Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет27/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

Я. К. Аршамов 
 
60 
а) мысалы, магманың жоғары температурасы жағдайында 
миграцияға қабілеттілігі сол элементтен туындайтын сол 
жағдайдағы қатты фазаға түсетін балқу жəне қайнаудың ең 
жоғарғы нүктесі бар қиын балқитын қосылыстардың жаралу 
мүмкіндігіне байланысты болады; 
б) сулы ерітінділер жағдайында көптеген элементтер 
қатарының миграциялық қабілеттілігінің төмендеуі олардың 
қосылыстарының қиын ерігіштігімен сипатталады. Мысалы, 
қиын еритін фосфор қышқылды жəне күкірт қышқылды 
тұздардың жаралуымен; 
в) гипергенез жағдайында берік қосылыстарға тотығу 
процесіне ұшырамайтындар жатады.
2. 
Элементтер қосылыстарының жаралуы бірнеше 
мүмкіндік бар кезде бос энергиялармен анықталады.
Бос энергия есебінен табиғи парагенезистегі сульфидті 
минералдардың бөліну реттілігінің қарапайым түрі келесідей 
болады: Fe(FeS2), Cu, Zn (Mn), Pb, Ag, Cd, Te, Hg. 
Элементтердің ковалентті байланысты туғызу қабілеттілігі 
кешенді қосылыстар (ZnS, Fe
2
O, FeO, CaO, CaMgCO
3

құрамында сулы ерітінділерде осы элементтердің миграциялану 
мүмкіндігін анықтайтын басты фактор болып келеді.
А. Е. Ферсман миграция процесі үшін химиялық 
элементтер атомдарының ионизация потенциалының рөлін 
келесідей түсіндірді: 
а) жақын ионизация потенциалы бар атомдар миграцияның 
ұқсас қасиеттеріне ие болады (R, Na, Li, Rb, Si, Ge); 
б) бірдей типті торлардан тұратын атомдар мен иондар 
миграциялық қасиеті бойынша бірдей болады.
3. Химиялық элементтер атомдары мен иондарының 
радиустарының бірдей болуы миграция жолының бірдей болуын 
сипаттайды. Өте үлкен немесе өте кіші радиусты атомдар мен 
иондар 
миграцияның 
жəне 
қайта 
бөлінудің 
жоғары 
қабілеттілігімен сипатталады.
4) Атомдарды. гравитациялы асиеті оның массасының 
мөлшерімен 
байланысты 
жəне 
Жер 
мен 
космостағы 
элементтердің дифференциациясы процесі кезінде өте маңызды 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
61 
болып келеді. Атомдардың гравитациялық қасиеттері ең үлкен 
рөлге Жер жаралуының ерте сатыларында ие болған.
Барлық элементтердің миграция процесі біріншіден, бүкіл 
əлемдік тартылыс күшінің əсерімен жүзеге асады, сонымен 
қатар космостық денелердің ортасында ауыр атомдар 
жинақталады, 
бұзылған 
бөліктерінде 
жеңіл 
атомдар 
жинақталады. Атомдардың гравитациялық қасиетіне меншікті 
салмақ жəне атомдық көлемдер жатады.
Бұрыннан белгілі, магмалық кристалданудың ерте 
минералдары дала шпатымен салыстырғанда үлкен меншікті 
салмақты хромит, оливин, пироксендер, гравитациялық күштің 
əсерінен магмалық ошақтың түбіне жиналып, таужыныстарды 
құрайды. Сонымен қатар, жер қыртысының континенттері өзінің 
астында жатқан таужыныстардан қарағанда біршама жеңіл 
таужыныстардан құралғаны бізге мəлім. Жердің орталық 
бөліктерінде ең көп тараған элементтердің ішінен темір мен 
никель бар деп есептеледі. 
Бірақ, таужыныстарда таралған бірқатар элементтер ең 
ауыр элементтер жəне оның қосылыстары гравитациялық 
қасиеттерге бағынбайтынын көрсетеді. Мысалы, мынадай 
элементтер Nb, Ta, Zn, Hf, W, Mo жəне əсіресе Th, U (атомдық 
нөмірлері 41, 73, 30, 72, 74, 42, 90, 92) біршама қышқыл 
магмалармен жəне постмагмалық, яғни салыстырмалы жеңіл 
таужыныстармен байланыста болады.
Сонымен, элементтердің бөлінуі көзқарасынан қарағанда 
элементтер арасында Жер шары қабықтарының құрылуында 
басты рөлді атқаратын гравитациялық қасиет Жер дамуының 
ерте сатыларында пайда болады. Аз таралатын элементтердің 
бөлінуінде гравитациялық қасиет маңызды рөлді атқармайды. 
Осының бəрі магмалық процестерге жатады.
Гипергенді таужыныстарда гравитациялық қасиет маңызды 
рөлді атқарады. Ауыр жəне механикалық төзімді қосылыстар 
(алтын, алмас, касситерит, циркон, топаз, вольфрамит, рутил, 
ильменит жəне т.б.) туғызатын көптеген элементтер осы 
қосылыстардың 
гравитациялық 
қасиетімен 
байланысты
концентрациялар түзуге бейім болып келеді. 
5) Радиоактивті асиеттері. Атомдардың радиоактивті 
қасиеті миграция процесі кезінде радиоактивті элементтердің 


Я. К. Аршамов 
 
62 
ыдырауына жəне жаңа ядролардың басқа физика-химиялық 
қасиетттермен жаралуы кезінде сол элементтер санының үнемі 
өзгеруімен сипатталады. Атом ядроларының радиактивті 
ыдырауы кезінде бастапқы элементтерден жəне бір-бірінен 
миграциялық қасиеттері бойынша ерекшеленетін жаңа 
элементтер пайда болады. Мысалы, уранның радиоактивті 
ыдырауы кезінде жеңіл миграцияланатын гелий жəне қиын 
миграцияланатын қорғасын пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет