Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
121
9.5-сурет. Қайта түзілген литогеохимиялық шашырау ореолдарының
негізгі типтері. А. П. Соловов бойынша.
1 – элювий-делювий; 2 – аллохтонды ш0гінділер; 3 – кенсыйыстырушы
таужыныстар; 4 – кен денелері жəне оларды. алғаш ы ореолдары;
5 – айта т1зілген ореолдар
Қарастырылған əрбір жіктемелік белгілер нақты бір
аудандағы қайта түзілген шашырау ореолдарының жаралуының
негізгі ерекшеліктерін сипаттайды, ал осы белгілердің əртүрлі
байланыстары олардың мүмкін болатын типтерін анықтайды
(9.5-сурет). Типтерді бөлудің негізінде ореолдың генетикалық
типін жəне оны анықтау мүмкіндігін анықтайтын (қалдықты,
үстемеленген) жіктемелік белгілері, сонымен қатар олардың
табиғатының кейбір қосымша сипаттамалары (диффузиялық,
шаймалану жəне т.б.) немесе түпкі кенденуге салыстырмалы
жағдайы жатыр. Сонымен қатар бір уақытта немесе əр кезде
катты, ерігіш жəне газ тəрізді компоненттердің қатысуымен
литохимиялық шашырау ореолдарының жаралуы алдын ала
болжамданады, ал əрбір фазаның рөлі жеке типтерді
сипаттағанда анықталады. Ореолдың типін анықтайтын белгілер,
Я. К. Аршамов
122
ореол жаралған (білінген) жер бетіне жақын горизонтта
қарастырылады. Ашық ореолдар жер беті деңгейінде сипатталады,
ал жабық – олардың сенімді дамуының минималды тереңдігінде
сипатталады. Геохимиялық іздеулердің практикасында бұл
деңгей «іздеулердің өкілді горизонты» деген атқа ие болған.
Бірінші тип. Кенорындардың ашық қалдықты шашырау
ореолдары үлкен іздеу мəніне ие болады. Осы типтің ореолдары
барлық белсенді денудацияланатын аудандарда, жоғарғы
құрылымдық қабаттарда жататын кез келген генетикалық типті
кенорындарды құрайды. Осындай жағдайда кен сыйыстырушы
таужыныстардың үстінде тек қана өздерінің элювий–делювийлі
морылуы өнімдері дамыған. Қалдықты ореолдардың жаралуы
негізінен механикалық шашыраулар есебінен болады. Бірақ
олардың денудациялық жазықтықтағы элювийлі ландшафтарда
жəне жазық суайрықтарда жаралу мүмкіндігі бар. Бұрынғы
КСРО-да жəне шетелдердегі түсті, сирек металлдардың жəне
алтынның өнеркəсіптік кенорындарының ашылуы осы типтің
қайта түзілген шашарау ореолдары арқылы геохимиялық
іздеулер нəтижесінің есебінен болған.
Жалпы жағдайда қайта түзілген қалдықты шашырау
ореолдарының пландағы пішіні үлкейтілген мөлшерде түбірлік
таужыныстардың бетіне шыққан кенденудің контурын
қайталайды. Бөлшектенген бедер жағдайында, қалдықты
шашырау ореолдары шөгінді генезисті жəне көне морылу
қыртысының көлбеу жатқан кенорындарының қалыптасуына
септігін тигізеді ( 9.5-сурет, 1а типі), бірақ ореолдың осы типті
тік бағытта құлаған эндогенді жəне шөгінді-метаморфогенді
кенорындары (9.5-сурет, 1б типі) іздеу үшін басты мəнге ие
болады. Осындай қалдықты шашырау ореолдары арқылы 200-
300 метр тереңдікте Оңтүстік Оралда мыс–колчеданды жəне
Ащысайдағы полиметал кенорындары ашылған.
Екінші тип. Ашық үстемеленген диффузиялық шашырау
ореолдары шектеулі қалыңдықты аллохтонды шөгінділермен
көмкерілген жазықтықты аудандарға, негізінен қоңыржай
ылғалды жəне аридті белдемдерге тəн болады. Бұл ореолдарда
рудалы элементтердің тұзды шашырау процестері күрт көп
болады, жеке жағдайларда тұрақты рудалы минералдардың
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
123
үстемеленген механикалық шашырау ореолдары байқалады.
Үстемеленген диффузиялық шашырау ореолдарының пішінімен
түпкі кенденудің арасында əртүрлі арақатынастар болуы
мүмкін. Аллохтонды шөгінділердің айнымалы қалыңдықтары
есебінен осы типтің ореолдары созылу бағыты бойынша
көмбеленген күйге (IV жəне VII типтері) ауысуы мүмкін, ашық
қалдықты ореолдардың арақашықтықтарымен үйлеседі (I тип)
жəне үстемеленген кенүсті ореолдармен ауысуы мүмкін (III
тип). Диффузияның теориялық алшақтығы шексіз болады.
=шінші тип. Кенүсті жəне үзілген үстемеленген шашырау
ореолдарының жаралуы тұзды шашыраулар рудалы элементтер
миграциясының біркелкі процесінің қарама-қарсы тенденциясымен,
яғни олардың гипергенді аккумуляциясымен үйлескен жағдайларда
болады. Кенүсті типтің (III тип) ашық үстемеленген аккумулятивті
ореолдары үстемеленген диффузиялық ореолдардан горизонттың
тереңдігінде аллохтонды шөгінділердің бар болғанымен
айырықшаланады, оларда қазіргі бар техникалық құралдардың
қолдануымен ореолдар тік бағытта сағаланбайды. Кенүсті
ореолдар əртүрлі геохимиялық тосқауылдарда қоршаған ортадан
металдардың гипергенді аккумуляциясы нəтижесінде жəне
тереңдікте түпкі кенденудің бар болуымен байланысы
жоқтығынан
пайда
болатын
ландшафты
геохимиялық
аномалиялардан ерекшеленуі қиын болады. Бұл жерде рудалы
элемент бедерде аккумуляцияланады (экранизация), көбінесе
мұндай ореолдар Mo, W, U кенорындары үстінде Солтүстік
Қазақстанның құрғақ шөлдерінде жаралады. Үш метр шөгінді
тыс ашық үстемеленген шашырау ореолдар жаралуына шекті
қалыңдық болып келеді.
Т0ртінші тип. Үзілген аккумулятивті ореолдар жоғарыда
сипатталған кенүсті ореолдарына жақын болады, олардан
аллохтанды шөгінділердің жоқ кезіндегі жаралуымен жəне кен
денелерінен қазіргі ағынға қарай анық ығысуы жағдайымен
өзгешеленеді. Осындай жағдайда кенорындар ашық шашырау
ореолдарын құрайды (I тип) жəне осы ландшафты геохимиялық
жағдайда сулы миграцияның жоғары коэффициентіне (F, Cl, Br,
B, S, J) ие болатын тек рудалы элементтер жер үстінен
шаймаланған жабық ореолдарды (V тип) қалыптастыруы
мүмкін. Гипергенез белдеміндегі қарама-қарсы миграциялық
Я. К. Аршамов
124
қабілеттілігі
бар
рудалы
элементтердің
одан
кейінгі
аккумуляциясы есебінен өзгерген геохимиялық жағдайда
жергілікті элювий- делювийлі жəне аллювий–пролювийлі
шөгінділер үстіне үстемеленген қайта түзілген үзілген тұзды
ореолдар пайда болады. Бұл ореолдар тұзды (литогеохимиялық)
шашырау ағындарына тікелей ауысуы мүмкін. Мұндай Mo
жəне U үзілген ореолдары Байкал сыртының таулы аудандарына
кездестірілген.
Бесінші тип. Шаймаланған (сілтіден айырылған) жəне
шектеулі
мардымсызданған
ореолдар
элювий-делювийлі
шөгінділерде жаралады жəне қалдықты ореолдар класына жатады.
Олар өздерінің сипаттамалары бойынша өзара ұқсас болып келеді,
алайда олардың жабық ореолдарға айналу себептері əртүрлі
болады. Жабық шаймаланған қалдықты ореолдардың жаралуы,
жоғарыда айтылғандай, гумидті белдемді аудандарда баяу
денудациядағы белсенді сулы мигрантты элементтерге (J, B, F, Cl)
тəн болады. Жабық шектеулі мардымсызданған ореолдар
шашырау процесінің элементтер концентрациясының біршама
толық түзетілу жағына қарай өтуі нəтижесінде жаралады. Егер
кенді белдем қимасында металдардың бастапқы саны (Mp, м%)
біршама аз болса, ореолдың жоғарғы горизонттарында металдың
максималды мөлшері жергілікті геохимиялық фонның кəдімгі
ауытқуынан ерекшеленбеуі мүмкін. Мұндай белдемнің қалдықты
ореолдары жер үстінен біршама тереңдікте анықталады жəне сол
үшін оны «жабық» деп атайды. Осындай типтің жабық ореолдары
«жер үстінде бəсеңдеген» деп те аталады. Мұндай жабық
ореолдардың жаралуы азын-аулақ масштабты кен көздеріне тəн,
əсіресе, соқыр кен денелерінің алғашқы ореолдарына тəн болады.
Алтыншы
тип.
Көмбеленген
қалдықты
шашырау
ореолдары қазіргі элювий–делювийлі ореолдардың аналогы
болып
келеді,
олардан
палеогеографиялық
жағдайда
жаралуымен жəне одан кейінгі біршама жас шөгінділермен
қайта жабылуымен ерекшеленеді. Бұл типтің ореолдары ұзақ
континенттік дамуды өткізген кенді аудандарға тəн болады жəне
бұл аудандардағы қатпарлы іргетастардың тегістелген бетінде
көне морылу қыртысы сақталады (9.6-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |