Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»


Майлықожаның «Толғау» өлеңінің «Табытын қағып, шай ішіп» өлеңі



бет10/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

Майлықожаның «Толғау» өлеңінің «Табытын қағып, шай ішіп» өлеңі

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы;
Өлеңдері: «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу» , «Бұлбұл», «Жылдың төрт мезгілі», т.б.
Жырлары: «Зархұм» үлгісінде «Абдолла бала» жыры, «Тотынамның» мазмұны

  1. Ш.Қанайұлының «Қисса Шортанбайдың балалары һәм қисса қаһарман» толғауы?

Шортанбай өмірі туралы мәлімет. Шортанбай мұрасының жариялануы, зерттелуі. Ақын Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың семьясында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған.
Шортанбайдың шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның «Тар заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар», «Өсиет-насихат сөздер», «Айттым сәлем», «Асан қожаға», т. б. енген. Қазан қаласында Шортанбай шығармалары әр түрлі атпен жарық көрген. Оның шығармаларын, әсіресе, патша отаршыларына қарсы қауым, ұлттық тәуелсіздікті жақтаушылар, мұсылманшылықтың ойылшылдары құшағын жая қарсы алды. Шортанбай кітаптарының негізгі сарыны олардың көкейіне бірден ұялады. Қаналып, тоналып, қорлық көріп жатқан басқа тәуелсіз халықтар да Шортанбай шығармаларына құлақтарын түрді.

  1. Абайдың ақын шәкірттерінің мұрасын зерттеуші, абайтанушы ғалым?

М. Әуезов Абай өмірі мен творчествосы туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын және ұлы ақын жайындағы көркем туындыларын сегіз түрлі күрделі проблема тұрғысынан жүргізіп отырған.

Солардың бірі – қаламгер шығармашылығынағы Абайдың ақындық мектебі туралы тақырып. Кейін осы тақырыпты ұзақ жылдар бойы арнайы зерттеген белгілі ғалым Қ. Мұхамедханов: “Абай төңірегіндегі ақындарға бірінші көңіл аударып, оларды ғылыми, зерттеу ісіне алғашқы жол ашып, негіз салған Мұхтар Әуезов болды”, — деп атап өтеді.


Шындығында, М. Әуезов өзінің ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы монографиясының барлық нұсқаларында, 1934 жылы жазылған “Абай ақындығының айналасы”, 1939 жылы жазылған “Абайдың идеялық-мәдени ізденулері” атты мақалаларында, 1944 жылы жазылған “Абайдың ақындық мектебі туралы” деген тезисінде және т.б. еңбектерінде бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.


Жоғарыды аталған “Абайдың ақындығының айналасы” (1934) деп аталатын мақаласында М. Әуезов Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия төртеуін тағы ды Абайдың нағыз толық мағынадағы ақын шәкірттері деп атап өтеді. Олардың Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрдие алғандығын, оның өлеңдері мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, тұтынушы әрі бағалаушы болғандығын, сонымен қатар бұлардың Абайдың басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазғандығын, Абайдың бағыт-бағдар беруімен жазылған бұлардың шығармалары арқылы қазақ әдебиетінде бұрын болмаған тың еңбектер туғандығын атап өтеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет