Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет21/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
43 
4.1-кесте
Элементтердің гипергендік миграцияға қабілеттілігі бойынша 
геохимиялық жіктемесі (А. И. Перельман бойынша) 
Əуе мигранттары 
Белсенді 
Белсенсіз 
(химиялық қосылыстар туғызады) 
O, H, C, N, J 
(химиялық қосылыстар туғызбайды) 
Ar, He, Ne, Kr, Xe, Rn 
Сулы мигранттар 
Аса қозғалмалы 
Ca, Na, Mg, Sr, Ra 
Cl, Br, F, B 
Əлсіз қозғалмалы 
K, Ba, Rb, Li, Be, Cs, Ti 
Si, P, Ge, Sn, Sb, As 
Тотығу жағдайындағы қышқыл 
суларда жақсы миграцияланады 
Zn, Cu, Ni, Pb, Cd 
Тотығу жағдайындағы қышқыл 
жəне сілтілі суларда жақсы 
миграцияланады Hg, Ag, Bi 
Тотығу жағдайындағы қозғалмалы жəне əлсіз қозғалмалы жəне 
тотықсыздану жағдайында инертті, күкіртсутекті жəне глейлі 
тосқауылдарда тұнады 
V, Mo, Se, U, Re 
Тотықсызданған глейлі ортада қозғалмалы жəне əлсіз қозғалмалы жəне 
күкіртсутекті тотығу жəне тотықсыздану ортасында инертті, оттекті жəне 
күкіртсутекті тосқауылдарда тұнады 
Fe, Mn, Co 
Көп жағдайда аз қозғалатындар 
Органикалық кешендермен əлсіз 
миграцияланады, аса қышқыл 
ортада ішінара миграцияланады 
Органикалық кешендермен əлсіз 
миграцияланады, сілтілі ортада 
ішінара миграцияланады 
Al, Ti, Cr, Ce, Nd, Y, La, Ca, Th, Sc, 
Sm, Cd, Dу, Tb, Er, Ho, Eu, Lu, Yb, 
In, Bi 
Zn, Nb, Ta, W, Hf, Te 
Химиялық қосылыстарды туғызбайды, табиғи жағдай тəн 
Os, Pd, Ru, Pt, Au, Rh, Zr 


Я. К. Аршамов 
 
44 
Жер қыртысының жергілікті бөлікшелерінің шегінде 
химиялық элементтердің концентрациясы біршама қысқа 
қашықтықта миграциялардың сыртқы жағдайының өзгеруіне 
байланысты болады. Мұндай миграцияның қарқындылығы 
азаятын жергілікті бөлікшелерді А. И. Перельман геохимиялы
тос ауылдар деп атауды ұсынды.
Элементтер миграциясының гипергенді белдеміндегі 
геохимиялық тосқауылдар жақсы жəне толық зерттелген. Олар 
өз кезегінде физика-химиялық, биохимиялық жəне механикалық 
болып бөлінеді.
Гипогенді (тереңдік) миграция кезінде термодинамикалық
тотығу-тотықсыздану жəне сілтілі-қышқылды тосқауылдар 
негізгі рөлді атқарады.
Мысалы, көптеген гидротермалды процестің теориясында 
кендердің 
жаралуы 
термодинамикалық 
тосқауылдармен 
байланысты болып келеді. Д. И. Коржинский жəне оның 
ғылыми бағытын жалғастырушылар метасоматиттердің жəне
кендердің жаралуында сілтілі-қышқылды тосқауылдарға көп 
көңіл бөледі. Сульфидті кендердің жаралуы күкіртсутекті 
(тотықсыздану) тосқауылдармен байланысты болады.
Элементтердің миграциясы кезінде гипогенді жəне 
гипергенді 
миграция 
белдемдерінде 
минералдардың 
тұрақтылығы негізгі рөлді атқарады.
Гипергенез белдемінің əртүрлі жағдайындағы химиялық 
элементтер миграциясы қарқындылығының жалпылама сандық 
сипаттамасын алу үшін А. И. Перельман сулы миграцияны. 
коэффициентін пайдалануды ұсынды. 
К
х
= С
х
`
. 
100 / (mС
х

мұндағы: 
С
х
`
– судағы элементтердің мөлшері (мг/л) 
С
х
– таужыныстардағы элементтердің мөлшері (%) 
m – судың минералды қалдығы (мг/л) 
К
х 
анықталған мəндері бойынша əртүрлі жағдайда 
элементтер миграциясының қатарын орнатуға болады. Бір 
элементтің əртүрлі жағдайда миграциясы қарқындылығының 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
45 
əртүрлі болуы миграцияның қарама–қарсылығы (К
К
) деп 
аталатын коэффициентпен сипатталады, К
К
əртүрлі жағдайдағы 
элементтің сулы миграциясы коэффициенттерінің қатынасынан 
тұрады.
Миграцияның 
қарама-қарсылық 
коэффициенті 

К

геохимиялық тосқауылдарда, яғни əртүрлі миграция шарттары 
бар екі ортаның шекарасында өтетін процестерді сандық түрде 
сипаттауға мүмкіндік береді.
Элементтердің миграциялық қабілеттілігі түсінігін олардың 
нақты минерал жаралу процесі көлемінде геохимиялық 
қозғалысын бағалауға қолдануға болады. Яғни элементтердің 
миграциясын тек сапалық жағынан қарамау керек (активті 
немесе активті емес), сонымен қатар сандық, яғни қанша 
элемент бірлік уақыт аралығында қозғалмалы күйге ауысу 
жағынан да қарау керек. Осы сан тек қана элементтің ішкі 
қасиеттеріне байланысты болмайды, сол геохимиялық жүйеде 
болатын сол элемент атомының жалпы санына байланысты 
болады. 
Мысалы, Na жəне Li миграциялық қабілеттілігі бірдей 
болса, басқа да ұқсас жағдайларда Na Li-ге қарағанда
қозғалмалы күйге өте көп өтеді, себебі Na мөлшері 
таужыныстарында Li-ге қарағанда көп болып келеді.
Химиялық элементтердің миграциясы көптеген факторлар 
нəтижесінде туындайды, бірақ оларды екі топқа бөлуге болады: 
1) ішкі – химиялық элементтердің жəне оның қосылыстары 
атомдарының қасиеттерімен байланысты, 2) сыртқы – миграция 
жағдайының термодинамикалық шарттары. 
Сонымен, геохимиялық миграция процесінің себебі – бұл 
жер қыртысында жүзеге асатын миграцияның ішкі жəне сыртқы 
– макропланетарлық жəне космостық факторлар арасындағы 
қарама-қайшылық деп түсінуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет