«WorldSkills Turkistan» 2024 «Бастауыш білім беру»



бет3/6
Дата03.04.2024
өлшемі199.21 Kb.
#497512
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6
Байқау тапсырмалары 2024 — 2

Нысанның сипаттамасы: интерактивті жабдықты қолдана отырып, сабақтың үзіндісін көрсету (жаңа білімді меңгерту кезеңі).
Тапсырманы ұсынуға уақыт шегі: 15 минут.
Контингент: еріктілер (6 адам).
Тапсырма.
1. Алаңды сабақты көрсетуге дайындау (3 мин).
2. Әзірленген ҚМЖ сәйкес сабақтың үзіндісін көрсету.
3. Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде заманауи білім беру технологияларының элементтерін және интерактивті жабдықты меңгеруін көрсету (мотивациялық, оқу міндетін қою, оқу әрекеті, бақылау, өзін-өзі бақылау, бағалау және өзін-өзі бағалау әрекеттері).

В модулі. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, білім беру бағыттарының біріне және нысаны бойынша сыныптан тыс іс-шараларды әзірлеу және өткізу.


Мақсаты: интерактивті жабдықты пайдалана отырып, тәрбие бағыттары мен нысандарының бірі бойынша сыныптан тыс іс-шараны өткізу қабілетін көрсету.
Нысанның сипаттамасы: интерактивті жабдықты қолдана отырып, сыныптан тыс іс-шараларды көрсету.
Тапсырманы орындау уақыты: 2 сағат.
Тапсырманы ұсынуға уақыт шегі: 15 минут.
Контингент: еріктілер (6 адам).
Тапсырма:
1. Тәрбие бағыты мен формасына сай сыныптан тыс іс-шараның тақырыбын анықтау.
2. Мақсат пен міндеттерін анықтау.
3. Іс-шараның құрылымы мен барысын өңдеу.
4. Интерактивті жабдықты қолдана отырып, мазмұнын, оның ішінде тапсырмаларды анықтау.
5. Материалдар мен жабдықтарды таңдау.
6. Жұмыстың аяқталғаны және тапсырманы көрсетуге дайын екендігі туралы сарапшыларға хабарлау.


С модулі.Пәндердің бірі немесе тәрбие бағыты бойынша білім алушылардың жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру үшін жоба паспортын әзірлеу.
Мақсаты: Бастауыш мектептегі пәндердің бірі немесе тәрбие бағыты бойынша зерттеу қызметі жобасының паспортын әзірлеу қабілетін көрсету.
Нысанның сипаттамасы: зерттеу жобасының паспорты.
Тапсырманы орындауға арналған уақыт шегі: 1 сағат 30 мин (қатысушы инфрақұрылымдық парақта көрсетілген материалдарды пайдаланады).
Тапсырма:
1. Белгіленген мазмұн шеңберінде жобаның тақырыбын анықтау.
2. Жобаның ғылыми аппаратын анықтау және тұжырымдау: өзектілігі, проблемасы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, гипотезасы, зерттеу әдістері.
3. Қызметтің мазмұнын көрсете отырып, жоба бойынша жұмыс кезеңдерін анықтау (дайындық кезеңі, негізгі кезең, қорытынды кезең).
4. Жобаның болжамды өнімін және практикалық маңыздылығын анықтау.
5. Жобаның паспортына деректерді енгізу (2-қосымша).
6. Жоба паспортын басып шығарып және оны сарапшыларға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет