Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет14/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

геохимиялық ореолдар 
Пайдалы қазба кенорны – минерал шикiзаттың мөлшерi 
мен сапасы экономика мен техниканың қазiргi жағдайында 
өнеркəсiптiк өндiрiс нысаны бола алатын жер қыртысының 
геологиялық денелер түрiндегi табиғи шоғырланған бөлiкшесi. 
Пайдалы қазбаның жер қойнауындағы масса немесе көлем 
бiрлiгiмен өлшенетiн мөлшерi оның геологиялық қоры деп 
аталады. 
Барлық кенорындарды шартты түрде төрт топқа бөлуге 
болады: рудалы (металдық), бейрудалы (бейметалды), жанғыш 
(каустобиолиттер), гидроминералды.


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
27 
Негізінен минералды жəне изоморфты түрлерде болатын, 
бірінші топта рудалы элементтер өнеркəсіптік құндылыққа ие 
болады. Екінші топта минералдар өздері құнды болады. Үшінші 
топта газды қоспа жəне минералды (қатты жəне сұйық) түрде 
болатын элементтердің күрделі органикалық қосылыстары, ал 
төртінші топта көптеген элементтердің сулы ерітінділері құнды 
болады.
Геохимиялық 
əдістермен 
іздеу 
негізінен 
рудалы 
кенорындарды анықтау үшін жүргізіледі, сирек осы əдістер 
көмегімен қалған үш топтың кенорындарын іздеу жұмыстары 
жүргізіледі. В. И. Красников бойынша (1965) рудалы кенорындар 
қорларының масштабы бойынша %са , орта, ірі жəне те.десі 
жо  кенорындар деп бөлінеді.  
Е. М. Квятковский қорлары бойынша теңдесі жоқ кенорын-
дардан біршама жоғары болатын феноменалды (ерекше) 
кенорындарды бөлуді ұсынды. В. И. Красниковтың есептеулері 
ірі кенорындар барлық кенорындардың 2-ден 13% құрайтынын, 
ал олардың үлесіне есептелген қорлардың 36-дан 91% 
жататынын көрсетті. Осыған байланысты ірі аудандарда тек 
қана ірі жəне теңдесі жоқ кенорындарды анықтау елеулі 
маңызға ие болады. Ал көне рудалы аудандарда жиі тіпті жеке 
кен денелерін анықтау маңызды болып келеді. Осындай жағдай 
жеме-жемге келгенде көбінесе геохимиялық зерттеулердің 
масштабын анықтайды. 
Н. И. Сафроновтың, Л. Н. Овчинниковтың, Е. М. Квятковскийдің 
жəне басқа да геохимиктердің еңбектері кендерде элементтердің 
концентрациясы мен қорлары жəне жер қыртысындағы осы 
элементтердің орташа мөлшері арасында айқын байланыс бар 
екенін көрсетті. Осыған байланысты А.Е. Ферсман кларк деп 
атауды ұсынды.
Қазіргі уақытта тек қана жер қыртысындағы элементтердің 
орташа мөлшерлерінің мəні ғана емес, сонымен қатар магмалық 
жəне шөгінді таужыныстардың əртүрлі типтерінде де 
элементтердің орташа мөлшерлерінің мəні анықталған. 
Таужыныстардың əртүрлі типтеріндегі элементтер таралуының 
əжептəуір үлкен ауытқуларына қарамастан, осы элементтер, 
өзгермеген, тіпті біршама байыған таужыныстар типтерінен 
төмен 
(бейөнеркəсіптік) 
концентрациясы 
үшін 
əзірге 


Я. К. Аршамов 
 
28 
игерілмейді. Демек, кенорындардың жаралуы үшін жер 
қыртысының нақты бір бөлікшесінде кейбір элементтердің 
концентрациясына алып келетін процестердің болуы əрқашан 
қажет болады. Əдетте мұндай концентрация элементтер 
миграциясының қарқындылығы төмендейтін геохимиялы
тос ауылдарда жүзеге асады. 
Геохимиялы тос ауылдарда элементтер топтарының 
концентрациясы нəтижесінде пайдалы қазба денелерінің 
жаралуы кезінде элементтердің бір бөлігі геохимиялық 
жағдайлардың алғашқы өзгерулерінде миграциясын тоқтады, 
басқалары əртүрлі геохимиялық жағдайлардың шекарасы 
көлемінде концентрацияланады, кейбір элементтер миграция 
бағыты бойынша негізгі рудалы белдемнен біршама қашықта 
жинақталады. Элементтердің өте көп концентрациясымен 
ерекшеленетін бөлікшелер əртүрлі пайдалы қазбалардың 
денелері 
болуы 
мүмкін. 
Осы 
денелерді 
қоршайтын 
элементтердің жоғары концентрациялары (өнеркəсіптік емес) 
алғаш ы геохимиялы ореолдарды құрайды. 
“Алғашқы” деген атау жаралу процесінің жəне пайдалы 
қазба денелерінің, жəне оларды қоршайтын ореолдардың бір 
уақыттылығын жəне ортақтылығын қамтып көрсетеді. Жаралу 
ерекшеліктері бойынша осындай ореолдар концентрация 
ореолдары болып келеді. Алғашқы ореолдардағы негізгі 
элементтер минералды жəне изоморфты күйде, сонымен қатар 
ерітінді жəне газды қоспа түрінде болуы мүмкін. 
Кенорындардың 
бұзылуы 
кезінде 
пайдалы 
қазба 
денелерінен тысқары бағыт бойынша негізгі компоненттердің 
миграциясы нəтижесінде айта т1зілген шашырау ореолдары 
деп аталатын ореолдардың жаралуы жүзеге асады. Химиялық 
элементтер осы ореолдарда минералды, биогенді жəне 
изморфты түрлерде, сонымен қатар ерітінді жəне газды қоспа 
түрінде кездеседі. 
Геохимиялық ореолдарды мөлшерлік сипаттамасы үшін
А. А. Сауков ореол көлемінде элементті. аномалдылы
коэффициенті (К) деген түсінікті енгізді. Ол ореол ауқымында 
қарастырылып отырған элемент концентрациясының (Са) 
ореолдан тысқары орналасқан сол элементтің концентрациясына


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
29 
яғни жергілікті геохимиялық фонға (Сф) қатынасын көрсетеді. 
Осы шаманы ореолдағы элементтің өте жоғары мөлшері болған 
жағдайда ғана қолданған орынды болады. 
Геохимиялы индикаторлар – таралу ерекшеліктерінің 
өзгеруі бойынша əртүрлі геологиялық нысандарда пайдалы 
қазбаларды геохимиялық əдістермен іздейтін элементтер.
Пайдалы қазбаны құрайтын жəне негізгі элементтерге 
сəйкес индикаторларды тура индикаторлар деп атайды. 
Пайдалы қазбалардың “серіктестері” болатын геохимиялық 
индикаторларды жанама индикаторлар деп атайды. Кеңінен 
тараған таужыныс түзуші (литофильді) элементтер жанама 
индикаторларға жатады. Мысалы, кремний, оның геохимиялық 
ореолы пайдалы қазба денелерінің өлшемдерінен ондаған, кейде 
тіпті жүздеген есе артық болып келеді.  
Іздеу мақсатында жанама литофильді индикатор-элементтерді 
қолданған кезде, сол элементтер құрайтын минералдарға да 
көңіл бөлінуі қажет. Бұл жағдайда геохимиялық іздеу əдісінің 
минералогиялық əдістермен араласуы жүзеге асады. 
Осындай кешенді зерттеулер тек қана жаңа кен денелерін 
анықтауға септігін тигізіп қоймай, сонымен қатар олардың 
эрозиондық қимасына баға беруге мүкіндік береді. 
Мысалға 
Жоңғар 
Алатауындағы 
полиметалды 
кенорындардағы 
кремнийдің 
геохимиялық 
ореолдарын 
зерттеулерді жатқызуға болады. Өлшемдері бойынша бұл 
ореолдар 2-5 есе кен денелерінен артық болады, осы жағдай 
оларды кенорындарды іздеу кезінде кеңінен қолдануына 
мүмкіндік 
береді, 
ал 
ореолдардағы 
кремний-құрайтын 
минералдардың құрамы бойынша эрозиондық қиманың деңгейін 
анықтауға болады: кен денелерінің жоғарғы бөліктері 
серпентиниттенген, 
ал 
төменгі 
бөліктері 
кварцталған 
долмиттерге тураланған. Гидротермалды кенорындарының 
жанама геохимиялық индикаторларына минералдарда қоспалар 
түрінде тоқтатылған су жəне газдардың бірқатары жатуы 
мүмкін. Олардың таужыныстардың минералдарындағы жоғары 
(кейде 
күрт төменгі) мөлшері бірқатар жағдайларда 
сынамаларды алу нүктелерінің пайдалы қазба денелерінен 
салыстырмалы алыс қашықта екенін көрсетеді. 


Я. К. Аршамов 
 
30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет