Я. К. Аршамов
36
мүмкіндік болмайды, сондықтан оларды тек зертханалық
жағдайда арнайы микроскоптар көмегі арқылы зерттеледі.
Пішіндері бойынша ореолдар: көлемді, алаңды жəне сызықты
болып үшке бөлінеді. Көлемдік ореолдар өлшемдері барлық
жағынан да бірдей болып келеді жəне көптеген эндогендік рудалы
кенорындардағы алғашқы ореолдарға тəн болады.
Алаңдық ореолдар
өлшемдері кен қалыңдығының
айналасында оның ұзындығы мен ені өте ұзын болуымен
сипатталады жəне барлық кенорындардың элювий-делювийлі
қайта түзілген ореолдарына тəн, сонымен қатар шөгінді
кенорындардың алғашқы ореолдарына тəн болады.
Сызықтық ореолдар өлшемдері бір жағына қарай созылып
бағытталады жəне кейбір эндогендік
кенорындардың сызықты
құрылымдармен бақыланған жағдайда жаралған алғашқы
ореолдарына тəн болады жəне де гидроторабтардағы
кенорындардың қайта түзілген шашырау ореолдарына тəн
болып келеді. Гидроторабтардағы кенорындардың ореолдары
шашырау ағындары деп аталады.
Алғашқы шашырау ореолдары кенжаралу процесі кезінде
бірқатар
химиялық
элементтермен
байытылған
кен
сыйыстырушы таужыныстардың изометрлі бөлікшелерімен
сипатталады.
Сыйыстырушы таужыныстарға қатысты алғашқы ореолдар
сингенетикалық жəне эпигенетикалық болып бөлінеді.
Сингенетикалық алғашқы ореолдар
пайдалы қазбалар мен
сыйыстырушы таужыныстардың бірге жаралуы процесі кезінде
жаралады. Сингенетикалық ореолдар магмалық жəне шөгінді
кенорындарға тəн болады.
Эпигенетикалық ореолдар бұрын түзілген сыйыстырушы
таужыныстар ортасында өтетін процестер нəтижесінде
үстемеленген эпигенетикалық кенорындармен бірге жүреді.
Эпигенетикалық ореолдар желілі гидротермалды кенорындарға
жəне пегматитті кенорындарға тəн болады.
Қайта түзілген шашырау ореолдары жəне ағындарына
пайдалы қазба кенорындарының жəне
олардың алғашқы
ореолдарының бұзылуынан пайда болатын барлық өнімдердің
кешенін жатқызамыз. Мұндай ореолдар жəне шашырау
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
37
ағындары
жоғарғы
беткі
борпылдақ
жамылғыларда,
топырақтарда, өсімдіктерде, грунт жəне жоғарғы беткі су
көздерінде орын алады жəне бір-бірімен байланыста болады.
Олар эрозияға жəне физикалық жəне
химиялық мору
агенттерінің əсеріне ұшырайтын əртүрлі генезисті жəне
құрамды кенорындарда пайда болады. Қайта түзілген шашырау
ореолдары жəне ағындарының минералдық жəне химиялық
құрамы кенорындардағы кендердің жəне алғашқы ореолдардың
құрамына сəйкес болып келеді.
Бұзылу процестерін сипатына жəне бұзылу өнімдерінің
фазалық жағдайына байланысты қайта түзілген шашырау
ореолдары жəне ағындары беске бөлінеді:
1. Механикалық ореолдар;
2. Тұзды ореолдар;
3. Гидрогеохимиялық ореолдар;
4. Атмогеохимиялық ореолдар;
5. Биогеохимиялық ореолдар.
Достарыңызбен бөлісу: