Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Алғашқы ореолдардың өнімділігі



Pdf көрінісі
бет46/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

8.4. Алғашқы ореолдардың өнімділігі 
 
Алғашқы ореолдардың өнімділігі ореол көлемінің 
химиялық 
элементтің 
фондық 
мөлшеріне 
туындысы 
(көбейтіндісі) ретінде есептеледі. Алғашқы ореолдардың 
маңызды параметріне оның сызықты өнімділігі жатады. 
Сызықты өнімділік деп сынамалау сызығы (профилі) бойымен 
ореолдағы металдың санын айтамыз. Осы көрсеткішті ұңғыма 
бойынша, канава жəне тау қазылымдар бойынша тұрақты 
сынамалау қадамы кезінде нақты горизонт (қима) үшін келесі 
формуламен анықтайды: 
М = ∆х (∑ Сх – n Cф) 
 
м%нда, ∆хсынама алу қадамы, яғни іздеу профиліндегі 
сынама алу нүктелерінің арасындағы қашықтық; 
Сх – сынамалау нүктелеріндегі элемент мөлшерінің мəні; 
Cф – элементтің фондық мөлшерінің шамасы; 
n – қарастырылып отырған ореолға кіретін аномалды 
сынамалардың саны немесе бақылаулар саны. 
 


Я. К. Аршамов 
 
114 
9. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙТА 
ТҮЗІЛГЕН ШАШЫРАУ ОРЕОЛДАРЫ 
 
9.1. Шашырау ореолдары қалыптасуының жалпы
заңдылықтары 
 
Өзінің генетикалық типіне жəне пайдалы қазбалардың түріне 
тəуелсіз əрбір кенорны өзінің қалыптасуынан кейін оны құрайтын 
компоненттердің қайта бөлінуіне (миграциясына) алып келетін 
сыртқы агенттердің əсеріне ұшырайды. Морылу жəне денудация 
процестерінің өзара əрекеттесуі нəтижесінде бұрын қалыптасқан 
кенорындарының шашырауы жəне біртіндеп жойылуы жалпылама 
болып келеді. Тік құлаған шоғырлардың жоғарғы горизонттары 
гипергенез белдемінде бұзылып, əртүрлі физика-химиялық 
өзгерістерге ұшырайды, жəне пайдалы қазбалар сыйыстырушы 
таужыныстардың морылу өнімдерімен араласады.
Кенорындарға іргелес орналасқан кен шоғырының пайдалы 
жəне қосымша компоненттерінің жоғары мөлшерімен, яғни 
сыйыстырушы таужыныстарында, пайдалы қазбаның жоғары 
мөлшері жəне оның төменгі фондық мөлшерінің арасындағы 
аралық мəндермен сипатталатын белдемді айта т1зілген 
шашырау ореолдары деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет