Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет60/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

Айма ты зерттеулер аймақтың жалпы геохимиялық жəне 
гидрогеохимиялық ерекшеліктерін анықтауға жəне перспективті 


Я. К. Аршамов 
 
150 
аймақтарды бөлуге септігін тигізеді. Сол үшін бұл кезең 
гидрогеохимиялық зерттеулерде өте маңызды болып келеді. 
Жеке 
іздеу 
зерттеулері 
перспективті 
аудандарда 
гидрогеохимиялық ореолдарды анықтау үшін жəне дəлдікті 
жұмыстарды жүргізуге қолайлы бөлікшелерді бөлу үшін 
жүргізіледі. 
Дəлдікті зерттеулер кенорындарды контурлау үшін 
жүргізіледі, ал кейбір жағдайларда тіпті алғашқы зерттеулермен 
анықталған перспективті бөлікшелерде кен денелерді 
контурлау үшін жүргізіледі.
Гидрогеохимиялық сынамалар жерасты суларының табиғи 
қайнар көздерінен, жерүсті суларынан (өзендер, жылғалар, 
батпақтар, көлдер, жəне т.б.), бұрғылау ұңғымаларынан жəне 
тау қазылымдарынан алынады. Ауданның геологиялық жəне 
ландшафты-геохимиялық құрылысына байланысты аймақтық 
зерттеу жұмыстары кезінде 10 км
2
ауданға 1-10 суалу орны, ал 
жеке іздеу зерттеулері кезінде 10 км
2
ауданға 10-50 суалу орны 
болуы керек. Дəлдікті жұмыстар кезінде сынамалар алу 
нүктелерінің арасы 100 м аспауы керек. Тереңдікті геологиялық 
карта түсіру жұмыстары міндетті түрде барлық ұңғымалардағы 
суларды сынамалаумен бірге жүргізіледі. Сынамалар сумен 
шайылатын, талдауларға арналған арнайы таза ыдысқа алынады. 
Сынаманың мөлшері 0,5-1 л болады.
Сынамаларды табиғи су көздерінен алған кезде 
орографиялық жəне гидрографиялық элементтерге қарағанда 
оның орны анықталады, сусыйыстырушы таужыныстардың 
сипаты зерттеледі, су көзінің типі анықталады жəне судың шығу 
сипаты зерттеледі, су көзінің дебиті өлшенеді, судың физикалық 
қасиеттері анықталады, су көзіндегі шөгінділердің үлгілері 
алынады, судың ағуы болған жағдайда су тексеріледі жəне 
ластануы анықталады. Осы аталған барлық бақылаулар пикетті 
журналға жазылып отырады.
Жерүсті су көздерін сынамалаған кезде бөлікшенің су 
қоймаларын жəне гидрогеологиялық жағдайларын сипаттайды, 
судың шығымын өлшейді, судың физикалық қасиеттерін 
анықтайды. Ұңғымалардан сынамаларды алу кезінде бірінші 
ұңғымадан суды айдап шығарады жəне ұңғыма бойынша 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
151 
қиманы, ұңғыманың конструкциясын жəне қолданылған 
бұрғылау ерітіндісінің сипаттамасын журналда жазады.
10.4-кесте
Əртүрлі масштабты гидрогеохимиялық іздеу жұмыстары кезінде 
табиғи суларды сынамалау торабының тығыздығы 
Зерттеу нысанының геологиялық құрылысының 
жəне ландшафты-геохимиялық жағдайының 
күрделілігі байланысты 1 км
2
ауданға тиесілі 
сынамалау нүктелерінің саны 
Масштабтар 
қарапайым 
орташа 
күрделі 
1:200 000 
0,1 
0,15 
0,2-0,4 
1: 50 000 
1,1 
1,7 
1,5-2,0 
1:25 000 
2,3 
3,4 
4-5 
1:10 000 
Арақашықтықтары 100 м көп болмайтын 
жағдайларда барлық су орындары сынамаланады. 
Егер бұл шарт орындалмаса осы масштабты іздеу 
жұмыстары жүргізілмейді. 
Гидрогеохимиялық 
зерттеулер 
кезінде 
тəжірибелік 
жұмыстар жаңа бөлікшелерде жəне аудандарда кенорындардың 
жаңа типтерін іздеу үшін жүргізіледі. Олардың нəтижелерінде 
келесі мəселелер шешілуі қажет: 1) белгілі кенорындардың 
гидрогеохимиялық 
ореолдарының 
морфологиялық 
жəне 
геохимиялық ерекшеліктерін зерттеу; 2) гидрогеохимиялық 
жəне литогеохимиялық ореолдардың байланысын анықтау; 3) 
күтудегі кенорындардың аномалияларын қалыптастыратын 
индикатор-элементтерді анықтау; 4) индикатор-элементтердің 
фондық жəне аномалдық мөлшерлерін анықтау; 5) сулы 
ореолдардың тəртібін анықтау.
Аймақтық гидрогеохимиялық зерттеулердің нəтижелері 
бойынша сулардың жалпы химиялық жəне микрокомпонентті 
құрамының карталары салынады. Сулардың жалпы химиялық 
құрамы көрсетілетін карталарда сулардың типтері бөлінеді жəне 
олардың 
химиялық 
құрамы 
көрсетіледі. 
Бұл 
карта 
гидрогеологиялық картаның негізінде ландшафты-геохимиялық 
жағдайларды ескере отырып жасалады. Судың микрокомпонентті 


Я. К. Аршамов 
 
152 
құрамы көрсетілетін картада микрокомпоненттердің кешендері 
бойынша өзгешеленетін бөлікшелер бөлінеді, ал олардың 
ауқымында бір немесе бірнеше индикатор-элементтердің 
аномалды мөлшерлерімен сипатталатын аудандарды бөледі.
Орта жəне ірі масштабты гидрогеохимиялық зерттеулер 
бойынша алынған деректер гидрогеохимиялық аномалияларды 
бөлуге жəне олардың кен денесімен байланысын анықтауға 
негіз болады.
Жалпы гидрогеохимиялық зерттеулердің нəтижесі негізінде
нақты бір пайдалы қазбаны анықтауға перспективті болатын 
бөлікшелердің карталары құрастырылады, егер перспективті 
бөлікшелердің саны көп болса, онда ең алдымен бірінші 
кезектегі бөлікшелер бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет