,
(5)
Бу ерда x-бош квант сон, l-орбитиал квант сон, m-магнит квант сон ва
сферик тўлқин функция:
Y =
(6)
ҳар бир ҳолатга мос квант сонлар киритиб ўтилди,
=
Бу ерда
бўлиб, 1s- ҳолат учун
=
(7)
=
(8)
номли буйруғ асосида функцияларга мос келувчи қуйидаги графиклар
ҳосил қилинди [2].
150
2-расм. Атомнинг оптик спектрини ўрганишга оид яратилган
ишланмада4d-ҳолатнинг ёритилиши.
Адабиётлар
1. Jalolova P.M. The plotting of the atom orbit using the Maple program.//
Science and world. –Volgograd, Russia, 2018. № 1. –P. 19-23. (Impact Factor 0,325)
2. Jalolova P.M. Quantum meсhaniсal models of speсtrum and orbital of
Hydrogen atom // Eastern European Scientific Journal. –Germany.-2018.-№3.–P.430-
434. (13.00.00, № 1).
3. Jalolova P.M. Quantum mechanical structure of hydrogen atom.
International Conference “Science, research, development”// Berlin. 30-31.06.2018.
P.242-247.
ЖАНҒАЛИЕВ У.К., ШАНГИРБАЕВ Е.Е., АЙДАРХАНОВ Т.М.
(СЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН)
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕГІ ФЛЮВИАЛДЫ ЖӘНЕ РЕЛЬЕФ ТҮЗУШІ
ПРОЦЕСТЕР
Ертіс маңы жазығаның үстінгі қабаты жазықтық рельефтің Ертіске қарай
әлсіз шегініс жасауымен сипатталады және азды - көпті мөлшерде Ертістің
ағысына
параллельдік
бағытта
сипат
алады.
Ойпаттың
солтүстік
жағалауындағы бөлігі ойпат маңында әжептәуір енсіз, тар болып келеді. Және
оның тағы бір ерекшелігі Ертіс өзенінің биік террассасымен шектеледі, ал
мүның оңтүстік бөлігі шоқы аралық аңғарларымен немесе ұсақ шоқылықпен
шектесуге үйлесімді. Ал мұндай террасса оң жағалауда білінбей, көне
аллювиальды жазықтықтың негізгі беткі қабаты ретінде жүреді.
Ертіс маңы жазығының Семей өңіріне кіретін шеткі бөлігін әлсіз белесті
кұмды - кұмайт жазықтық топырағы деп ажыратуға болады. Оң жағалаудың
батыс бөлігінде созылып жатқан жазықтың және дөңді аудандарда жағажайлы
ормандық құмы, Алейскі, Барнаулдың және Касмалинскінің тізбекті қарағайлы
151
ормандарының кұмына сәйкес болып табылып, Ертістің аңғарын және қазіргі
жайылмасы мен оның жайылмасының беткі террассасын қадағалайды. Көне
аллювиалды жазықтық өзінің жалпақтау әлсіз толқынды беткі қабатын құмды -
құмайт етіп көрсетіп, абсолютті белгілері 150 –200 метр шамасында байқалады.
Сонымен қатар мұнда ұзын жазық және әлсіз иілген ұсақ өзендік депрециялары
кездеседі және олар кебінесе тізбектеліп келеді. Аса биік сыртқы қабаты ұзын
аз томпақты жалға ұқсастау болып, олар біртісті бойлай созылады да, қайта
ұшырылған құмды материалмен және аралдық қарағайлы орман массивтері
алып жатыр.
Ертіс маңы жазығында мұз басудың әсері бірнеше рет (төрт дүркін)
жүрген. Және бұл мұз басулардың әрқайсысы өзінің кұрғақ және жылы мұз
дәуірі аралық ерекшеліктері болғандықтан да, бұл жазықтықтың рельефінін
құрылуы бір - бірінен өзгеше дәрежеде жүрді. Н.Г.Кассиннің (1947ж) көрсетуі
бойынша мұз басудың бірінші кезеңінде үштік шөгінділерден Ертістің алғашқы
аңғарлығы қалыптасты ал мұз басудың екінші кезеңінде Обь маңы үстіртінде
ылғалдылық жинақталады ал мұз басудың үшінші кезеңінде бұл үстіртті яғни,
Обь маңы үстіртінен Ертіс маңы ойпатына ағатын өзен аңғарларымен бөліп -
бөліп жіберді, және Ертістің биік жайылмасының үстіне шайындылар мен
кұмдар жиналған ал келесі мұздану аралық дәуірінде Ертістің биік террассасы
кейін шегініп, аласарды және оның бұрынғы өзен аңғарлары, сонымен қатар
Обь бассейінің өзен аңғарлықтары да құрылып бітті. Мұз басу дәуірінің
соңында Ертіс өзенінің жағалаулық террассасының аласаруы әрі қарай жүрді
және аласа жайылма террассасының үстіне ылғал жиналды, мұз басу дәуірінен
кейінгі кұрғақшылық кезеңде жайылма террассасының үстінде шөгінділер
жиналып, осы шайындылардың жиналуы салдарынан Ертістің кемерленуі
жүрді. Сондықтан да Ертіс маңы жазығы өзінің құрылуы жөнінен – кәдімгі көне
аллювиальды жазықтық болып табылады [1, 14 б].
Ертіс аралас қоректенетін өзендер қатарына жатады. Салаларының біразы
Алтайдың биік тауларынан басталады да, мәңгілік қар мен мұздықтардың
еріген суымен толығады. Басқа салалары жер асты суы, жауын- шашынмен
қоректенеді. Ертіс өзеннінің деңгейі бүкіл жыл бойы едәуір жоғары болып
тұрады. Оның суы сәуір- мамыр айларында және маусымда молаяды.
Өскемен мен Семей арасындағы Шүлбі кенті аймағында өзеннің орташа
айлық шығыны мамыр айында 25-41 м3/с-қа, ал көп жылдық орташа шығыны
кезінде Семей тұсында 960 м3/ с-қа жеткен.
Осы ауданда жылдық орта ағын 28 млрд м3- ден жоғары. Қарашадан
сәуірдің ортасына дейін Ертіс қатып жатады. Мұздың қалыңдығы 125 см- ге
жетеді. Сең жүру күшті болады да, өзенді кейде сең бөгеп тастайды, соның
салдарынан деңгейі көтеріліп, суы тасиды.
Ертістің барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Жолаушылар және жүк
таситын өзен кемелері Қытай шекарасына дейін барады. Ертістің суын электр
энергияны өндіруге пайдаланады. Ірі екі СЭС-і (Өскемен және Бұхтырма )
Кенді Алтайдың өндіріс орындарында электр қуатын береді. Қазір тағы бір
үшінші – Шүлбі СЭС-нің құрылысы салынды. Қазір осы су қоймалары шет ел
152
компонияларына берілген, ал олар көктемдегі табиғи су ағызу науқанын бұзып
отыр [2, 11б ].
Сондықтан Ертіс жағалауының тамаша экожүйесіне құрып кету қаупі
төніп тұр. Ертіс балыққа бай және онда кәсіптік маңызы бар шоқыр, сыла,
бекіре, шортан, сазан, табан балық,, алабұға, қара балық ауланады. Жақында
көксерке және байқал түркесі өсіріле бастады. Қазіргі кезде бұл эндемиктің
фауна мен флора бүкіл өзен бойына жайылып бара жатыр.
Жазықтық және дөңді жерлердің қарағайлы орманға тән құмдары негізінен
жолақты қарағайлы орманда таралады. Олар Ново — Шульба қарағайлы
орманын, Алейскінің қарағайлы таспасын, сонымен қатар Барнаул мен
Касмалинскінің жолақты қарағайлы орманын түгелдей қамти отырып,
Касмалинскінің жолақты қарағайлы орманымен аяқталады.
Семей өңіріндегі қарағайлы орман жолағының формасын тек Алейскінің
солтүстік бөлігіндегі қарағайлы орман кұмдарының массивтері құрайды. Ал
оңтүстігінде Ново - Шульба қарағайлы орманының кұмы мен Барнаул
таспасымен жалғаса отырып, Ертіс бірыңғай массивін құрады деуге болады.
Ертіс маңы массиві өзінің батыс бөлігінде жекелеген, бөлек – бөлек
атыраулық массивтерге белінеді [2, 26 б].
Қарағайлы орман кұмдары максимальды мұз басу кезеңінде құрылды, ол
кезде Обь бассейнінің езендері өз суларын Ертіс бағытына жіберіп, өзінің көне
арналарынан және Ертіс маңы атырабына аллювиалды материалдардың
қөптеген массаларьн әкелді. Ал мұз басу дәуірінен кейінгі құрғақшылық
кезеңде аллювиалды кұмдар қайта електеуге ұшырады және сонымен катар
дөңді - шұңқырлы рельефтік сипат алды. Олардың биіктігі тұрақсыз 1 - 5
метрден - 20 метрге, дейін және одан да биік болады. Кей жерлерінің грунт
суларының жер бетіне жақын болуы салдарынан табиғи өсімдік жамылғысы
өзгермеген жерлерде құм массивтері көне аллювиалды жазықтыққа
жазықтықтың рельефін алғашқы көрінісіндей сақтап қалды.
Су жер бетіндегі тіршіліктің ең кұнды элементі болып табылады. Су
адамнын күнделікті қажеттіліктерін, денсаулык сақтауды, тамак өңімдерін
шығаруды, электр энергиясын өңдіру мен аймақтық және жаһандық
экожүйелерді дұрыс ұстап тұруды канағаттандыру үшін аса қажет. Жер
кабатынын 70% су жайлағанына карамастақ түщы су небәрі 2,5% ғана құрайды,
әрі судың 70% мұз айдындары мен жоғарғы су кабаттарында (0,3%). Судың
қалған бөлігі топырақ ылғалы ретінде көрініс табады. Адамзат жер бетіндегі су
көп тарлған субстанциялардың бірі тұщы су қорларының 1% пайдалана алады.
Шаруашылық қызметтің ықпал етуімен су қорларының сандық өзгерістерін
есепке алу проблемасы XX ғасырдың 50-ші жылдары, дүниежүзінде су тұтыну
күрт ұлғайған кезде туындады [2, 44].
XX ғасырдың орта шеніне дейін су таусылмайтын және экономикалық
құндылыққа ие емес табиғи ресурс болып есептеліп келді. Аймақтың әркелкі
бөлінуі мен су корларының шектеулілігі, тұтыну көбейген сайын судың
кажеттілігі мен әмбебаптығы дүниежузілік қоғамдастыктың суға деген
қатынасын өзгертуге мәжбүр етті.
153
Жалпы Ертіс өзені тек қана Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл
Еуразия аймағына қатысты өмірлік маңызы бар трансшекаралық артерия.
Қытайдағы Монғол Алтайының оңтүстік - батыс беткейінің мұздығынан 2500 м
биіктіктен
бастау
алып,
Қазақстан
территориясы
арқылы
РФ
территориясындағы Объ өзеніне барып құйылады. Қазақстан территориясында
Ертіс өзені Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысымен Қ. Сатпаев каналы
арқылы Қарағанды облысын және Астана қаласын байланыстырып жатыр.
Ертіс өзенінің су ресурстары өңдіріс қажеттілігіне, тұрмыстық-
коммуналдық
шаруашылығында,
ауыл
шаруашылығында,
балық
шаруашылығында, энергетика мен су транспортыңда қолданылады [3, 13 б].
Су қоймаларының маңызы ауыз суымен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Сонымен бірге су қоймалары ирригациялық және энергетикалық мәселелерді
шешуде айтарлықтай рөл атқарады.
Қарағайлы орман кұмдары Ертіс маңы ойпатының маңайында кейде ойпат
маңайынан тыс жерлерде абсолютті биіктігі 150 метрден - 350 метрге дейін, ал
ойпат территориясынан тыс жерлерде абсолютті биіктігі 250 - 300 метрге дейін
барады. Қарағайлы орман құмдары оңтүстігінде Ертістің қазіргі аңғарымен,
солтүстік шығысында Алтай тау алды жазығана дейін, солтүсттігінде Обь маңы
үстіртімен және Обь маңы үстіртінің көне аңғарымен таспа түрінде солтүстік -
шығысқа өтеді, ал батысында Ертіс маңы ойпатының далалық бөлігімен,
көбінесе рельефінің ешқандай өзгеруінсіз өтеді [4, 17 б].
Ертістің қазіргі аңғары азды - көпті эрозиялық ойық жазықты, биік
террассаның, аса ірі кемеріне дейін шектеледі де, аймақтың шығысынан
батысына қарай 300 шақырымдай шамасында созылады, және олардың ені
жайылмамен қоса есептегенде 1-2 шақырымнан 8-10 шақырымға батыс бағытқа
созыла отырып теңеледі, Батысында жайылманың абсолютті биіктігі 140 метр,
ал шығысында жайылманың абсолютті биіктігі 240метр болады.
Ертістің қазіргі аңғары өзеннің ең төменгі сағасынан орташа есеппен 2
метр биіктікте тұр.
Жайылмалық террасса негізінен үшке бөлінеді:
1. Арна манының жайылмасы. Бұл негізінен негізгі және басты арнаға
жалғасып жатады. Қабаттары өрескел қосылған, аллювиалды қабатты
және аллювиалдық иректелген - толқынды мезо және микро рельефімен
айрықша сипат алады (арна маңы толқыны мен жылғасы құм қайраңы, косалар
тағы басқалары).
2. Орталық жайылма. Орталық жайылманың шөгінділері мен қабаттары
басқа, яғни қалған екі жайылмаға қарағанда күрделірек сипатқа ие. Орташа
сипатты рельефі көбінесе тегістеу қатпарлылығы аз болып келеді.
3. Террассалар маңы жайылмасы. Бұл жайылмаға негізінен аласалық сипат
тән.
Ал арна жайылмасы биіктеу болып, орталық жайылма орташа
гипсометриялы мөлшерде болып келеді. Ертістің көне аңғары жайылма үсті
террассасымен Ертістің сол жағалауын құрайды, ал оң жағалауда бүл
террассаның үсті ғана жақсы байқалады, аңғардың Алтайлық бөлігінде білінбей
төмен жүріп негізгі Ертіс маңы ойпатының сыртқы қабатымен қосылып кетеді.
154
Жайылма үсті террассасы өзара екіге бөлінеді: аласа жайылма үсті
террассасы - бұл облыс көлеміне көп кең таралмаған; биік жайылма үсті
террассасы - бұл жақсы дамыған әрі облыс көлеміндегі ауданы едәуір жерді
алып жатыр. Бұл екі террасса да жақсы кемерленген өзен сағасымен шектеледі
де биіктігі өзеннің ең төменгі сағасынан 16-22 метрге дейін барады. Ал аласа
жерлері бұдан екі - үш есеге дейін төмен келеді. Негізінен террассаның биіктігі
өзен ағысының жоғарғы жағынан бастап өседі. Бұл екі террассаның да өздеріне
тән артықшылығы - құмдақ және жеңіл - саздақ материалдарынан құралған.
Олардың сыртқы қабаттары жалпақ, кей жерлерінде аз толқынды жазықтар
кездесіп, олар өзенге қарай аз иілген және өзен ағысына параллельді болып
келеді.
Өзен ағысының көлденең циркуляциясының пайда болуы нәтижесінде
арна ағысының негізгі заңдылықтарының бірі - меандрлану құбылысы пайда
болуының
туғызады [5, 22 б].
Жыра жылдам өсіп-өршитің эрозиялык пішін. Оның бас бөлігі регрессивті
эрозия нәтижесінде өзенаралық аймактарға созылып өсуі мүмкін.
Осы себептен
жыралар жүздеген метрге, тіпті километрлерге жететін ұзындығымен
сипатталады.
Жыраның өсіп отыратын бас бөлігі әр түрлі. Көбінесе жыра бірден, биіктігі
1,0-3,0 м, тік жармен - бас кұламамен басталады. Кейде жыралардың бас бөлігі
сопақша, эллипс пішіндес немесе дөңгеленген күрек пішіндес болады да, жер
бетінде аса айқын көрінбейтін ойпандар түрінде байқалады. Рельефтің мұндай
пішіндерін су жиналатын ойпандар (водосборные понижения) деп атайды. Кейде
жыралардың бас бөлігінен жоғарырақ, өзен аралығының өлкелеріне баяу
ауысатын, терең емес (1,0-3,0 м) жарқабақтары айқын білінбейтін, жағалары
шымтопырақты жайпақ жағалары ұзынынан-ұзақ созылған ойпандар орналасады.
Семей аймағының Ертіс өңірінің экзогенді рельеф түзуші процестеріне
баға беріліп және жалпы экзогенді рельеф түзуші әрекетерге, оларға қарсы іс-
шараларға толықтай сипаттамалар ұсынылды. Ертіс өңірінің маңындағы эолдық
рельеф түзуші процестер зерттеліп ондағы құмдар жасаған формалардың
динамикасымен көріністері Қазақстанның және басқа шетел мемлекеттерінің
территорияларындағы құмды зоналарындағы эолдық рельефтік формаларымен
салыстырмалы зертеулер жасалынды.
Далалық – бақылау экспедициялық зерттеулерге сүйене отырып
жасалынған жұмыстар дәлелденген еңбектермен сараптамаланып жазылды.
Осының нәтижесінде жалпы экзогенді рельеф түзуші процестердің Ертіс
өңіріне әсері көп болатын факторларына жіктемелі тұрғыда зерттеулер
келтірілді. Семейдің маңайындағы қарағай құмдарының эолдық (жел) процес
әрекетінен өз орындарын ауыстырып, жылжу әрекетіне ұшырағанын байқадық.
Олардың өзіндік формаларын анықтадық. Көбінесе зерттеліп отырған
территорияда экзогенді рельеф түзуші процестерінің ішінде эолдық процестің
басым екені анықталды.
155
Достарыңызбен бөлісу: |