Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
105
барлау əдістемесінің облысына араласады, бірақ бұл жағдайда
да геохимиялық зерттеулер жетекші рөлді атқарады.
Маңызды
геологиялық-іздеу
міндеттеріне
шешудегі
геохимиялық əдістерге жататын негізгі рөлді олардың жасырын
кен денелердің алғашқы ореолдарының
қатарына жататынын
болжауға рұқсат беретін кенді минералданудың өнеркəсіптік
емес білінімдерін бағалау жатады (8.2-сурет).
8.2-сурет. Алғашқы геохимиялық ореолды ашудың əртүрлі варианттары.
Қазіргі беттегі кендену:
а – алғаш ы кен1сті ореолы; б – шашыранды
минералдану белдемі (ШМБ) немесе кенасты ореолы. Жасырын
орналас ан кендену: в – со ыр кен денесіні. алғаш ы кен1сті ореолы;
г - ШМБ; д –к0мбеленген кенорынны. кенасты алғаш ы ореолы.
1 – эллювий-делювий; 2 – алыстан келген ш0гінділер;
3 – кенсыйыстырушы таужыныстар; 4 – бей0неркəсіптік
минералдану немесе алғаш ы ореол; 5 – кен денесі; 6 –гипергенді
шашырау ореолындағы кенді элемент м0лшеріні. графигі;
7 – туынды шашырау ореолы; 8 – іздеу %.ғымасы
Суреттен байқағанымыздай барлық бес ұңғыма минералдану
белдемін қиып өткен, бірақ
а жəне
в жағдайында бейөнеркəсіптік
минералдану
тере.дікке барлауға тұрарлық болып келеді.
Анықталған аномалияның кенүстіндегі ореолға немесе
басқа кенді горизонттарға жататынын шешу мəселесі
кенденудің генетикалық типін ескере отырып, оның тұрақты
геохимиялық сипаттамаларын талдау негізінде қабылданады.
Кен денесі жəне оның алғашқы ореолы біртұтас күрделі
құралған литогеохимиялық аномалия – шартты сыртқы контурлы
Я. К. Аршамов
106
жəне химиялық элементтердің таралуының нақты ішкі
заңдылықтары бар кенді
минералдану белдемі ретінде
қарастырылуы қажет.
Кенді белдемдердің ішкі құрылыстарының заңдылықтары
əртүрлі генезисті, негізгі өнеркəсіптік типтердің жақсы
барланған кенорындарын геохимиялық зерттеу негізінде
анықталады.
Эталонды кенорындардың ореолдық жəне рудалы
кескіндерін сипаттайтын параметрлердің
сандық шамалары
іздеу кезіндегі литогеохимиялық аномалияларды бағалаудың
критерийлері болып келеді.
Эндогенді кенорындардың алғашқы ореолдары біршама
толық зерттелген. Соның ішінде гидротермалды кенорындардың
алғашқы ореолын зерттеуге көп көңіл бөлінген. Оларға
Н. И. Сафроновтың, С. В. Григорянның, Л. Н. Овчинниковтың,
В. З. Фурсовтың, Н. А. Озерованың, Н. М. Страховтың еңбектері
жатады.
Тереңдіктен жер бетіне бағытталған, таужыныстарында
əлсіз
белдемдер бойымен қозғалатын, ыстық газ-сұйықты
жоғары минералданған ерітінділерден металдардың түсіп қалуы
нəтижесіндегі гидротермалды кенжаралу туралы түсініктер
көпшілік мақұлдаған болып келеді.
Гидротермалармен металдардың тасымалдануы галоидты
кешендер, гидросульфидті кешендердің жəне СО
2
қатысуымен
негізінен Na [MeCl
4
] немесе Na [MeCl
3
] типті хлоридтер, кейде
фторидтер түрінде болады. Гидротермалардан рудалы минерал-
дардың шөгуі (тұнуы) Т жəне Р құлауының нəтижесінде,
ерітінділердің бүйірлік таужыныстармен жəне сулармен ара-
қатынасы нəтижесінде, рН жəне Еһ өзгеруі нəтижесінде болады.
Гидротермалардың көп компоненттігі жəне ерітіндінің
жеке бір компоненттерінің шөгуі жағдайларының əртүрлі болуы
кенденудің минералогиялық жəне химиялық белдемділігін
анықтайды.
Ерітінділердің арынды
ағынының болжамды бағыты
бойынша - ореолдардың өлшемдері жүздеген метрлерге жететін
кен денелердің көтерілуі жəне құлауы бойынша алғашқы
ореолдар максималды таралады.
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
107
Кенді белдемдердің созылу бағытына тік бағытта
ерітінділердің диффузиясы нəтижесінде туындаған кен
маңындағы алғашқы ореолдар біршама шектелген болады.
Бірақ, кенорындардың кен маңы алғашқы ореолдары жиі
бүйірлік таужыныстар жарықшақтықтарының бірте-бірте сөнуі
белдемін
басып ала отырып, инфильтрация жəне ерітінділердің
диффузиясының үйлесуі нəтижесінде қалыптасады.
Осының нəтижесінде гидротермалды кенорындардың
алғашқы ореолдары қимада кенді элементтердің аномалды жəне
жоғары
фон
маңы
мөлшерлерінің
ырғақтылығымен
сипаттталатын күрделі пішінге ие болады.
Алғашқы ореолдарда жəне гидротермалды кенорындардың
кендерінде олардың кенжаралу процесі кезінде қатысқанын
нақты көрсететін 30-35-ке дейін жəне одан да көп элементтер
аномалды концентрациялар туғызады.
Кенорындардың
алғашқы
ореолдарына
кен
маңы
гидротермалды өзгерген белдемдер де жатады. Оларды
контурлау көбінесе көзбен шолу (түстері бойынша)
арқылы
жүргізіледі, сирек K, Na, Si, Al, Mg, Fe жəне т.б. петрогенді
элементтерді
химиялық
талдаудың
мəліметі
бойынша
жүргізіледі. Осы элементтердің қосылуы жəне шығарылуы
кентүзілумен қатар жүретін серициттену, кварцтану, доломиттену,
гематиттену жəне т.б. процестері кезінде жүзеге асады.
Бірақ, өзгерген таужыныстардың
кең белдемдерінің
қалыптасуы кенденумен байланысты болмайды немесе олар
кенге дейінгі сатыларда қалыптасады жəне тек жанама іздеу
белгілері болып табылады.
Алғашқы ореолдардың изоконцентраттары бойынша соқыр
кен шоғырының эпицентрін көрсете алатын рудалы элементтердің
аномалды мөлшерлері тура іздеу мəніне ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: