Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Геохимиялық өріс жəне оның параметрлері



Pdf көрінісі
бет13/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

3.2. Геохимиялық өріс жəне оның параметрлері
Геохимиялық өріс – химиялық элементтердің (Сх) 
мөлшерімен немесе олардың қосылыстарының мөлшерімен 
жəне кеңістікті координаттар мен уақыттың функциясы ретінде 
сипатталатын геологиялық кеңістіктің бөлігі: 
Сх = f (x, y, z, T) > 0 (2) 
Терминді Жердің физикалық өрістеріне ұқсастығы 
бойынша 1932 жылы П.К. Соболевский енгізген. 
Ортогоналдық өстердің бағыттары əдетте келесідей болып 
қабылданады: х – солтүстікке қарай (немесе шоғырына тік), у – 
шығысқа қарай (немесе созылуы бойынша), z – горизонталды 
жазықтыққа бірыңғай бойынша тереңдікке қарай (немесе 
шоғырдың құлауы бойынша). 
В. И. Вернадскийдің заңына сəйкес, бақылауға қолжетімді 
кеңістіктің кез келген нүктесінде, шамалы мөлшерде барлық 


Я. К. Аршамов 
 
26 
химиялық элементтер кездеседі, бірақ элементтің мөлшері 100% 
аз болады.
Сондықтан, кез келген элемент үшін осы нүктеде келесі 
формула орынды болады: 
 
0% < Сх < 100% (3) 
Алайда, іс жүзінде кез келген бөлікшедегі таужыныстардағы 
бізге қажет элементтің графигі формулада (2) көрсетілгендей 
төрт өлшемді кеңістікте емес, келесі жорамалдарға сəйкес бір 
өлшемді кеңістікте көрсетіледі:
- қажетті элементті анықтауға арналған сынама бірдей 
тереңдіктен алынады (Z = const); 
- анықталатын элементтің мөлшері сол нүктеде салыстырмалы 
қысқа уақыт аралығында тұрақты болады деп есептеледі (Т = const); 
- сынамаларды алу геологиялық дененің созылуын қиып 
өту бағытында жүзеге асады, яғни бұл жағдайда сынамаланатын 
нысанның созылуы бойынша бағытталатын Y өсі де нөлге тең 
болады (Y = 0). 
Соңында формула келесідей түрде болады: 
 
Сх = f (x) (4) 
3.3. Пайдалы қазба кенорындары жəне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет