Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері  125



Pdf көрінісі
бет50/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
125 
 
 
9.6-сурет. Көмбеленген қалдықты шашырау ореолы. 
А. Н. Еремеев жəне А. П. Соловов бойынша. 
1 – сазда тар; 2 – мору ыртысы; 3 – кенсыйыстырушы гранитоидтар; 
4 – уа талу (1гілу) белдемі; 5 –шартты бірліктердегі рудалы элементті. 
изоконцентраттары; 6 – іздеу %.ғымалары; 7 – барлау %.ғымалары;
8 – іздеу ж%мыстарыны. к0рнекі горизонты 
 
Морылу кыртысының тік бағытты қимасында көмбеленген 
ореолдар кен денелердің жатыс элементтерін жəне палеоағынның 
бағытын анықтайтын саңырауқұлақ тəрізді, көбінесе ассиметрлі 
пішінге ие болады (9.6-сурет). 
Бұл ореолдар іздеудің өкілетті горизонты болып келетін мору 
қыртысының шұбартүсті деңгейінде өзінің максималды алаңдық 
дамуына ие болады. Мору қыртысын жауып ореолдарда осы типті 
ореолдар бақыланбайды. Осындай көмбеленген қалдықты 
шашырау ореолдарының туындауы жабық жазықты аудандарда 
тереңдікті литогеохимиялық іздеулердің əдістемесін жасауды 
алдын ала айқындаған. 
Жетінші тип. Көмбеленген үстемеленген шашырау ореолдары, 
өз кезегінде, қазіргі ашық үстемеленген ореолдардың (тип III) 
палеогеографиялық аналогы болып келеді, олар өз кезегінде кеш 
шөгінділермен қайта жабылған. 


Я. К. Аршамов 
 
126 
9.3. Литогеохимиялық шашырау ағындары 
 
Жаралуы жəне негізгі ерекшеліктері. Құрлықтан қатты, 
сұйық жəне газ тəрізді ағыстар жолында пайда болатын, кейіннен 
шоғырдың құнды жəне қосымша компоненттерінің аномалды 
мөлшерлерінің кемуімен сипатталатын кен шоғырларындағы 
компоненттердің жоғары мөлшерлі облыстарын кенорындардың 
шашырау ағындары деп аталады. 
В. В. Поликарпочкин бойынша (1975) “баурайлардың 
жиынтығын қамтитын алаптар бойынша өзендік тасымалдану 
нəтижесінде, сонымен қатар кеңістіктегі атмосфералық жəне 
мұздықтық 
тасымалдануда 
қалыптасатын 
жаралымдар” 
құрлықтағы шашырау ағындарына жатады.
Қайта түзілген ореолдардың денудациясы нəтижесінде 
литогеохимиялық шашырау ағындары дамиды. А. П. Соловов 
бойынша олардың жаралуының негізгі механизміне динамикалық 
тепе-теңдік сатысында тұратын су ағынымен қайта бөлінетін 
мору өнімдерінің жазықтықты шайылуы жатады. 
Литогеохимиялық шашырау ағындарын - денудациямен 
бұзылған жер беті суларымен бедердің төмендеген жағына 
қарай тасымалданатын таужыныстардың массасы деп түсінуге 
болады. 
Құрлықты құрайтын жер қыртысының бір бөлігі, Жердің 
геологиялық даму тарихының барлық сатыларында пайдалы 
қазба кенорындарының гипергенді шашырау алаңдарын 
қалыптастырып, өзара байланысқан морылу жəне денудация 
процестері дамуының аренасы болған. Бұл процестер іздеу 
практикасына маңызды кенорындардың қайта түзілген 
литогеохимиялық ореолдарының жəне шашырау ағындарының 
дамуын анықтайды. Денудациялық процестердің масштабы 
(шөгінді жиналу белдеміне морылу өнімдерінің тасымалдануы) 
геологияның, физикалық географияның жəне гидрологияның 
көптеген мəліметтерімен сипатталады.
Жер бетінің бедері үзіліссіз қайта құрылады. Жер бетінің 
бедерін құрайтын күштер өзінің табиғаты бойынша əртүрлі – 
бұл жерде болатын ішкі процестер – блоктардың орын 
ауыстыруы, тектоникалық процестер жəне сыртқы күштер –


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
127 
бөлшектейтін, бұзатын заттар жəне оларды ойпаттарда 
жинайтын – жел, су жəне күн энергиясы.
Құрлық бетіне жыл сайын буға айналуға қарағанда 
атмосфералық жауын-шашын түрінде 36 мың км
3
көп су түседі. 
Атмосфералық жауын-шашындардың ағыстары құрлықтың 
денудациялануына алып келеді. Теңіздер мен мұхиттарға 
құйыла отырып, бұл сулар жыл сайын 20 млрд. т қатты 
шөгінділерді жəне 2,5 млрд. т еріген тұздарды шығарады. 
Механикалық тасымалдану айқын басым болғандықтан, 
шашырау ағындарын зерттеу кезінде ағындардың қатты 
фазасын (əдетте лайлы-сазды фракция) сынамалау біршама 
ақпаратты болады. 
Шашырау ағындарының қоректенуі төрт жол арқылы 
жүзеге асады: 
1) механикалық қайта түзілген ореолдар материалдарының 
баурайлардан түсуі, шайылуы жəне опырылуы нəтижесінде; 
2) материалдардың еріген күйінде бүйірлік баурайлардың 
жерасты жəне жерүсті суларымен тасымалдануы арқылы; 
3) өрлеме миграцияның тұзды жəне газды ореолдары 
арқылы; 
4) түбірлік таужыныстардың жəне рудалардың тікелей 
шайылу нəтижесінде. 
Жер шарының өзендері қатты заттардың көп мөлшерін 
жұқа заттар жəне тасынды түрінде тасымалдайды. Оларды 
«қатты ағыстар» деп атайды.
Пайдалы қазба кенорындарының литогеохимиялық 
шашырау 
ағындарының 
жаралуы 
морылу 
өнімдерінің 
гравитация күштерімен бедердің төмендеген жағына қарай жəне 
шөгінді жиналу белдеміне қарай заңды орналасуы нəтижесінде 
құрлық бетінде тірі күштің əсерінен жəне судың еріткіш 
қасиетінің əсерінен пайда болады (9.7-сурет). 
Шашырау 
ағындарының 
негізгі 
морфологиялық 
ерекшеліктеріне олардың сызы тылығы, яғни ұзындығының 
енінен жəне ағынның қалыңдығынан артық болуы жатады. 
Кенорындарды іздеу кезінде қолданылатын көптеген шашырау 
ағындары құрлықтағы сулы ағыстармен байланысты. Шартты 
түрде оларды механикалы , т%зды жəне аралас деп бөлуге 
болады. 


Я. К. Аршамов 
 
128 
9.7-сурет. Гипергенді шашырау алаңының (өрісінің) блок-диаграммасы: 
1– элювий-делювий, 2 – аллювий, 3 – кен денесі жəне оны. алғаш ы 
ореолы, 4 – кен кіріктіруші таужыныстар, 5 – морылу 0німдеріндегі 
кенді элементтерді. аномалды м0лшерлеріні. контуры, 0зен суында 
жəне 0сімдіктерде, 6 – ағысты. бағыты 
 
Жеке механикалы шашырау ағындары іс жүзінде сирек 
кездеседі, себебі олар əрқашан тұзды шашырау ағындарымен бірге 
ұшырасады. Бірақ іздеу жұмыстары кезінде кейде тек қана 
механикалық құрамдас бөлігін қарастыруға тура келеді. Бұл 
кенорындарды іздеудің көне əдісі болып келетін, яғни шлихті іздеу 
кезінде жүзеге асады. Бұл əдіс тек қана тығыздығы бойынша 
шлихтарда концентрациялануға қабілеті бар, моруға жəне 
ұнтақталуға тұрақты минералдардан тұратын кенорындарды іздеуде 
қолданылады. 
Т%зды литогеохимиялы шашырау ағындары индикатор-
элементтердің ерігіш қосылыстарының миграциясы жəне борпылдақ 
жаралымдарда шөгінделуі есебінен жаралады. Тұзды ағындардың 
қалыптасуы кезінде үлкен маңызға сорбция (жұтылу) құбылысы ие 
болады. Механикалық құрамдас бөлігі басым болатын аралас 
механикалық жəне тұзды ағындар кең таралған.
Индикатор-элементтер (олардың əртүрлі қосылыстары) 
шашырау ағынына бұзылып жатқан кен денесінен жəне оны 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
129 
қоршаған алғашқы ореолдан, сонымен қатар қайта түзілген 
лито- жəне гидрогеохимиялық шашырау ореолдарынан түсуі 
мүмкін. Алғашқы жағдайда əдетте механикалық, сонымен қатар 
механикалық құрамдас бөлігі басым болатын аралас шашырау 
ағындары жаралады. 
Қайта түзілген ореолдардың, əсіресе үстемеленген жəне жер 
бетінен шаймаланған ореолдардың бұзылуы кезінде тұзды ағындар 
басым болып келеді. Олар жəне де грунт суларының жеңілденуі 
кезінде жаралады, бұл жағдайда пайдалы қазба денесімен немесе 
оның 
алғашқы 
жəне 
қайта 
түзілген 
литогеохимиялық 
ореолдарымен ешқандай байланысы жоқ үзілген (жұлынған) 
литогеохимиялық ағындар туындайды. Шашырау ағындарының 
үзілгендігі 
индикатор-элементтердің 
миграциясы 
өтетін 
баурайлардың морфологиялық ерекшеліктерімен байланысты 
болуы мүмкін. Баурай ауқымында А. П. Соловов бойынша келесі 
бөлікшелерді бөлуге болады (9.8-сурет): жазық суайрық (1); дөңес 
баурай (2); жазық баурай (3); иілген (батыңқы) баурай (4); алқап 
(5). Осы бөлікшелерді өлшемдері жалпы баурайдың өлшеміне 
байланысты болады жəне алқаптың көлденең профиліне, яғни 
оның даму сатысына байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет