156
Егер ойлаудың белгілі бір түрі нысаны болып табылатын,
ойлаудың ең
танымал теорияларына жүгінсеңіз де біз ұсынып отырған тезистің
дәлелденгеніне көз жеткізуге болады.
Дивергентті, версиялық, гипотетикалық, өнімді - бұның барлығы шын
мәнінде дамуға тиімді әсер ететін ойлаудың жоғары формалары.
Осы когнитивті теориялардың авторлары-М. Вертгеймер,
К. Дункер, О. Зельц, Р. Солсо - тікелей немесе жанама да осыған сілтейді.
[4, б. 28], [5, б.305], [6, б. 231]. Сондықтан, бұл қасиеттер креативті ойлауға да
қатысты болуы керек, себебі ол аталған "түрлерге" қатысты синтетикалық
нұсқа: ол
әрқашан поливариантты, әрқашан шындыққа негізделген, өнімділік
сипатта. Осылайша, шығармашылық ойлау - бұл бір мезгілде дивергентті,
версиялық және гипотетикалық, өнімді ойлаудың жоғары түрі.
Мазмұны бойынша ойлаудың түрлерінің креативті ойлаумен арақатынасы
ерекше назар аудартады. Атап айтқанда, ең
танымал класификация - бұл
ойлаудың көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық түрлері .
Алайда, ойлаудың бұл түрлері бір мезгілде дамуға да әсерін тигізетіндіктен,
креативті ойлауға қатынасын бөліп қарастыра алмаймыз. Себебі, көрнекі-
әрекеттік креативті ойлауда (модель құрыстыру), көрнекі-бейнелік креативті
ойлау (өлең шығару, сурет салу) және сөздік-логикалық креативті ойлауда
(ғылыми жұмыстар) бірдей өнімді болуы мүмкін. С.Л.Рубинштейн көрнекі-
бейнелік және сөздік-логикалық ойлау көбінесе бірге қызмет етеді (мыс:
метафора) дейді. Осының негізінде ойлау түрлерінің қатар дамуы креативті
ойлаудың жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы интеллект теориясыда креативті ойлауға қатысты осындай
түсінікте. Қазіргі заман талабына сәйкес
интеллект тек қана ойлау
белсенділігінің көрінісі ғана емес, сонымен қатар барлық танымдық процестер
интеграциясы. М.А.Холоднаяның айтуы бойынша интеллекттің интеграциялық
үрдістері ойлаудың басымдылығымен жүзеге асады.
Мәселен, егер ойлау интеллект интеграторы болса, креативті ойлау
персеверативті және ассоциативті процестердің бірлігіне негізделген жоғары
ойлау нысаны бола отырып, интеграция құралы және психикалық қызметтерді
жүйелеуші, байланыстырушы болып табылады. Осылайша, классикалық және
қазіргі теориялық жалпы ойлау туралы түсініктерді қарастыра отырып,
креативті ойлауды оның ең кеңейтілген нысаны деп түсінуге болады.
Креативті ойлауды оның жоғарғы формасы ретінде түсіну теориялық және
методологиялық қасиеттерге ие және қазіргі
заманғы кейбір қиындықтарды
жеңуге мүмкіндік береді.
Креативті ойлау психологиясы:
1) Креативтіліктің көріністерін іздеу қажеттілігі болмайды. Себебі, ол
ойлаудың бір түрі ретінде емес, барлық оның формалары мен түрлерінде
кездеседі;
2) Креативті ойлаудың мәні, оның кеңдігі мен мазмұндылығы анық
көрінеді;
3) Креативті ойлауды қабілет, дарындылық және т.б. феномендерде
іздемей, тікелей ойлаумен байланыстыру мүмкіндігі пайда болады.
157
4) Креативті ойлау барлық адамдарға (ерекше феномен немесе талантына
қарамастан) тән әмбебап психикалық қасиетке айналады.
«Креативті ойлау» ойлаудың жоғары формасы деп алғандықтан, оның
нақты практикалық жұмысының методологиясы да өзгереді.
Сонымен, креативті ойлауды жоғары форма
ретінде эксперименттік
зерттеу бұрынғыдан маңыздырақ және жоғары талаптарға сәйкес жүргізілуді
қажет етеді. Басқаша айтқанда, креативті ойлауды зерттеудегі практикалық
жұмыс психологиялық-педагогикалық оптимизм негізіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: