Жоспар: 1. MS DOS ЖӘНЕ NORTON COMMANDER MS DOS операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі. 2. MS DOS-та каталогтармен жұмыс. 3. COPY – файлдың көшiрмесiн алу командасы. 4. COPY CON – мәтіндік файл құру командасы. 5. MSDOS-та дискілермен жұмыс. 6. NCпрограммасына жалпы түсінік. 7. Norton Commander: каталогтармен , файлдармен және файлдармен жұмыс MS DOS операциялық жүйесін 1981 ж. Microsoft фирмасы IBM PC компьютерлері үшін IBM фирмасының тапсырысымен дүниеге әкелді. DOS – дискiлiк операциялық жүйе. MS DOS операциялық жүйесi пайдаланушылармен компьютер арасындағы байланысты орнатуға, компьютердiң құрылғысынан өнiмдi пайдалануға жағдай жасайды. MS DOS операциялық жүйесi келесі бөлiмдерден тұрады:
1.Енгiзiп шығарудың базалық жүйесi (BIOS) – енгiзiп-шығару құрылғыларының жұмысын тексеретiн программаларды қамтиды. Бұл программалар компьютердiң тұрақты жадында сақталады.
2.Жүйелiк файлдар (ВIO.SYS, IO.SYS, MSDOS.SYS) – BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.
3.COMMAND.COM – қолданушының программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу.
4. CONFIG.SYS – үйлестіруші программа. Оның қызметі – жаңадан қосылатын сыртқы құрылғылардың драйверлерін MS DOS-қа қосу, орыс, қазақ әріптерін пайдалану, пернетақтаның функционалды пернелерімен және виртуалды жадпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.
5.AUTOEXEC.BAT – шақыру символын экранға шығару, қажетті программаны каталогтан іздеу, ағымдық ай, күн және уақытты көрсету.
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |