«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»


ГАБДУЛЛИНА Г.Е., ХАСЕНОВА Д.С



Pdf көрінісі
бет38/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   169
thesis141891

 
ГАБДУЛЛИНА Г.Е., ХАСЕНОВА Д.С., 


113 
(СЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН) 
 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 
халқына арналған Жолдауында: «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық 
және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» 
[1] деген сөздері бар. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын 
қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді 
пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту 
үшін ең бастысы оған жағдайлар жасау қажет. 
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе 
мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты 
екені айдан анық. 
Көбінесе «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір 
қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл 
пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда 
қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз 
ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал 
қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне 
түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар 
ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының 
шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын 
оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан 
мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. 
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың 
шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын 
қалыптастыру.
Жалпы «дарындылық» феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ 
ғылымда екі бір-біріне қарама-қарсы «био» және «социо» бағыттары 
қалыптасқаны аян. Дарындылықтың негізгі басымды қозғаушы күші тек қана 
генетикалық нышандар болып табылады деген пікір Ф. Гальтон, Г. Айзенк 
еңбектерінда айқын көрінген. Екінші бағытты ұстанған ғалымдар негізгі фактор 
ретінде қоршаған ортаны қарастырған. Ал қазіргі таңда А.Т. Асмолов 
негіздеген ұстаным әлдеқайда өміршең екендігін дәлелдеп отыр. Л.С. 
Выготскийдің теориясын негізге алған бұл бағыт «дарындылықты» білімді өз 
бетінше игеру, ашу, жаңа жағдайда көшіре білу, мәселені мақсатты шешу, бір 
сөзбен айтқанда, «интеллектуалды дарындылық» ретінде зерттейді. 
Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың 
қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. 
Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. 
Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет 
жақсарады. 


114 
Ерекше зейінділік, күрделі де терең ақыл –ой жұмысына әрқашанда әзір 
тұру еңбекке ұмтылудың табандылыққа ұласуы, демалыспен есептеспей, 
қажымай талмай еңбек ету – дарынды балалардың басты ерекшеліктері. 
Оларды баулып, қамқорлыққа алу баршамызға ортақ міндет. Өйткені таланттар 
қай кезде де, қандай қоғамның болса іздесе таптырмайтын ұлттық рухани 
байлығы екендігі баршамызға мәлім.
Білімді даралап, саралап берудің басты бағыттарының бірі-дарынды, 
талантты балалар мен жасөспірімді оқыту. Негізгі мақсат- оқытуды оқушының 
қабілетіне қарай саралау, даралау, оқытудың дамытушылық қызметін іске 
асыру, оқытуды адамның тәжірбилік іс-әрекеті мен қоршаған ортамен 
байланыстыру, білім мазмұнын ізгілендіру. 
Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, 
байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын 
шығармашылық жұмыстарға арнайды. Дарын өкілдерінің қуат- қабілетінің 
шарықтайтын шегі болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп, 
мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі. 
Дарындылық-қабілеттердің жоғары деңгейі. Дарындылық зеректілігімен, 
қабілеттілігімен дамып отыратын үздіксіз үрдіс. Дарындылық- адамның белгілі 
бір істі орындауға бейімділігі мен ыңғайлығын білдіретін даралық қасиет, 
психологиялық ерекшелік [2, 37]. 
ХХІ ғасырда көптеген өркениетті елдерде дарынды және талантты жас 
жеткіншекті анықтау, қолдау және дамыту жөнінде ғылыми және қолданбалы 
жұмыстар жанданады.
Елбасының 1996 жылғы 24 мамырдағы №3002 Қаулысына сәйкес 
«Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және 
дамыту жөніндегі» Қазақстан Республикасының білім, денсаулық сақтау және 
мәдениет министрлігімен ізденбелі- қолданбалы зерттеулер жүйесі «Дарынды 
балалар мен жастарға білім беру мен тәрбиелеу жүйесін іске асырудың 
ғылыми-әдістемелік 
негіздері» 
бағдарламасы 
жасалды. 
Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең 
алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның 
дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі [3]. 
Қазіргі таңда елімізде дарынды балалармен белгілі бір ұйымдық- 
педагогикалық тәжірибе жинақталған. Дарынды балалар мен жастарды 
айқындау және оқыту жұмысына республикада жұмыс істеп келе жатқан жаңа 
типтегі білім беру мекемелері: гимназиялар, лицейлер, гимназиялық және 
лицейлік сыныптар бар мектептер, әр түрлі пәндерде тереңдетіп оқытатын білім 
беру мектептері мен сыныптары, авторлық және жекеменшік мектептер өз 
үлестерін қосуда. 
Дарынды оқушыларды іздеу пәндік олимпиадаларды, білгірлер 
турнирін, ғылыми ұйымдар ұйымдастырылуда.Сонымен қатар республикалық 
ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының құрылуымен жандана түсті.
Дарынды 
оқушымен 
жұмыстың 
негізгі
мақсаты- 
олардың 
шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын 
қалыптастыру. 


115 
Дарынды балалармен жұмыс жүйесі бұл жүйе- құрылымдық тұжырым, 
басқару теориясы, педагогикалық үрдістің тұтастық теориясына сай 
балалардың, мұғалімдердің іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсатарын, 
міндеттерін, мазмұнын, тәсілдерін, нысандары мен әдістерін қамтиды. 
Бағдарламаның мақсаты: 

дарынды балалар мен жастарды іздестірудің, оқыту және тәрбиелеудің 
негізгі стратегияларын анықтау; 

Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетін қалыптастырудың 
ортақ және үздіксіз үрдісін дамыту және қолдау; талантты жастардың 
әлеуметтік –мәдени қалыптасуына көмектесу. 
Бағдарламаның негізгі міндеттері: 

дарынды балалар мен жастарды іздеу, оқыту және тәрбиелеу жөніндегі іс-
әрекетті реттейтін құқықтық базаны жасау; 

дарынды балалар мен жастарды іздеу, оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 
практикалық іс-әрекетті дамыту үшін басқару жүйесін құру; 

дарынды балалар мен жастармен жұмысжасайтын педагогикалық 
кадрларды арнайы дайындауды ұйымдастыру; 

оқыту үрдісінде және дәстүрлі сайыстар, пән олимпиадаларын, ғылыми-
практикалық конференциялар өткізу үрдісінде дарынды балалармен жастарды 
айқындау мен таңдаудың технологияларын жасап шығару; 

білім берудің жаңа технологияларын жасау және жүзеге асыру; 

дарынды жастар мәселелері және балалардың ақпараттық алмасуы 
бағдарламасын жасау. 
Қорыта айтқанда, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, 
қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді 
дамытатын –оқыту мен тәрбие болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет