Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет56/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

Жеке
 
іздеу
 
зерттеулері
. 
Кенорындарды 
алғашқы 
литогеохимиялық ореолдары бойынша анықтау үшін бұл 
жұмыстар 1: 25 000 – 1: 50 000 масштабта жүргізіледі. 1: 25 000 
масштабтағы зерттеулер ірі аномалиялы бөлікшелерді немесе 
кен көздерін іздеу кезінде жүргізіледі. Осы кезеңдегі 
зерттеулердің негізін масштабы 1: 10 000 – 1: 5 000 іздеу 
жұмыстары құрайды. Себебі дəлдікті жəне іздеу-бағалау 
зерттеулері 
қымбат 
тұратын 
бұрғылау 
жəне 
тау-кен 
жұмыстарын қолдану арқылы орындалады, сол үшін алаңдық 
литогеохимиялық іздеулердің нəтижелері міндетті түрде барлық 
бұрғылау жəне тау-кен қазылым жұмыстарын қойған кезде 
ескерілуі қажет. Тау қазылымдардың өздерін мүмкіндігінше 
оларды жүргізу кезінде түгелімен сынамалап отыру керек. 
Алынған мəліметтер жедел түрде жұмыстарды бағыттау үшін 
жəне келесі кезектегі тау қазылымдарының орындарын 
анықтауда пайдалану қажет.
Барлау
-игерулік зерттеулер. Бұл жұмыстар 1:5 000 – 
1:2 000 масштабта жүргізіледі. Бұлардың негізгі мақсаты 
барланатын кенорындардың жəне кен көздерінің тереңдігінде 
жəне қапталдарында кендену дамуының перспективасын 
бағалау болып табылады. Литогеохимиялық зерттеулердің осы 
кезеңіндегі тағы бір маңызды тапсырмаларының біріне 
кендердегі қоспа элементтердің таралуының заңдылығын 
анықтау болып табылады. Сонымен қатар, осылармен бірге тау 
қазылымдарымен тереңдікте кездескен кен денелерді біріктіру, 
олардың морфологиясын нақтылау, барлау жұмыстарын 
бағыттауды 
белгілі 
бір 
тəртіпке 
келтіру, 
барлау
қазылымдарының кезектілігін анықтау деген сияқты мəселелер 
шешілуі қажет.
Барлау-игерулік зерттеулер кезінде сынамалау жұмыстары 
тау қазылымдардан жəне бұрғылау ұңғымаларының керндерінен 
жүргізіледі, ал қажет болған жағдайларда табиғи ашылымдар 
сынамаланады.
Алғашқы ореолдар бойынша бұрын іздеу жұмыстары 
жүргізілмеген аудандарда іздеу жұмыстарын тəжірибелік-
əдістемелік зерттеулерді қою арқылы басталуы керек. Сонымен 
қатар келесі негізгі мəселелерді шешу қажет болады: 
таужыныстардың əртүрлі типтері үшін индикатор-элементтердің 


Я. К. Аршамов 
 
142 
геохимиялық фондық жəне аномалдық мөлшерлерін анықтау; 
əртүрлі элементтердің алғашқы ореолдарының морфологиялық 
ерекшеліктерін анықтау; ореолдарда индикатор-элементтерді 
анықтаудың түрлерін (минералды, изоморфты жəне т.б.) 
анықтау; кенденудің белдемділігін анықтау жəне т.б.
Таужыныстарда элементтердің геохимиялық фондық 
мөлшерлерін кенорындардан қашықта орналасқан бөлікшелерде 
анықтаған 
қолайлы 
болады. 
Алғашқы 
ореолдардың 
геохимиялық жəне морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін 
жақсы барланған эталон кенорындарды таңдау қажет. 
Ореолдардың 
ерекшеліктерін 
кен 
денелері 
мен 
кен 
сыйыстырушы таужыныстардың сынамалануын қамтамасыз 
ететіндей бір қимада орналасқан тау қазылымдары мен 
ұңғымаларды сынамалау арқылы зерттеу жүргізген сенімділеу 
болады. Көбінесе сынамалау жұмыстары күтілімдегі рудалы 
белдемдердің созылуына тік бағытта орналасқан профильдер 
арқылы жүзеге асады. Профильдер жəне сынамаларды алу 
нүктелері арасындағы қашықтық зерттеулердің масштабына 
байланысты болады. Мысалы, масштабы 1: 50000 зерттеулер 
жүргізгенде профильдер арасындағы қашықтық 500 м, ала 
сынамаларды алу нүктелері арасындағы қашықтық 50-20 м 
болады (500х50–20 м). Масштабы 1:10000 зерттеу жұмыстары 
кезінде – 100х10 м болады. Барлау-игерулік зерттеулер кезінде 
сынамалар арасындағы қашықтық көбінесе зерттеу нысанының 
ашылу дəрежесіне байланысты жəне 10 м бастап жаппай 
пунктирлі атыздық сынамалауға дейін болады. Алғашқы 
ореолдар бойынша литогеохимиялық іздеу жұмыстары кезінде 
алынған сынамалар спектрлік жəне химиялық талдауға 
дайындау кезінде ұсатылады, араластырылады, қысқартылады 
жəне ұнтақталады. Сынамалардың салмағы 50–100 г болады. 
Алғашқы ореолдар бойынша литогеохимиялық іздеу 
жұмыстарының нəтижелері графиктер жəне карталар түрінде 
бейнеленеді. Графиктер жеке геологиялық қималар бойынша 
алынған 
сынамаларды 
талдау 
нəтижелері 
бойынша 
тұрғызылады. Бір графикке бірнеше элементтің мөлшерлерін 
салуға болады, сонымен қатар өлшем бірлікке жергілікті 
геохимиялық фонның (Сф) мəні алынады. Сол графикке жəне де 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
143 
таужыныстардың əртүрлі типтеріне есептелген элементтердің 
аномалды мөлшерлері түсіріледі. Алғашқы ореолдар бойынша 
іздеу жұмыстарының нəтижелерін бейнелеу кезінде ең маңызды 
операциялардың біріне аномалияларды бөлу жатады. 
С
А
=Сф-3s 
мұнда С
А
– элементтің аномалды мөлшері; 
Сф – элементтің фондық мөлшері; 
s – стандартты ауытқу (орташа квадратты). 
Геологиялық картаның қаптама-калькасына сынамалау 
нүктелерімен профильдердің сызықтары жүргізіліп, спектрлік 
талдау бойынша анықталған элементтер мөлшерлерінің мəндері 
түсіріледі. Осындай калькалар əрбір элементке жеке салынады. 
Содан кейін изосызықтар əдісі бойынша аномалиялар салынады. 
Əрі қарай жинақталған қаптама-калька жасалып, əртүрлі 
түстермен көрсетілген аномалиялардан басқа аномалды 
белдемдер бөлінеді. Аномалды белдемдер кеңістікте бір-біріне 
жақын тұрған жəне қалыптасуы ұқсас жағдайлармен 
байланысты аномалиялардан тұратын бөлікшелерден құралады. 
Бөлінген геохимиялық аномалиялар нақты геохимиялық 
параметрлермен сипатталады: 
1) ореолдың сызықтық өнімділігімен (М); 
(
)
n
i
i
ф
iml
M
m C
C
=


мұнда m
i
– сынамалау арақашықтығының ұзындығы (м); 
C
i
– сынамадағы элементтің мөлшері (%); 
С
ф
– элементтің фондық мөлшері (%). 
2) қарастырылып отырған қимадағы ореолдың алаңдық 
өнімділігі (Р
мұнда ∆X – профильдегі сынамалау қадамы (м); 
L – профильдер арасындағы қашықтық (м); 


Я. К. Аршамов 
 
144 
х
С

– ореолдағы (аномалиядағы) элементтер мөлшерінің 
қосындысы; 
С
ф
– ореолдағы элементтің фондық мөлшері; 
N – есептеуге кірген сынамалардың саны. 
Алғашқы ореолдар бойынша литогеохимиялық іздеу 
жұмыстарының тиімділігі оларды геофизикалық жұмыстармен 
кешенді түрде жүргізгенде артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет