Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет23/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

3) Биогендік т1рі. Ол жануарларда жəне өсімдік 
ағзаларында элементтерді анықтаумен сипатталады. Ең алғаш 
В. И. Вернадский биосфераны зерттегенде қарастырылған. Жер 
қыртысында тірі ағзалар құрамының салыстырмалы аз 
мөлшеріне қарамастан Жер үстіндегі өтіп жатқан геохимиялық 
процестерді тірі организмдердің əрекетін ескермей нақты 
сипаттауға болмайды (сонымен қатар, қайта түзілген 


Я. К. Аршамов 
 
48 
геохимиялық ореолдардың пайда болу процесін). Осы мəселені 
ерекше белгілей отырып, В. И. Вернадский былай деп жазған 
«...тірі зат биосферада негізгі белсенді рөлді атқарады жəне 
қуаттылығымен, қарқындылығымен, уақыттағы бағыттылығы 
бойынша ешқандай басқа геологиялық күшпен салыстыруға 
болмайды». 
Тірі организмдерде қазір барлық элементтер анықталған. 
Өсімдіктердегі 
элементтердің 
таралуының 
ерекшеліктері 
бойынша қомақты материалдар биохимиялық іздеу əдістерімен 
байланысты 
жинақталған. 
Өсімдіктерде 
олар 
күрделі 
органикалық қоспа ретінде кездеседі. Көптеген металдар, табиғи 
органикалық 
қышқылдармен 
əсерлесіп, 
қосылыстарды 
туғызады. Бұл қосылыстар соңғы кезде геохимиялық іздеу 
жұмыстарын жүргізу кезінде ескерілетін болған.  
4) Сулы ерітінділер – гидросфера деп аталатын Жердің 
жеке қабығын құрайды. Сулы ерітінділердің негізгі бөлігі 
дүниежүзілік мұхиттың еншісіне тиеді, ал аз ғана бөлігі – 
континенттердің жерүсті жəне жерасты суларына тиеді. Оларға 
əртүрлі жағдайда пайда болған гидротермалар жатады. 
Геохимиялық іздеулер кезінде негізгінен элементтер ион, 
молекула, органикалық жəне кешенді қосылыстар ретінде 
кездесетін жерасты жəне сирек жерүсті суларға көңіл бөлінеді. 
Элементтердің негізгі бөлігі, ерітінділердегі диссоциация 
процесінің нəтижесінде аниондармен жəне катиондармен 
көрсетілген. Аниондар (теріс зарядты ион) негізінен кешенді, ал 
катиондар (оң зарядты ион) судың молекулаларымен 
байланысты болады. Иондардың бөлінуі судағы ионды, 
металлды жəне ковалентті байланыстағы заттардың еруімен 
анықталады.
5) Газды оспалар – Жердің сыртқы қабығы атмосфераны 
құрайды. Газдардың көп бөлігі минералдардағы қосылыстар 
түрінде шөгінді жəне магмалық таужыныстардың кеуектерімен 
қуыстарында сіңірілген қалпында кездеседі. Газдар гипергенді 
жəне гипогенді геохимиялық процестерде белсенді қатысады. 
6) Коллоидты жəне сорбцияланған т1рлері. Жердің 
сыртқы қабықтарында кеңінен тараған. Оның жеке бөлікшелері 
ауқымында элементтерді анықтаудың осы түрлері химиялық 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
49 
элементтер таралуының көптеген заңдылықтарын анықтайды. 
Осы заңдылықтарды бақылау пайдалы қазба кенорындарын 
геохимиялық əдіспен іздеу кезінде қажет болады. Осыған 
байланысты В. А. Алексеенко (1989) коллоидтарды жəне 
олармен сорбцияланатын заттарды геохимиялық іздеу кезінде 
химиялық элементтерді табиғатта анықтаудың жеке түрі ретінде 
қарастыруды ұсынды. 
Коллоидтар мұхиттық жəне континенттік суларда, 
атмосферада жəне құрлықта кеңінен тараған. Осы орайда
А. И. Перельман 1975 жылы былай деп жазған: «өзінің кейпін 
білдіретін ландшафтың өте маңызды бөліктері, немесе 
коллоидты күйде болады, немесе өзінің жаралу процесінде 
коллоидты күйден өткен болып келеді».
Табиғатта коллоидтардың түзілуі екі негізгі əдіспен жүзеге 
асырылады: 1) дисперсиялы  (кристалдық заттың бұзылуы 
кезінде); 2) конденсациялы  (молекулалық бөлікшелердің 
коллоидтық мөлшерге дейін қосылуы кезінде). 
Дисперсиялылықтың өте жоғары дəрежесінде жəне 
дисперсиялық фазаның үлкен шамасы кезінде коллоидты 
жүйелер бос энергияның үлкен қорына ие болады. Оның өз 
еркімен төмендеуі сорбцияға ұшыратады.
7) 
Өзінің табиғи аналогы болмайтын техногендік 
осылыстар. Соңғы кезде көптеген əртүрлі аймақтарда, 
көбінесе, топырақтарда, су түбіндегі шөгінділерде жəне суларда 
кездесіп кеңінен қолданыс табуда. Негізінен олар белсенді 
игерілетін аудандарда кездеседі, оларға бірінші кезекте, əртүрлі 
ауылшарушылықта пайдаланатын жерлердің жəне ірі 
өнеркəсіптік 
комбинаттардың 
қасындағы 
бөлікшелерді 
жатқызуға болады. Элементтерді анықтаудың бұл түрі əртүрлі 
жасанды 
полимерлерді, 
пластмассаларды, 
металл 
қорытпаларын, пестицидтерді, гербицидтерді, жерүсті-активті 
заттарды жəне т.б. кіріктіреді. Бұған тағы да табиғатта 
кездесетін (жəне табиғи күйдегі элементтер), бірақ өздері 
табылған жерде нақты жағдайларда табиғи жолмен жаралмаған 
қосылыстарды жатқызуға болады. 
8) Магмалы бал ымалар. Бұл түгелдей, өзгергішті, газбен 
қаныққан жүйелер. Бұлардағы элементтердің жағдайы осы 


Я. К. Аршамов 
 
50 
уақытқа дейін проблемалық болып келеді. Магмалық 
балқымалардың Жер қыртысындағы элементтерді бөлу, қайта 
бөлу рөлі өте үлкен жəне сондықтан олардың элементтерінің 
жағдайы туралы гипотезалар қызығушылық туғызады. Ең 
бірінші магма туралы түсінік оксидтерден тұратын балқыма 
ретінде болған, бірақ 1935 жылы Ф. Ю. Левинсон-Лессинг 
магмада «болашақ минералдарға сəйкес кешендер» жатыр деп
жазған. Н. В. Беловтың жəне Л. Н. Овчинниковтың жұмыс-
тарында бұл жағдай тиянақты өңделген жəне толықтырылған. 
Қазір, магмада кешендердің екі негізгі түрі бар деп есептеледі: 
октаэдрлік топтар (оның ішінде [MgO
6
] жəне [CaO
6
] көп 
кездеседі) жəне тетраэдрлік топтар (оның ішінде [SiO
4
] жəне 
[AlO
4
] көп кездеседі). Бұлардан басқа қозғалмалы бос 
катиондар, еріген металдардың атомдары, FeS жəне Fe
2
O
4
типті 
қосындылар кездеседі деп есептеледі.
9) Шашырау к1йі. Ең алғаш 1909 жылы элементтердің 
шашыраңқы күйін В. И. Вернадский сипаттаған. Бұл Жер 
қыртысындағы элементтерді анықтаудың ерекше бір түрін 
көрсетеді жəне атомдардың кристалдық торларының бос 
кеңістігіндегі орналасуымен байланысты болып келеді. 
Атмосфераның төтенше жағдайда шашырауына жақсы септігін 
тигізеді: басқа газдардың қосылыстарына түскен газ толығымен 
сол жерде еріп кетеді. Элементтердің шашырау жағдайындағы 
мөлшері 10
-12
– 10
-15
% дейін жетеді, ал шашыраудың шегі деп
1 см
3
затта 1 атомның болуын айтады. Көптеген элементтерге 
бұл жағдай дағдылы болып келеді. Олардың қатарына йод, 
ксенон, радон жатады.
Элементтердің Жер қыртысындағы орналасу түрін 
қарастырғанда, табиғатта нейтралды атомдар емес, иондар жиі 
кездесетінін ұмытпау қажет. Геохимиялық процестерге 
қатысатын иондардың саны элементтердің санынан көп болады 
жəне саны 150-ге дейін жетеді. Ал əрбір ион, В. И. Вернадский 
бойынша миграция процесі кезінде «ерекше химиялық элемент» 
ретінде қарастырылуы керек.


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
51 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет