«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»


Жаратылыстану – математика бағытындағы 10 сыныпқа



Pdf көрінісі
бет79/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   169
thesis141891

Жаратылыстану – математика бағытындағы 10 сыныпқа 
арналған 
«Физика және техника» қолданбалы курсының бағдарламасы 
Бағдарламаның түсінік хаты: 
Оқушыларды іргелі физикалық теориялардың негіздерімен таныстыру, 
игерілген білімдерін бақылайтын құбылыстар мен процестерді түсіндіруге 
қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.
- Оқушылардың ғылыми ойлауын және дүние танымын дамыту. «Физика 
және техника» қолданбалы курсының басты мақсаты физика пәнін оқытудағы 
алған білімдерін тереңдету, физиканың қазіргі техникадағы ықпалын көреді, ал 
мұның өзі оқушылардың политехникалық білімдерінің тереңдеуіне негіз 
болады.
Физиканың барлық бөлімдері техникамен тығыз байланысты, бұл арада 
механиканың алатын орны ерекше, механика заңдары барлық техникалық 
құрылғыларда іске асырылады. Транспорттық құрылыстық, ауыл шаруашылық 
машиналардың жұмыстық негізіне механикалық принциптері алынады. 
Авиациалық және космостық техника механиканың дамуы нәтижесінде пайда 
болды. Көптеген энергетикалық құрылғылар жылу электр станциялары, гидро 
электр станциялары, бу және газ турбиналары, жел энергетиалық 
қондырғылардың және іс әрекеттері қозғалыстың механикалық түрлерін 
өзгертуге негізделген. Бұл курста оқытылатын І және ІІ-ші бөлімнің мазмұны 
механикаландырудың, авиацияның, космонавтиканың, энергетиканың бірқатар 
техникалық мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Курс айналмалы қозғалыс берілісінен басталады. Мұнда оқушылар 
айналмалы қозғалыстардың кинематикасын сипаттайтын негізі шамаларымен 
танысады. Бұрылу бұрышы, бұрыштық жылдамдық, сызықтық жылдамдық, 
айналу периоды жиілігі т.с.с. Бұл оқылған материалдарды техникалық 
жалпылаумен, айналмалы қозғалыс берілісінің бірнеше түрлі, негізгі 
сипаттамаларын, қолданылуларын талдаумен аяқтайды. Бұл мәселелерді оқып 
үйренудің маңыздылығы айналамалы қозғалыс берілісінің принципі 
қолданылмайтын бірде – бір техникалық құрылғының жоқтығына байланысты.
Техникалық құрылғылар физиканың заңдары, зерттеулері негізінде 
жасалынған. Өзінің есептеулерінде теориялық механика бойынша жұмыстарды 
пайдаланбайтын ракеталық кораблдерінің конструкторларын, ядролық 
отынның кризистік массасы туралы еш нәрсе білмейтін атом электр 
станцияларының конструкторларын болжау мүмкін емес.Қазіргі физика мен 
техниканың өзара байланысының 2-ші ерекшеліктері оларда байқалатын 
өзгерістер бір процеске бірігіп кетті. Мысалы: лазер тек физика үшін ғана емес, 
сондай-ақ техника үшін жаңа құрылғы. Өйткені оның пайда болуы материалды 
өңдеу технологиясында, байланыс техникасында, локацияда, медицинада, тіпті 
энергетиканың маңызды проблемасы – басқармалы термоядролық реакцияны 


218 
алуда бұрын беймәлім горизонтарды ашты. Келесі бөлімінде тербелмелі және 
толқынды процестерді пайдалануға негізделген және оның техника 
құрылғыралының құрылысы мен жұмыс істеу принципімен танылады. Ядролық 
техника 
бөлімінде 
ядролық 
және 
термоядрорлық 
қондырғылардың 
артықшылықтары зарядталған бөлшектерді тіркеудің әртүрлі техникалық 
әдістері мен зарядталған бөлшектердің үдеткіштері туралы білімдерін 
жетілдіреді.Болашақтың термоядролық энергетикасы адам баласын тек 
энергиямен ұзақ уақытқа қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге биосфераны 
зиянды заттардан тазарту мүмкіндігін туғызады. Бүгінгі заманымыздың 
талаптарына сай экологиялық проблемалар жайлы мәліметтер энергетикалық 
сұранысты қанағаттандыратын қор көздері еш уақытта таусылмайтын жел, күн 
энергиясын, жұмыс істеу принципі, энергияны пайдалану технологиясын
тиімділігін және оның келешегі, қарқынды дамуы туралы өз жобаларын, 
шығармашылықтарын қорғайды, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Курстың мақсаты: 
- Оқушыларды болашақ кәсіпті таңдап алуға дайындау, олардың 
шығармашылық қабілеттерін дамыту, білім алуға ынталандыру, қазіргі заманғы 
өркениетті физиканың рөлін ашу. 
- Оқушылардың ақпаратты сын көзімен ой елегімен өткізе алу, түсіндіре 
алу, түрлендіре алу, игеру, оның ғылыми сапасын бағалай алу сияқты 
қабілеттерін дамыту. 
Курстың міндеттері: 
- Физика заңдарының қолданылу шегі болатынын ол заңдар арқылы 
табиғатта болып жатқан құбылыстар мен үдерістерді түсіндіруге 
болатындығын ұғындыру. 
- Оқушының үйренуге өзін-өзі басқаруына, зерттеп үйренуіне, сапалы 
оқуына жағдай жасау. 
- Ізгілендіру үдерісін сақтай отырып, өзін-өзі дамыта алатын жеке 
тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. 
Күтілетін нәтиже: 
- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу. 
- оқушылар өз бетінше ізденуге үйренеді. 
- тақырыпқа деген жан-жақты түсінігін аңғара отырып, ынтасын одан әрі 
дамытуға мүмкіндік жасайды. 
- ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланады. 
- физика пәнінен алған білімдерін басқа пәндермен ұштастыра білуге 
ұмтылады. 
- топпен жұмыс істеу, оқушының белсенділігін оятуға түрткі болады. 
Оқушы бойында техникалық әртүрлі салаларының химиялық және 
техникалық құбылыстар процестердің негізінде физика және оның заңдары 
жататындығы туралы білімдері қалыптасады.
Курс сабақ кестесіне енгізілген, уақыт қоры 34 сағат. Қолданбалы 
курсының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында оқытудың мына 
формулаларын қолданылады: лекция, дәріс сабақ, семинар, практикалық 
жұмыстар, экскурсия, эксперимент, жоба қорғау, жеке жұмыс, топпен жұмыс.


219 
Барлық өткізілетін курс сабақтарында проблемалық сипаттамалармен 
оқушының өз бетінше жұмыс істеуін қамтиды.
Курстың қорытынды сабағы: Сынақтық жұмыстар және жобаны қорғау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет