Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет63/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
157 
- қайта түзілген шашырау ореолдарының жəне кен 
денелерінің құрамына жəне орналасуына байланысты, борпылдақ 
шөгінділердің қалыңдығына жəне ландшафты-геохимиялық 
жағдайларға 
байланысты 
биогеохимиялық 
ореолдардың 
морфологиялық жəне биогеохимиялық ерекшеліктерін анықтау; 
- нақты ландшафты-геохимиялық жағдайларда сынамаға 
негізгі өсімдіктерді алу кезіндегі əдістің тереңділігін анықтау; 
- биогеохимиялық іздеулер нəтижелерін литогеохимиялық 
іздеулердің нəтижелерімен салыстыру; 
- əртүрлі ландшафты-геохимиялық жағдайларда өсіп 
жетілетін өсімдіктердегі негізгі индикатор-элементтердің 
таралуындағы əркелкілікті анықтау. 
Биогеохимиялық зерттеулерді жүргізу кезінде сынамалау 
торабы, профильдердің бағыты жəне жұмыстардың масштабын 
ірілету реттілігі қайта түзілген шашырау ореолдары бойынша 
литогеохимиялық іздеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай 
болуы керек. Өсімдіктің бір түрі профиль бойынша үнемі кем 
дегенде 5 нүкте бойынша сынамалануы қажет. Шөпті 
өсімдіктерді сынамалау кезінде топырақтың бөлшектерімен 
кірленген тамыр маңындағы жапырақтардан басқа сынамаға 
барлық жер беті бөлігі толығымен алынады. Көп жылғы 
бұталарды жəне ағаштарды сынамалаған кезде сынамаға 
өсімдіктердің үнемі тек қана бір бөлігін алған дұрыс болады. 
Яғни, бұтақтардан жəне жапырақты ағаштардан сынамаға 
олардың жапырақтарын алған дұрыс, ал тікенекті ағаштардан – 
соңғы жылда өскен бөлігін тікенектерімен бірге алады.
Сынамаларды алған кезде міндетті түрде пайдалы қазба 
кенорнын анықтауға мүмкіндік беретін ботаникалық белгілеріне 
көңіл бөлінуі керек. Мұндай белгілерге мыналар кіреді: 
өсімдіктердің физиологиялық жəне морфологиялық өзгерулері; 
жергілікті жəне əмбебап индикатор-өсімдіктердің пайда болуы; 
өсімдік ассоциацияларының өзгеруі; өсімдіктердің даму 
ырғағындағы елеулі ауытқулар; өсімдіктерге əсер ететін 
қысымның белгілері немесе өсімдіктердің жоқ болуы. 
Қазіргі таңда биогеохимиялық іздеу жұмыстарын жүргізу 
барысында 
элементтер 
жұтылуының 
биологиялық 
тосқауылдарына, 
соның 
ішінде 
«тосқауылды» 
жəне 
«тосқауылсыз» өсімдіктерге көңіл бөліне бастады. Көптеген 


Я. К. Аршамов 
 
158 
онмыңдаған биогеохимиялық сынамаларды талдауларды зерттеу 
арқылы металдар жинақталатын физиологиялық тосқауыл
өсімдіктер нақты ландшафт жағдайында элементтердің 
өсімдіктердегі аномалды мөлшерлерінен жоғары болатын үлесін 
алғаннан кейін өзінің жұмысын бастайды. Бірақ осыған 
байланысты тағы бір ескеретін мəселе, іздеу жұмыстары кезінде 
əрбір геохимиялық ландшафтарда əрбір өсімдік үшін элементтің 
фондық жəне аномалды мөлшерлерін анықтау қажет болады. 
Биогеохимиялық сынамалар арапайым (тек қана бір 
ағаштың немесе бұтақтың бір шөпті өсімдігі немесе оның бір 
нақты бөлігі ғана алынады) жəне %рамды болып бөлінеді. 
Құрама сынамаларға өсімдіктің бір түрі ғана (немесе оның бір 
нақты бөлігі) алынады, бірақ ауданы 10 м
2
болатын ауданнан 
алынады. Құрама сынамаларды алу аймақтық жəне орта 
масштабты 
зерттеулер 
кезінде 
алған 
дұрыс 
болады. 
Сынамалардың салмағы тəжірибелік жұмыстарды жүргізгеннен 
кейін белгілі болады. Алайда, ол шама 20 г, кейде 100-400 г 
аспайды. Сынамаларды алумен қатар дала кітапшасына оларды 
міндетті түрде құжаттау жұмыстары жүргізіледі. Құжаттағанда 
келесі мəліметтер міндетті түрде жазылуы керек: сынаманы 
алған орны, сынамаланған өсімдік түрі жəне оның алған бөлігі, 
фенофазасы жəне халықтық атауы. Сонымен қатар жауын-
шашын кезеңі жəне онық қарқындылығын көрсету керек.
Биогеохимиялық іздеу əдісі келесі ландшафты-геохимиялық 
жəне климаттық белдемдерде жүргізген тиімді болады: 
1) баяу денудациялы гумидті белдемде, егер элювий-
делювий шөгінділерінен жəне морылу қыртысынан индикатор-
элементтердің шаймалануы кең дамыған болса; 
2) гумидті жəне біркелкі ылғалды белдемдерде, егер қайта 
түзілген литогеохимиялық ореолдар қалыңдығы 40 м, ал кейбір 
жағдайларда 80 м болатын шөгінділермен көмкерілген болса; 
3) батпақты жазықтарда жəне шымтезекті батпақтарда, 
егер потенциалды кенсыйыстырушы түбірлік таужыныстар аз 
тереңдікте (2-10 м) орналасқан болса; 
4) түгелдей мүкті жамылғымен жабылған бөлікшелерде
егер литогеохимиялық сынамаларды алу қиын болса жəне үлкен 
шығындарды қажет етсе; 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
159 
5) өсімдікті жамылғымен жəне жоғарғы шекарасы жер 
бетінен 1 м тереңдікте орналасқан соқыр литогеохимиялық 
шашырау ореолымен жабылған бөлікшелерде; 
6) ірі кесекті шөгінділермен жəне өсіп кеткен ағаштар жəне
бұталармен жабындалған бөлікшелерде; 
7) батпақты жерлерде (олар қатып қалған жағдайда жəне 
қыс мезгілінде сынамаларды алуға мүмкін болғанда). 
Осыған сəйкес биогеохимиялық іздеу жұмыстарын келесі 
жағдайларда жүргізген орынсыз болады: 
1) алғашқы жəне қайта түзілген ореолдар ашылып жатқан 
белсенді денудацияланатын аудандарда; 
2) алғашқы жəне қайта түзілген ореолдар өсімдіктердің 
тамырлы жүйелеріне жетпейтін тереңдіктерде орналасқанда; 
3) тосқауылсыз өсімдік түрлері жоқ аудандарда; 
4) қиын ерігіш ірі кристалдар құрамына кірген жəне 
өсімдіктердің жету аясынан тысқары орналасқан индикатор-
элементтері бар рудаларды іздеу кезінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет