Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет17/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

Геохимиялы іздеу сілтемелері. Геохимиялық сілтемелердің 
мəні элементтердің өз қасиеттерімен, физика-химиялық 
жағдайлармен жəне геологиялық процестердің ерекшеліктерімен 
шартталатын жер қыртысындағы химиялық элементтердің 
заңды таралуымен сипатталады. 
Іздеу жұмыстары үшін келесі басты геохимиялық 
заңдылықтар маңызды болып келеді: 
1. Эндогенді кенжаралу процесі кезіндегі химиялық 
элементтердің таралуы жəне алғашқы шашырау ореолдары.
2. Экзогенді процестер кезіндегі, əсіресе тотығу белдемінде 
химиялық элементтердің таралуы.
3. Элементтердің, минералдардың жəне кенорындардың 
парагенетикалық заңды ассоциациялары. 


Я. К. Аршамов 
 
34 
Геохимиялық сілтемелер жер қойнауындағы химиялық 
элементтердің таралуымен байланысты болады жəне кейбір 
химиялық элементтер, тұрақты кларк мөлшерінен артық 
екенімен байқалады. Сондықтан геохимиялық сілтемелер, 
кенорындарды іздеуде жəне ірі аймақтардың кендену процесін 
болжауда теңдесі жоқ сілтемелердің бірі болып саналады. 
Геологиялық түсіру жұмыстарының нəтижесі арқылы арнайы 
геохимиялық карталар құрастырылады. 
Геоморфологиялы
іздеу 
сілтемелері 
бедер жаралу 
процесімен байланысты жер бетіне жақын жағдайларда 
жаралатын кенорындарды анықтау үшін аса маңызды болып 
келеді. Бұл мəселе мору қыртысының кенорындарына, 
шашыранды кенорындарға, саздың, құм жəне қиыршық 
тастардың кенорындарына қатысты болып келеді. Алтынның, 
платинаның, алмастың, касситериттің, вольфрамиттің жəне 
монцониттің шашыранды кенорындарын іздеудің негізінде 
бедердің дамуын зерттеу жатыр.
Геоморфологиялық 
зерттеулер 
палеогеографиялық 
талдаулармен бірге көне бедерлерді жəне көне өзен торабтарын, 
демек көне шашылымдарды анықтау кезінде аса тиімді болып 
келеді. Осының бəрі құмдардың, саздардың, қиыршық 
тастардың, құмтасты-қиыршықтастар шөгінділерінің жəне басқа 
да борпылдақ құрылыс материалдар кенорындарын іздеуге 
қатысты 
болады. 
Геоморфологиялық 
іздеу 
сілтемелері 
топографиялық 
карталарды, 
геологиялық 
карталарды, 
геофизикалық зерттеулер мен далалық геоморфологиялық 
бақылауларды талдау негізінде жасалады.
Іздеу белгілері - деп пайдалы қазба кенорнының нақты бір 
орында бар екенін немесе анықталу мүмкіндігін көрсететін кез-
келген деректер мен құбылыстарды айтамыз. Іздеу белгілері - 
тікелей жəне жанама деп екіге бөлінеді. 
Іздеу белгілерінің тікелей түрі кенорынның ашылатынын 
анық көрсете алады, оларға төмендегілер жатады: 
1. Пайдалы қазбаның ашылуы; 
2. Пайдалы қазбаның шашырау ореолдары немесе 
геохимиялық аномалиялар; 
3. Адамзат тіршілік іздері. 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
35 
Пайдалы 
азбаны. ашылуы. Түбірлік ашылымдарда 
пайдалы қазбалардың немесе кенді минералдардың бар болуын 
толық анықтай алатын негізгі іздеу белгісі болып саналады. 
Сондықтан да осындай ашылуды анықтау немесе бақылау 
геолог-іздеушінің алдына қойған негізгі тапсырмасының бірі 
болып саналады.
Кен денелерінің ашылымдарда физикалық жəне химиялық 
морылуы нəтижесіндегі тереңдікті өзгерулерінің есебінен 
көптеген жағдайда кенді ашылымдарды зерттеу жəне бағалау 
жұмыстары өте күрделі мəселе болып келеді. Бұл күрделі 
процестер кен денелердің сырт пішінін, олардың заттық 
құрамын, морфологиясы мен орналасу жағдайларын өзгертеді. 
Осындай құбылысқа негізінен сульфидті жəне кейбір 
химиялық тұрақты емес кендер ұшырайды. Тотығу процестері 
жəне кендердің ыдырауы метеор сулары жиналатын 
белдемдерде интенсивті жүреді. Осы белдем ауқымында тотығу 
белдемі дамиды. Тотығу белдемдерінің қалыңдықтары
100-200 метр кейде 600-900 м дейін жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет