Xимия жәнe xимиялық тexнология фаkyльтeті peфepат тақыpыбы: Жақпа майлар



бет11/13
Дата04.05.2024
өлшемі85.24 Kb.
#500489
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Жақпа май

Жақпа майларды сақтау. Жақпа майларды суық, жарық түспейтін жерде сақтайды. Жақпа майларды сақтау жағдайларын қатаң түрде орындау қажет. Бұл жақпа майдың сапасына жағымсыз әсер етеді, ол ылғалдың, жарықтың, температура секірмесі және т.б. әсерінен болуы мүмкін.
Жақпа майларды сақтау жағдайлары және сақтау мерзімдері нормативтік құжаттамаларда көрсетіледі: зауытта өндірілген жақпа майларды, дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты 2 және одан да астам жыл сақтайды. Көптеген дәріханада өндірілген мазьдар 10 тәулік сақтайды.
Жақпа майлардың реологиялық қасиеттері туралы түсінік. Жақпа майларды өндіру процесінде және қолдануда олардың консистенциясы маңызды рөл атқарады, ол массаның ағу сипаттына, жақпа майды араластыру кезде қарсыласуына, теріге айғыздау қабілеттілігіне, дәрілік заттарды босатылуына әсер етеді.
Консистенция – бұл реологиялық қасиеттердің комплексі: жылжу қуаты, тұтқырлығы, тиксотропия.
Реология – заттардың ақыштығы туралы ғылым. Ол оңай деформацияланатын материалдырдың деформация және ағу сұрақтарын қарастырады.
Жылжудың шектелген қуаты деп минималдық күші, ол мазьдің қайтымсыз деформациясын тудырады, содан кейін ол тұрақты тұтқырлыққа ие болады және аға бастайды. Жылжудың шектелген қуатын дин/см2 (Па) түрінде болатын күш және араластыру жазықтығына тангенциалды бағытталған күш анықтайды. Бұл өлшемнің шамасы көп болған сайын, жақпа майды жағу қиын болады. Бұл жақпа майдың және жақпа май негіздердің маңызды сипаттамасы, себебі ол жақпа майдың қолдану қолайлығын анықтайды. Жылжу қуаттылығы жақпа майдың жағылу кезінде қарсыласу көрсетуге қабілетті, тубадан, дозатордан сығылуға қабілетті және т.б.
Тұтқырлық. Тұтқырлық немесе ішкі үйкелесу деп сыртқы күштер әсерінен сұйықтықтың бір қабаттан екінші қабатқа жылжуға кедергі келтіру процесі.
Реологияда ньютондық деп аталатын, көптеген сұйықтықтар (спирт, су, өсімдік және минерал майлары, төменмолекулалық ПЭО, твиндер) үшін температураға және қысымға тәуелді болатын тұтқырлық константалы болып табылады. Мұндай тұтқырлық динамикалық деп аталады.
Тұтқырлық режимдердің деформациясына (жылдамдық және жылжу қуаты) тәуелді болатын жүйелерді аномальді-тұтқыр немесе ньютондық емес деп атайды (жақпа майлар, линиментер, пасталар). Бұл жағдайда тұтқырлықты эффективті деп атайды. Жақпа майлардың сипаттамалық белгісі құрылысы болып табылады. Тұтқырлық көп болса, онда қуатты күшейту қажет (деформациялайтын күш), бұл жүйенің ішкі қарсыласуына әсер етеді, ішкі құрылысын бұзады. Дәрілік заттардың жылдамдығы және сіңу тереңдігі, тұтқырлыққа тәуелді болады. Сондықтан бұл өлшемді өлшеу керек. Температураны жоғарлату кезінде, жақпа майдың және негіздің тұтқырлық қасиетті және беріктілігі күрт кемейді, ал төмен температураларда – жоғарылайды. Температура режимін өзгерту арқылы жақпа майларды формалау процесін реттеуге, сақтаудың қолайлы жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тиксотропия – бұл зольдің гельге қайтымды изотермиялық айналуы және керісінше, бұл механикалық әсерлесумен түсіндіріледі, мысалы, араластыру кезінде болады. Бұл әсерді жою үшін жүйе өз құрылысын қалпына келтіруге ұмтылады. Жүйенің қисық ағуы (жылжу жылдамдығы – жылжу қуаты координаталары) гистерезис тұзағын береді – «ерекше конфигурацияның қисығы»; графикті тұрғызу үшін құрылғының берілгендерін (вискозиметрлер, МФ ХІ, Т1) және арнайы есептеулерді қажет етеді.
Барлық гидрофильді негіздер айқын тиксотропиялық қасиеттерге ие, ол араластыру кезінде құрылысының бұзылуынан және тұрақты температурада консистенциясының өзгеруінен көрінеді, ол сұйыққа айналады. Егер механикалық әсерді алып тастаса, онда құрылыстың беріктілігі қалпына келеді (15-20 тәулік), бірақ бастапқы күйге ешқашан айналмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет