Я. К. Аршамов
90
7. ЛАНДШАФТЫ-ГЕОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
7.1. Ландшафтар туралы түсініктер
Пайдалы қазба кенорындарын геохимиялық əдіспен іздеу
жұмыстары жер үстінде, химиялық элементтердің белсенді
қазіргі механикалық, тұзды жəне биогенді миграциясы
жағдайында, литосфераның атмосфера жəне гидросферамен
мүшелену облысында жүргізіледі.
Нəтижесінде осы геохимиялық іздеулердің əдістемесі жəне
анықталған лито-, гидро-, атмо-, жəне биогеохимиялық
аномалияларды бағалау элементтердің гипергенді миграциясының
заңдылықтарымен анықталады.
Құрлықтағы гипергенез процестерінің таралу тереңдіктері
таужыныстардың бұзылуымен жəне элювиальді процестер
арқылы қозғалмалы мору өнімдерін шығарумен анықталатын
көптеген
факторларға
жəне
олардың
алуан
түрлі
байланыстарына тəуелді болады. Атмосфера суларының ерікті
жəне тез миграциясы жүзеге асатын сарқылу (инфильтрация)
белдемі деп аталатын грунтты сулардың тереңдігіне дейін бұл
процестер біршама белсенді өтеді. Бұл белдемнің сулары
оттегіге, көмір қышқылына, органикалық заттарға өте бай,
сондықтан
олар
айтарлықтай
тотығу
жəне
ерітуші
қабілеттерімен сипатталады.
Грунт суларынан төмен деңгейлерде гидрографиялық торап
(өзендер, көлдер жəне т.б.) жағына қарай жерасты ағындары
жүзеге асады, осының негізінде гипергенді қабықтағы белсенді
су алмасудың бір жалпы жоғарғы белдемі бөлінеді.
Гипергенез белдемінің құрамы мен құрылымында
топырақты жамылғының алуан түрлі генетикалық типтері, мору
қыртысы жəне тотығу белдемі, механикалық жəне химиялық
шөгінділер, аккумуляцияның биогендік өнімдері, геохимиялық
ландшафтар жəне олармен байланысты химиялық элементтер
ерекше маңызды рөлге ие болады.
Гипергенез белдемімен бокситтің, каолиндердің, темірдің,
марганецтің, никельдің, кобальттың, сирек элементтердің ірі
кенорындары байланысты болады. Гипергенез белдемінде
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
91
əртүрлі ландшафтардың генетикалық жəне геохимиялық типтері
(белдемді, аймақтық, қарапайым) қалыптасады.
Геохимиялық ландшафт – бұл өзара байланысты жəне өзара
тəуелді табиғи факторлардың жəне процестердің кешендерімен
шартталған, химиялық элементтер миграциясының ерекшелік-
терімен өзгешелентін жер үстінің бір бөлікшесі. Мұнда негізгі
процестерге жерүсті жəне жерасты ағындар, топырақ шығару
процестері, биогенді аккумуляциялар жəне т.б. жатады.
Табиғи жағдайларда ландшафтар əртүрлі категориялармен
көрсетілген: үлкен белдемдермен (тайга, дала, шөл дала),
тектоникалық
жарылымдармен
жəне
бедер
мінезімен
сипатталған ірі облыстармен, жергілікті ареалдармен жəне т.б.
Топырақтың əртүрлі генетикалық типтері жəне əртүрлері
геохимиялық ландшафтарды өте жақсы көрсетеді, себебі
топырақтың біртектілігі нақты бір өсінділердің құрамына,
топырақ түзуші жыныстардың біртекті құрамына, нақты бір
макро- жəне микроклиматқа сəйкес келуі керек. Топырақтарда
жəне табиғи суларда белсенді миграцияланатын жəне сол
облыстағы, аудандағы жəне бөлікшедегі ландшафтың өзіне тəн
ерекше белгісін анықтайтын элементтер типоморфты деп
аталады. Негізгі типоморфты элементтерге жəне иондарға
мыналар жатады: Si, Al, Fe, H, Ca, Na, Mg, Cl, SO
4
жəне
басқалары. Бұлардың миграциялары ландшафтарда топыраққа,
табиғи суларға, өсінді жамылғыға өзінің таңбасын қояды жəне
ландшафтардың барлық мінездерін байланыстың мықты
себептерімен
байланыстырады.
Далалы
белдемдерде
ландшафтар үшін карбонаттар түзетін келесі элементтердің
тіркестері тəн - Ca, Mg, көмір қышқылы, аз дəрежеде - Na, Cl, H,
сульфатты анион. Шөл далалы белдемдердегі ландшафтарда
басты мигранттарға катиондар мен аниондар жатады. Олар
хлоритті, сульфатты, жəне аз дəрежеде карбонатты тұздардың
жаралуына алып келеді.
Ландшафтардың келесідей геохимиялық көрсеткіштері
бөлінеді:
1) Ландшафта жыл сайын өндірілетін (немесе туындайтын)
тірі заттардың саны;
2) Ландшафт құрамындағы тірі заттардың жалпы саны;
Я. К. Аршамов
92
3) Тірі заттың сапасы, яғни организмдердің жеке түрлерінің
жəне органогенді қосылыстардың ерекшеліктері (ақ уыздар,
көмірсулары, лигнин (көміртегіне мол органикалық зат) жəне т.б.);
4) Өлі органикалық қалдықтар ыдырауының интенсивтілігі;
5) Ландшафта жинақталатын өлі органикалық заттардың
(қарашірік, шымтезек жəне т.б.) саны жəне сапасы;
6)
Жыл
сайын
биологиялық
айналымға
түсетін
топырақтағы минералды элементтердің саны;
7) Биологиялық жұтылудың қатарлары (элементтерді
жұтуға организмдердің таңдау қабілеттері);
8) Элементтер миграциясының коэфициенттері;
9) Типоморфты химиялық элементтер жəне иондар;
10) Табиғи сулардың геохимиялық ерекшеліктері;
11) Топырақтарда немесе морылу қыртысында жинақталатын
минералды қосылыстар;
12) Топырақтың, тұнбаның, морылу қыртысының маңызды
ауыстырушы катиондары;
13) Сирек жəне шашыранды элементтер;
14) Кеңістікте жəне уақытта ландшафтардың геохимиялық
кереғарлығы (карама-қарсылығы) жəне геохимиялық түйіндесулер.
Осы геохимиялық көрсеткіштердің жиынтығы азды-көпті:
1) нақты бір ландшафтағы элементтердің жəне олардың
қосылыстарының құрамы жайлы;
2) ландшафтарда, морылу қыртыстарында элементтердің
миграциясы, шашырауы жəне концентрациясы жайлы;
3) организмдердің биологиялық жəне биогеохимиялық
белсенділігі жайлы;
4) геохимиялық процестердің, содан кейін геохимиялық
іздеулердің тенденциясы жəне бағыттылығы жайлы толық
көріністерді бере алады.
Ландшафтардың 3 негізгі типтері бөлінеді:
- арапайым (элементарлы) ландшафт
- геохимиялы ландшафт
- тос ауыларалы ландшафт
&арапайым ландшафт (Б. Б. Полынов бойынша) «ол бір
таужыныстан немесе тасындыдан құралған жəне өзінің əрбір
тіршілік ету сəтінде өсімдік қоғамдармен көмкерілген нақты бір
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
93
бедерді сипаттайды. Осы барлық жағдайлар топырақтың нақты
айырмашылығын құрайды жəне қарапайым ландшафтағы
таужыныстар мен организмдер арасындағы арақатынастардың
бірдей екенін дəлелдейді». Қарапайым ландшафтың бір ерекшелігі
олардың таралу алаңын шектейтін ішкі себептердің жоқтығы.
Яғни, сордың дағын қарапайым ландшафт деуге болады, ал
батпақты төмпешіктерді жəне құмырсқаның илеуін қарапайым
ландшафт деуге болмайды. Бірдей қарапайым ландшафтарда ұқсас
геоморфологиялық шарттар, топырақтың бірдей түрлері, бірдей
тақырлар, грунтты сулардың бірдей құрамы, бірдей топырақ
төсеуші түбірлік таужыныстар болуы керек.
Қарапайым ландшафтарды сипаттау үшін ашылу алаңы
жəне ландшафт қалыңдығы деген түсініктер қолданылады.
Ашылу алаңы деп қарапайым ландшафтың барлық бөлігі
көрсетілген алаңды айтамыз. Ал ландшафтың қалыңдығы
топосферадағы шаңның таралу белдемінен грунтты сулар
горизонтының арасындағы қашықтықпен анықталады. Тік
бағытта қарапайым ландшафтар бір текті емес жəне жеке
ярустарға бөлінеді. Олардың негізгілеріне – жер беті тірі
заттардың, топырақтардың, аналық таужыныстары бар топырақ
төсеуші
морылу
қыртыстарының
ярустары
бөлінетін
ландшафтың жер бетіндегі бөлігі жатады (7.1-сурет).
7.1-сурет. Орманды (а) жəне батпақты (б) ландшафтардың тік кескіні:
1 –ландшафты. жер беті б0лігі; 2 – топыра ; 3 – сулы горизонт;
4 – мору ыртысы, т1бірлік таужыныстар
Я. К. Аршамов
94
Достарыңызбен бөлісу: |