Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
41
4. ЖЕР ҚЫРТЫСЫНДАҒЫ ЭЛЕМЕНТТЕР
МИГРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Табиғаттың барлық заттары жəне
оларды құрайтын
химиялық элементтердің атомдары əртүрлі геохимиялық жəне
космохимиялық процестердің нəтижесінде тоқтамайтын жəне
заңды қозғалыста, орын ауыстыруда, қайта топталуда жəне
қайта бөліну күйінде болады.
«Химиялы элементтерді. миграциясы» терминін 1923 жылы
геохимияға А. Е. Ферсман енгізген. Бұл түсінікті ол, Жер
қыртысындағы шашырауға жəне концентрацияға алып келетін
химиялық элементтердің
орын ауыстыруын анықтайтын
процестер кешені деп түсінді.
Жер қыртысындағы элементтердің бөлінуі жəне орын
ауыстыруы көбінесе олардың құрылысының ерекшеліктерімен,
анықтаудың түрлерімен, сонымен қатар қарастырылып отырған
элементтерді (олардың қосылыстары) құрайтын сыртқы жағдай-
лардың кешенімен анықталады.
Пайдалы қазба кенорындарын
геохимиялық əдіспен іздеу кезінде осы факторларды ескеру арқылы
қарастырылып отырған элементтер миграциясының даму тарихы
мен жолдарын біршама дəл анықтауға мүмкіндік береді жəне іздеу
жұмыстарының тиімділігін арттырады.
А. Е. Ферсман элементтердің миграция құбылысын,
геохимиялық реакциялардың жəне геохимиялық кешендердің əр
түрлілігін жəне көп түрлілігін анықтайтын табиғаттың маңызды
құбылысы деп айтқан. Геохимиялық миграция түсінігін
нақтылай отырып, ол кларк схемасында нақты бір геохимиялық
жүйеде химиялық элементтердің таралуын
орташа м0лшер деп
қараған, осының нəтижесіндегі кез келген ауытқулар миграция
жолымен жүзеге асырылады деп айтқан.
Жер қыртысындағы кез келген
элементтің миграциялық
жағдайының қалпын А. Е. Ферсман бойынша келесідей
схемамен көрсетуге болады:
Дисперстік жағдай (шашырау
жағдайы) –
орташа м0лшері (осы жүйенің кларкы) –
концентрация (салыстырмалы концентрация) -
0неркəсіптік
концентрация (кенорынның жаралуы).
Химиялық
элементтердің
миграциясы
геохимиялық
процестердің мазмұнын құрайды жəне кеңістікте атомдардың
Я. К. Аршамов
42
орын ауыстыруына, олардың сандық қатынастарының өзгеруіне
əкеледі.
Химиялық элементтердің миграциясы біршама қозғалмалы
жүйелерде сұйық күйінде (магмалық балқымалар жəне
ерітінділер жəне т.б.), газ тəрізді фаза түрінде (атмосфера
газдары, жанартаулық газдар, радиоактивті газдар жəне т.б.),
сирек қатты минералды массаларда (таужыныстардағы
атомдардың диффузиясы құбылысы жəне т.б.) жүзеге асады.
Көптеген элементтердің миграциясы организмдердің жəне
адамның тіршілігіне септігін тигізеді.
Жер жағдайындағы химиялық
элементтердің миграциясы
атомды (инертті газдар, булар, сынап булары жəне т.б.),
ионды (ерітінділер, балқымалар жəне коллоидты жүйелер),
молекулярлы (ерітінділер, силикатты балқымалар) немесе
коллоидты , сонымен қатар
дисперсті (таужыныстардың жəне
минералдардың сынықтары) қалыпта жүзеге асады.
Химиялық
элементтер
миграциялық
қабілеттілігіне
байланысты, яғни геохимиялық процестерде орын ауыстыруының
қарқындылығы бойынша өзара бөлінеді.
Сонымен қатар,
элементтердің миграциялық қабілеттілігі миграция ортасының
термодинамикалық жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Белсенді мигранттардың қатарына жер қыртысының белгілі
бір шегінде орын алатын термодинамикалық жағдайлардың кең
ауқымында оңай миграцияланатын химиялық элементтерді
жатқызуға болады.
Осы элементтердің атомдары магмалық балқымаларда да,
ерітінділерде
де,
сонымен
қатар
гипергенез
белдемінің
ерітінділерінде де оңай орын ауыстыра алады.
Мысалы белсенді
миграцияланатын элементтерге галогендер, сілтілі металдар жəне
т.б. жатады. Белсенді емес мигранттар (мысалы платина тобының
элементтері) тек қана термодинамикалық жағдайлардың тар
ауқымында (магмалық балқымалар) протокристаллизация сатысы -
базальтты магманың оливинді таужыныстар
жаралу кезіндегі
дифференциациясы (перидотиттер, дуниттер, пироксениттер,
габбро, нориттер) кезінде миграцияланады. Жер қыртысының
көптеген элементтері белсенді мигранттар болып келеді.