кездері әдебиет
майданына
белсене
араласқан
М.Дулатовтың,
Ж.Аймауытовтың, С.Сейфуллиннің, Ғ.Мұстафиннің ,
Б.Кенжебаевтың, Ә.Қоңыратбаевтың, М.Қаратаевтың,
Е.Ысмайловтың,
Ә.Жиреншиннің,
Р.Бердібаевтың,
Ә.Нарымбетовтың, Р.Нұрғалидың сыншылық қызметтері
талданады. “Әдеби өмір”,”Әдебиеттану”,”Әдеби сын
туралы”,”Алашшыл әдеби сын” атты тараушалардан
тұратын
бірінші
бөлімде
қазақ
әдеби
сынның
тарихы,оның қалыптасу дәуірі кеңірек сөз болса,”Сын
сарбаздары”,”Қай
жұрттың
болса
да
жаны-
әдебиет”,”Әдебиет сынмен көркейеді”,”Мұралардың ең
қымбаты-сөз”, ”Қазақ әдебиеттануының кемеңгері” т.б
тараушаларда ұлттық сөз өнерінде әдеби-сын ойларды
жүйелі түрде жүзеге асырып жүрген
майталман сын
сарбаздарының
шығармашылықтары
жайында
әңгімеленеді.Еңбек соңында “Қазақ әдеби сынының
қысқаша тарихы” берілген.
Достарыңызбен бөлісу: