Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Геохимиялы тос ауылдарды жіктемесі



Pdf көрінісі
бет31/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

5.3.2. Геохимиялы тос ауылдарды жіктемесі 
 
Тос ауылдарды. типтері. А. И. Перельманның генетикалық 
жіктемесі бойынша биосфераның барлық геохимиялық 
тосқауылдары екі негізгі типке – табиғи жəне техногенді 
типтерге бөлінеді. Екі типте миграция факторлары өзгерген 
бөлікшелерде орналасады. Бірінші жағдайда, факторлардың 
ауысуы, ал соған сəйкес бір геохимиялық жағдайдың 
екіншісімен ауысуы биосфераның нақты бөлікшесінің табиғи 
ерекшеліктерімен шартталады. Екінші жағдайда – осындай 
геохимиялық жағдайлардың ауысуы антропогенді əрекеттің 
нəтижесінде жүзеге асады. 
Алайда едəуір жиі геохимиялық жағдайлардың антропогенді 
өзгеруі жəне техногенді геохимиялық тосқауылдардың 
қалыптасуы өзіндік бір түрткі болып келеді, осыдан кейін 
табиғи геохимиялық тосқауылдардың қалыптасуы жүзеге асады. 
Техногенді тосқауылдарға табиғи тосқауылдардың үстемеленуі 
болады. Кейде олардың бəрі (сонымен қатар техногенді 
тосқауылдарда) бір-бірін тек жарым-жартылай жабуы мүмкін. 
Геохимиялық тосқауылдар қалыптасуының осындай процестері 
жаңа үшінші техногенді – табиғи типті бөлуге негіз болды. 
Тос ауылдарды. класстары. А. И. Перельман бойынша 
бөлінген геохимиялық тосқауылдардың типтері үш негізгі 
класстарға бөлінген: физика-химиялы , механикалы жəне 
биохимиялы .
Физика-химиялы тосқауылдардың қалыптасуы физика-
химиялық жағдайдың ауысуымен байланысты. Қазіргі уақытта 
тек қана осы класс үшін, ал дəлірек болсақ, əртүрлі тотығу-
тотықсыздану жəне сілтілі – қышқылды жағдайлары бар суларда 
ионды түрде миграцияланатын химиялық элементтердің тұнуы 
жағдайына толық жете жіктеме жасалған.
Механикалы тос ауылдар механикалық миграцияның 
қарқындылығы күрт өзгеретін бөлікшелермен сипатталады. 
Олар негізінен миграцияның екінші типімен, яғни олардың 
анықтау түрі өзгермейді, бірақ олар кеңістікте ауысатын 
жағдаймен байланысты болады. Ауысу, ережеге сай, биосфера 
көлемінде жиі элементтердің минералды немесе коллоидты 
түрде миграциясымен жүзеге асады. Коллоидтардың жəне 


Я. К. Аршамов 
 
72 
минералдардың ауысуы ауалы жəне сулы ортада, сонымен қатар 
орталардың шекараларында (баурайлар бойынша сынықтардың 
домалауы) болуы мүмкін. 
Биогеохимиялы тос ауылдар, басқаларға қарағанда, негізінен 
миграцияның бірінші типімен, яғни кеңістікте азғантай ауысу 
арқылы элементтердің анықтау түрлері өзгергенде болатын 
миграциялармен байланысты болады. Шын мəнінде олар 
химиялық элементтердің өсімдік жəне жануарлар ағзаларымен 
жинақталуын сипаттайды. Бұл геохимиялық тосқауылдар 
биосферада өте көп тарағандар қатарына жатады жəне табиғи да 
жəне техногенді де болуы мүмкін. Химиялық элементтердің 
биогеохимиялық тосқауылдарда концентрациясы осы элемент-
тердің биологиялық айналымының бір бөлігі болып келеді. 
Химиялық элементтердің (олардың қосылыстарының) 
геохимиялық тосқауылдарда жинақталуы жиі осы элементтердің 
аномалды концентрациясына алып келеді. Нақты бір 
жағдайларда олардың концентрациясы жəне тосқауылдардағы 
жалпы мөлшері күрт өседі жəне пайдалы қазба кенорындары 
қалыптасады. Жақын арадағы уақытқа дейін қарастырылып 
отырған процестер тек қана табиғи болған. Қазір техногенді 
процестер үлкен масштабтарға жетіп, табиғи жəне техногенді 
тосқауылдарда өнеркəсіптік концентрацияларда нақты бір 
элементтердің (олардың қосылыстарының) жинақталуы мүмкін 
болады. Осылай əртүрлі пайдалы қазбалардың техногенді 
кенорындары 
қалыптасады, 
ең 
алдымен 
металдардың 
кенорындары қалыптасады. 
Геохимиялық 
тосқауылдар 
облысындағы 
соңғы 
онжылдықтың зерттеулері қосымша класстардың бөлінуінің 
көкейкесті қажеттілігін көрсетті. Осыған орай жеке кешенді 
геохимиялы тос ауылдар класы бөлінеді. Үшінші типтің 
техногенді-табиғи геохимиялық тосқауылдары əрқашанда 
кешенді болатынын атап өту қажет. Олардың саны, сонымен 
қатар ғылыми жəне практикалық маңыздылығы үздіксіз артып 
келеді.
Өзінің əдеттегі көрінуінде кешенді геохимиялық тосқауылдар 
геохимиялық тосқауылдардың бірнеше класстарының бірінің 
үстіне бірінің кеңістікті үстемеленуін сипаттайды. Бір-біріне 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
73 
үстемеленген тосқауылдар өзара генетикалық байланысты 
болып келеді. Табиғи тосқауылдардың ішінде кешенді 
тосқауылдар таралуы бойынша алғашқы орындардың бірін алады. 
Техногенді 
геохимиялық 
тосқауылдардың 
ішінде
В. А. Алексеенко (1997) тағы да бір дербес классты - əлеуметтік 
тос ауылдар класын бөлуді ұсынған. А. И. Перельманның соңғы 
еңбектерінің жарыққа шығуынан кейін ғылыми əдебиеттерде 
«химиялы элементтерді. əлеуметтік миграциясы» деген 
термин кеңінен қолданыла бастады. Əлеуметтік миграция 
терминіне ұқсас В. А. Алексеенко «əлеуметтік геохимиялы
тос ауыл» түсінігін енгізуді орынды деп санайды.
В. А. Алексеенко бойынша осы тосқауылдардың жоғарыда 
сипатталған 
табиғи 
жəне 
техногенді 
тосқауылдардан 
айырмашылығы мен ортақтығына төмендегілер кіреді: 
Біріншіден, жоғарыда қарастырылған тосқауылдарға ұқсас 
бұларда да миграцияның нақты бір түрінде - əлеуметтік 
(техногенді) түрінде қатынасатын бірқатар заттардың ауысуы 
тоқтатылады. 
Екіншіден, басқа да тосқауылдарға ұқсас, бұл жағдайда 
қатынасатын барлық заттар емес, тек қана солардың бір бөлігі 
ғана миграциясын тоқтатады. 
=шіншіден, табиғи жағдайларда олар қалыптаспаған 
жерлерде, қалай болғанда да оларға концентрацияланатын 
заттар үшін тосқауылдар жасанды құрылған. 
Т0ртіншіден, жаралу тəсілі бойынша (шығару жəне 
қоймалау) олар қарастырылған барлық техногенді тосқауылдардан 
өзгешеленді. 
Бесіншіден, заттардың концентрациясының өзгешелігі 
бойынша жəне жаралу тəсілі бойынша табиғи тосқауылдар 
ішінде бұл тосқауылдарға ұқсас тосқауылдар жоқ. 
Алтыншыдан, оларға концентрацияланатын заттар ешбір 
жалпы физикалық немесе химиялық қасиеттері бойынша 
біріктірілмейді (ал бұл табиғи жəне техногенді тосқауылдардағы 
заттардың концентрациялануының міндетті шарты болып 
келеді). Техногенді тосқауылдардағы барлық заттарды тек қана 
бір əлеуметтік жағдай біріктіреді, яғни қазіргі оның даму 
кезеңінде қоғамға ешбір қажет еместігі. 


Я. К. Аршамов 
 
74 
Жетіншіден, қарастарылып отырған тосқауылдардың 
қалыптасуы жəне оларға жиналатын заттардың құрамы
адамдардың жəне де бүкіл адамзаттың нақты қауымдастығы 
сияқты дамуының нақты деңгейінің бейнесі немесе көрінісі 
болып келеді. 
Осының бəрі бірге В. А. Алексеенко бойынша əлеуметтік 
геохимиялы тос ауылдарды жеке даралауды негіздейді. Осы 
тосқауылдардың кеңінен (жəне де үдемелі) таралуы, ең бастысы, 
адамды қоршаған ортаға деген келеңсіз əсерінің үдеуі жəне де 
адамның денсаулығына келеңсіз əсері оны тек қана жеке-дара 
бөлінуін қажет етіп қоймай, сонымен қатар осы тосқауылдарды 
толыққанды экология-геохимиялық зерттеуді қажет етеді. 
Геохимиялық тосқауылдар бір-бірінен тек қана нақты 
элементтердің концентрациясымен жəне олардың жалпы 
санымен ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар тосқауылдардың 
өз мөлшерлерімен өзгешеленді. Осы критерий бойынша
А. И. Перельман макро-, мезо- жəне микротос ауылдарды бөлді. 
Макрогеохимиялы тос ауылдарға мың метр қашықтарда 
химиялық элементтер миграциясының қарқындылығы күрт 
өзгеретін белдемдер жатады. Белдемдердің қалыңдығы бірнеше 
жүздеген метрлерге жетуі мүмкін. Осындай тосқауылдарға, 
мысалы, əлсіз электролит болып келетін тұщы өзен суларының 
теңіз суларымен араласуы болатын ірі өзендердің атыраулары 
жатады. 
Мезогеохимиялы тос ауылдарды. ұзындығы алғашқы 
метрлерден мың метрге дейінгі қашықтықта өзгеріп тұрады. 
Олардың мысалына, тотығу-тотықсыздану жағдайы күрт 
өзгеретін жəне алдын ала суайырықтардан жəне баурайлы 
бөлікшелерден шаймаланған көптеген химиялық элементтер 
жинақталатын батпақтардың шеткі белдемдерін жатқызуға 
болады. 
Микрогеохимиялы тос ауылдарды. өлшемдері миллиметрдің 
бөліктерінен алғашқы метрлерге дейін өзгеруі мүмкін. Оларға 
жеке өсімдіктерде бөлінетін жəне де пайдалы қазба 
кенорындары ауқымында рудалы желілер жəне желішелер 
қалыптасатын тосқауылдар жатады.


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
75 
Осы жоғарыда баяндалған мəселелер геохимиялық 
тосқауылдарды келесі типтер мен кластарға бөлуге мүмкіндік 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет