Я. К. Аршамов
110
8.5-сурет. Николаевское кенорнының алғашқы геохимиялық ореолдары:
1 – кварцты порфирлер; 2 – габбро-диориттер; 3 – туфтар жəне
кварцты порфирлерді. туфобрекчиялары; 4 – туффиттер;
5 – əктастар; 6 – алевролиттер, %мтастар; 7 – кремнийлі
таужыныстар; 8,9 – алғаш ы ореолдар (8 – азыра интенсивті,
9 – тым интенсивті); 10 –максималды концентрациялар 0рісі;
11 –порфириттер дайкалары; 12 – кен денелері; 13 – %.ғымалар
Эммонс (1924) рудалы элементтер түзілуіндегі белдемділіктің
қатарын анықтаған: Sn, W, As, Bi, Au(1), Cu, Zn, Pb, Ag, Au(2),
Sb, Hg.
С. В. Григорянның, Л. Н.
Овчинниковтың еңбектерінде
гидротермалды сульфидті кенорындардың алғашқы ореолдары-
ның тік бағыттағы белдемділігі біршама толық зерттелген, олар
300 əртүрлі кенорындарды зерттеу нəтижесінде элементтердің
түзілу белдемділігінің қатарын берген (төменнен жоғары қарай):
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
111
W(1) – Be – As(1) – Sn(1) – Au(1) – U – Mo – Co – Ni – Bi –
W(2) – Au(2) – Cu(1) – Zn – Pb – Sn(2) – Ag – Cd – Au (3) –
Cu(2) – Hg, As(2), Sb – Ba, оң жақтан бұл қатарды - Te,
J толықтыруға болады. Л. Н. Овчинников 35-40
басты
индикатор-элементтер арасынан 8 «тесіп өтуші» элементтерді -
Cu, Zn, Pb, Co, Ni, Sn, Mo, Ba бөлген, олар көптеген генетикалық
типті эндогендік кенорындардың алғашқы ореолдарын құрайды;
7 элемент - Sc, Ti, Cr, V, Sr, Y, Zr – литофильді жəне
сидерофильді металдар кенорындарының алғашқы ореолдарының
компоненттері; 5 элемент - Be, Na, K, Bi, W – литофильді
кенорындардың алғашқы ореолдарының
жаралуы кезінде
қатысады (алтын кенді, сирек металды, флюоритті).
Көптеген кенорындардың ореолдарынан жарықтандыру
белдемінің жаралуымен қатар темірдің (Fe) шығуы мүмкін,
сонымен қатар темір тобының элементтері - Ti, V, Cr, Sc жəне
т.б. шығады.
Л. Н. Овчинников, көрсетілген
белдемділіктің қатарларын
талдай отырып, гидротермалды кенденуді сипаттау үшін
«жоғары температуралы» (Sn, W, Mo, Co жəне т.б.), «орта
температуралы» (Ni, Cu, Zn, Pb) жəне «төмен температуралы»
(Ag, As, Sb, Hg, Ba жəне т.б.) элементтер жəне ассоциациялар
туралы түсініктерді пайдалануды ұсынады.
Эндогенді кенорындардың алғашқы ореолдарының талдап
қорытылған (жалпыланған) моделін қарастырайық (8.6-сурет).
1.Тік құлаған полиметалды кен денелердің айналасында
негізгі кенді элементтер (Pb, Zn, Cu, Au …)
оның пішінін
шартты түрде қайталайтын алғашқы ореолдарды құрайды.
2. Біршама төмен температуралы серіктес-элементтер (Ag, As,
Hg, …) кен денесіне қатысты көтерілу бойынша ығыстырылған
алғашқы ореолдарды құрайды; кенүсті кеңістікте оңай ұшатын
элементтердің ореолдары оқшауланады (Cl, Br, J, Li, F).
Бұл суретті кен денесінің ортасынан құлау бағыты
бойынша
ығыстырылған жоғары температуралы ассоциациялардың (W,
Mo, Co, …) элементтері толықтырған.
Гидротермалды кенорындардың басқа типтері үшін негізгі
рудалы элементтер - Sn, W, Mo, Be, өнеркəсіптік емес серіктес-
элементтер - Cu, Pb, ал кенүсті оңай ұшатын компоненттердің
ореолына F жəне Li тиесілі болады.