Я. К. Аршамов
18
- минералды түрі, яғни жеке минерал түрінде;
- минералсыз түрі.
Элементтердің минералсыз түрде кездесуінің мысалына
теңіз суын жатқызуға болады. Теңіз суында еріген күйінде
барлық
химиялық элементтер кездеседі, бірақ жеке минерал
күйінде (сұйық күйінде) тек Н
2
О болады.
2.2-сурет. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің орташа
мөлшерлері. А. П. Виноградов бойынша
Элементтер кездесуінің минералсыз түрі литосферада өте
аз тараған, бірақ ол əртүрлі геологиялық
процестерде біршама
маңызды рөлді атқарады. Ал Жер биосферасындағы
элементтермен алмасу тек қана осы түрде жүзеге асады.
Элементтердің минералсыз күйде кездесуінің негізгі
түрлеріне төмендегілер жатады:
- қожайын-минералдың кристалдық
торына элементтің
изоморфты
кірігуі
(изовалентті
немесе
гетеровалентті
изоморфизм);
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
19
- басқа минералдарда элементтердің субмикроскопты
тұтқын-минералдар түрінде кездесуі;
- минералдардың кристалдық торының ақауында кездесуі;
- квазигаз тəрізді, яғни бір элементтің басқа элементте
əралуан түрде кездесуі.
2.4. Элементтердің шашыраңқы күйінің
концентрацияланған күйіне қарағанда басым
болу заңы
Егер химиялық элементтің сынамаланған таужыныстардағы
мөлшері жер қыртысындағы кларк (бұл терминді геохимияға
А. Е.
Ферсман енгізген, элемент мөлшерінің бірлік өлшемі
америка геохимигі Ф. У. Кларктың құрметіне аталған) деп
аталатын орташа мөлшерінен азғантай ерекшеленетін болса,
онда химиялық элемент шашыраңқы күйінде
болады деп
есептеледі.
Химиялық элементтің кларкы – бұл нақты геохимиялық
жүйедегі химиялық элементтің саны. Мысалы, сол жүйедегі
жалпы салмағына, көлеміне
немесе атом санына жер
қыртысында немесе жер шарында пайызбен көрсетілген саны.
Кларктың келесі түрлері болады:
- салмақтық түрі, яғни геохимиялық жүйедегі
барлық
атомдардың жалпы салмағына қарағанда пайызбен берілген
химиялық элементтің салмағы;
- көлемдік түрі, яғни геохимиялық жүйедегі барлық
атомдардың жалпы салмағына қарағанда қажет элементтің
атомдарының көлемі;
- атомдық түрі, яғни геохимиялық жүйедегі барлық
атомдардың жалпы салмағына қарағанда
пайызбен көрсетілген
қажет элементтің атомдарының саны.
Аталған кларктар минералды заттарды талдаудың
жетілуіне қарай жүйелі түрде қайта есептеліп отырады.
Сидерофильді элементтердің басым көпшілігі табиғатта
шашыраңқы күйінде кездеседі. Ол Н. И. Сафронов құрастырған
келесі кестеде көрсетілген.
Я. К. Аршамов
20
2.2-кесте
Литосферада кездесетін металдардың ресурстары
Металл
А. П. Виноградов
(1950) бойынша
литосферадағы
кларкы, салм, %
Литосфераның
1 км
3
ресурстары
Кенорынның
өлшемдері
Fe
Cu
Pb
Zn
Ni
Co
Sn
W
Mo
Hg
Au
4,65
1х10
-3
1,6х10
-3
5х10
-3
8х10
-3
3х10
-3
4х10
-3
1х10
-3
3х10
-3
7х10
-3
5х10
-3
149 000 000
27 000
45 000
140 000
224 000
83 000
112 000
2 800
8 400
195
14
Орташа
Орташа
Ұсақ
Ұсақ
Орташа
Теңдесі жоқ
Ірі
Ұсақ
Ұсақ
Ұсақ
Орташа
Достарыңызбен бөлісу: